Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 01 Апрель 2022 11:51

564 жанұяға көмек

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін Зекет және қайырымдылық қоры игі мақсаттағы жұмыстарының ақпаратын ұсынады.

ҚМДБ қызметінің бір тармағы қайрымдылық істерін жүргізу. Алла тағалаға сансыз шүкір жарқын істерін одан әрі жалғасын табуда.

Жалпы осы өткен наурыз айында облыс бойынша 39 қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 564 жанұяға көмек көрсетілді.

Осы мақсатта жалпы алғанда 2 млн. 506 мың 366 теңге қаржы «Қайырымды жұма», «Қолдан қолға», «Тайқазан», «Жетім көрсең жебей жүр», «Алтын құрсақты анаға тосын сый» атты шараларға жұмсалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Апрель 2022 10:00

Бас имам қала әкімімен жүздесті

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы қасиетті Рамазан айының қарсаңында жаңадан тағайындалған Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевпен кездесті.

Бас имам шаһар басшысын жауапты қызметімен құттықтап, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жарық көрген «Ихсан» кітабын тарту етті.

Жүздесу барысында белгілі дін қайраткері өңірдегі қазіргі діни ахуал жайлы айтты. Әкімге алдағы барлық игілікті істеріне толағай табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Апрель 2022 09:54

Жітіқара мешітіндегі басқосу

Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде маңызды жиын болып өтті. Оған ауданға қарасты елді-мекендердің имам-молдалары қатысты.

Бас имам Айбек Қабиев алдағы қасиетті Рамазан айында ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, оны үлкен абыроймен өткізу қажеттігін айтты. Халықпен қоян-қолтық араласып, сапалы қызмет ету міндет екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, басқосуда имам-молдаларға жергілікті уақытқа сәйкес жасалған Ораза кестесі таратылды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 31 Март 2022 17:12

РАНТ мүшесі Қостанайда

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов арнайы іс-сапармен Қостанай облысына келді.

Ол бұл сапарын облыстық мешітте өңірдегі ЖАНТ мүшелерімен кездесуден бастады. Елімізге белгілі дін қайраткері жиналғандарға «Жат ағымның алдын-алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Сондай-ақ, жергілікті қауымға «Пәтуа шығарудың үкімі мен жауапкершілігі туралы» кеңінен әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником