Қостанай облысы, Арқалық қаласы. Фурманов ауылы «Тәубе» зәбия мешіті. Ленин көшесі № 9/1. Жаңа құрылыс 2008 жылдың мамыр айында басталды. 2008 жылдың желтоқсанда аяқталды. Жалпы құрылыс көлемі -0,140кв.м. Қабат саны-.Жалпы көлемі алаңымен 0,164 кв.м. Мешіт ғимаратының көлемі -374м2 Сыйымдылығы-170 адам. Мешіт ғимараты сары кірпіштен салынған. Сырты қарапайым жасалған мешіт іші көк турецттік паласпен жабдықталған. Мешіттің күмбезі жоқ. Мешіт мұнарасы біреу,биіктігі -9м. Қосалқы ғимарат жоқ.
Лисаков қаласындағы мешіт орналасқан ғимарат 1991 жылы салынған.Оны осындағы «Қоржынкөл» Рудный құрылыс ұжымы тұрғызды. Мұнда бұрын аула клубы,компьютерлер орталығы және тұрмыстық қызмет үйі болғанды. Ғимарат 1999 жылы сатып алынып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Үстіне күмбез және екі мұнара орнатылды. Сөйтіп мешіт 2000 жылдың 24 мамырында қала мұсылмандарына есігін айқара ашты. Мешіт 200 орындық.
«Сейтжан Бекшентайұлы» мешіті Қамысты ауданының орталығы Қамысты кентінде. Аудандық мешіт қызметін атқарған ғибадатхана облыстағы өзге мешіттерге қарағанда өзіндік сәулет өнері үлгісімен ерекшеленеді. Мешіт құрылысы 1992 жылы басталғанмен, 1998 жылғы ғана бітті. 100 адамға арналған мешіт төрт мұнаралы. Алдыңғы екеуінің биіктігі 17, артқы екеуі 11 метр. Күмбезінің биіктігі 9 метр. Мешіт 5200 шаршы метр аумақты алып жатыр. Мешіт силикат сұрғылттау кірпіштен, ал мұнаралары қызғылт, аркалы үлгімен салынған терезелері көз тартарлық. Төрт мұнарасымен күмбезінің ұшар басындағы ай да жұрт назарын аударып, алыстан мен-мұндалайды.
Қызылорда, Қостанай өңіріне танымал ақын, дін білімпазы Сейітжан Бекшентайұлы (1875-1938) атымен аталатын Алланың үйі ашылғаннан бастап халықты имандылыққа ұйытып, діни-руханият саласы бойынша бірқатар игілікті іс-шаралар атқарды.
Қарабатыр мешіті, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылында орналасқан. 1993 жылы пайдалануға берілді. Содан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Мешіт кең және жарық. Орталық жылу жүйесімен жылытылады. Сыйымдылығы – 50 адам. Қабылдау бөлмесі, намазхана, дәрісхана, дәретхана бөлмелерінен тұрады. Мешіттің жыл сайынғы жөндеу жұмысы агрофирманың директоры Ж.К. Құдайқұловтың демеушілігімен жүзеге асады.
Мешітте күнделікті бес уақыт намаз, жұма намаздарынан басқа құрбан айт, ораза айт, неке қию рәсімі, нәрестеге азан шақырып, ат қою т.б. діни рәсімдердің барлығы өтеді.
Қарасу аудандық мешітін салу жөніндегі мұсылман кауымының бастамасы 1991 жылдың сәуірінде қолға алынды. Оны аудандық әкімшілік те қолдап, жиын өткізіп, мешіт құрылысына жәрдем беру туралы аудандық комитет құрылды. Комитет өз есеп-шотын ашып, халықтан мешіт құрылысына арнаған қаражат жиналды.
Құрылысы сол жылы-ақ басталғанымен, кейін қаражат тапшылығынан уақытша тоқтап, 1995жылы Әзімхан Тұрсынов басқаратын Қарасу жылжымалы механикаландырылған қолонна құрылысшыларының қажырлы еңбегі арқасында 1995 жылы салынып бітті. Осы жылдың 10 -қарашасында аудан ұсылмандарының көзайымына айналған бұл 200кісі сиятын, биіктігі 11 метр мұнарасы ары-бері өткендердің назарын аударатын осы бір киелі орынның салтанатты ашылуы болып өтті.
«Әмит ишан» мешіті облыс орталығы Қостанай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Киелі орынның құрылысы 1989 маусымда басталып, 1990 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Мешіт Әулиекөл, Науырзым және Қарасу аудандары халқының жинаған қаржысына салынды. Мешіттің салынуына Ташмұханбет Сүлейменов пен прораб Бейсен Жүсіпов айтарлықтай еңбек сіңірді.
Мешіттің іргетасы бетон, қабырғасы шлакоблоктан қаланды. Ал сырты селикат кірпішпен қапталды. Ғимараттың ені 12, ұзындығы 18 метр, күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Мешітте 14 терезе, екі есік бар. Ол келушілерге өте ыңғайлы. Мұндағы намаз оқиын залға 130 еркін сияды. Михрабы мен мінбері бар. Парасат ордасында касиетті Құран кәрімнің аяттары жазылып ілінген. Мешіттің жалпы жер көлемі 0,1987 гектар.
«Нүркей қажы» мешіті Амангелді ауданының Байғабыл ауылында. Мешіт арнайы салынбаған 1997 жылы мешітке берілген. Бұрынғы аптека. Мешіт жерінің жалпы көлемі 120м 2. Ғимараттың жалпы көлемі 100 м2. Сиымдылығы 30-40 адам. Мешіттің биіктігі 2,5, қарапайым түрде салынған. Мешітте күмбезі жоқ, мұнарасының биіктігі 4 метр
Денисов ауданындағы «Жұма» мешіті 1995 жылы салынды. Оның құрылысын бұрынғы Ордженикидзе ауданының 1485-ші жылжымалы механикаландырылған колоннасы жүргізді. Жобасын «Қостанай горсельпроект» мекемесі жасады.
Ғибадат үйінің сырты керамзитблок және қызыл кірпіштен өріліп салынған. Мұнара, күмбезінің диаметрі 4 метр. Жалпы ауданы 40х20. Парасат ордасы 150 орындық. Мешіт қабырғаларына Қағбатулланың суреті, « Фатиха», «Фалақ», «Нас» сүрелері және намаз уақыттары ілініп қойылған. Жұма мешітінің есігі қашанда мұсылмандар қауымына ашық.
Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті Тәтішевтер қаражатына салынды. Мешіт құрылысын «Кустанайские минералы» Акционерлік қоғамының құрылыс-жобасымен Жітіқара ауданының құрылыс бөлімі жүргізді.
Алла үйінің жалпы ауданы 455, пайдалы көлемі 280,5 шаршы метр. Мешіт 550 адамға арналған. Мұнда бес уақыт намаз оқитын үлкен зал, әйелдер залы және иътикаф ( мұсылманның жеке өзі Аллаға құлшылық ететін) бөлмесі, қыста киім шешетін орын бар. Барлық бөлмелерге кілемдер төселген, орталық үлкен залда Түркияда тоқылған бір түсті жайнамаз -кілемдер. Үлкен залды салмағы 100 кг, 35 шамы бар алып люстра жарықтандырып тұрады. Мешіт қабырғасының биіктігі 5,5 метр. Орталық есігінің айналасына қасиетті Құран аяттары, « Аятул күрси» жазылған мәрмәр плиталар орнатылған. Биіктігі 19,4 метр 1 мұнарасы мен 4 күмбезі бар. Ортадағы үлкен күмбездің биіктігі 13,3 метр, диаметрі 4,5 метр, ал қалған 4 күмбездің диаметрлері 1,5 метр. Мешіттің төменгі қабатында әйелдер намаз оқитын бөлме, жылу жүйесі, жарық беретін арнайы жабдықтар бар бөлмелер орналасқан.
«Қабдеш Ата» мешіті Сарыкөл ауданының орталығында. Құрылысы 2001 жылы басталып, сол жылдың 10 қарашасында пайдалануға берілді. Ол есімі берілген Қабдеш атаның 100 жасқа толуына дәлме-дәл келді. Мешіт медресені салдырған Қабдештің ұлы, сол өңірге белгілі кәсіпкер, бұл күндері марқұм Кенжебай Әренов. Ол ғибадатхананы өз қаржысына тұрғызды. Киелі орынды салдырмас бұрын Орта Азия, Өзбекстан және еліміздің Оңтүстік өңірін аралап көріп, көңіліне түйді. Кейбір құрылыс материалдарын сол жақтардан арнайы алдырды. Сондықтан бұл мешіт өзіндік ерекшелігімен дараланды. Ол сонадайдан мен мұндалап, көз жауын алады. 2001 жылы 10 қарашадағы оның ашылу салтанаты Сарыкөлдегі ұмытылмас оқиға ретінде көпшілік есінде қалды.Мешіттің ұзындығы 20,10, ені 18,20 метр ірге тастан шатырға дейінгі биіктігі 4,5 метр,күмбездің биіктігі 6,50, ал ірге тастан күмбездің биіктігі 11 метр, мұнара биіктігі 11,80, ені 3,10 метр. Мешіт 500 адамдық. Ол қазір көпшіліктің парасат ордасына айналды. Қабдеш Ата мешіт –мердресесі бір-біріне іргелес орналасқан. Медресенің ұзындығы 12,40, ені 15,50, биіктігі 4,20 метр.