Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қасиетті Рамазан айында Рудный қалалық «Нұр» мешітінде біршама қайырымдылық шаралары болып өтті. Осы бір сауаптар еселенетін айда жомарт азаматтардың тікелей ат салысуымен «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты шарасы ұйымдастырылды.

Бұл істе қаладағы күн көрісі төмен бірнеше отбасы таңдалып алынып, әр отбасына жарты қой етімен бірге ақшалай көмек көрсетілді.

Бас имам Сейіт Темірбекұлы әрбір шаңыраққа арнайы барып, демеушілердің аманатын жеткізіп, Рамазан айының ұлықтығы мен қадір-қасиетін түсіндіре отырып, әр отбасына ізгілік пен аман-саулық тіледі.

Демеушілердің ыстық ықыласына бөленген шаңырақ иелері оларға шынайы алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 27 Июнь 2016 16:38

Байқау жеңімпаздары анықталды

Оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді

Жуырда қасиетті Рамазан айында өңіріміздегі „Сарыкөл„ газеті мен „Аққозы қажы„ мешітінің ұйымдастыруымен „Бата – Құранның анасы, ердің данасы„ деп аталатын бата беруден сайыс өтті.

Жалпы, бата беру қазақтың ежелден мирас болып келе жатқан дәстүрі. Сондықтан осы мәдениетіміздің дәрежесін көтеру, әрі батагөй кісіні анықтау мақсатында ұйымдастырылған басқосудың орны ерекше. Осы сайыстың екінші бөлімінде „Жеті атасын білмеген жетесіз„ демекші, балалардың жеті аталарын білу жайы да сарапқа салынды.

Онда әділқазылар алқасының құрамында қарт ұстаз Қаду Сақауов, Орталық кітапхана директоры Солдат Дүтбаев,«Аққозы қажы» мешітінің бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық болды.

Осы сайыста бас имам Дәулетбай қажы Әбдіхалық «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбында уағыз айтты.

Жалпы, бұл шараға 42 адам қатысты. „Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар„ деген бар емес пе? Олардың ішінен ең біліктілері ғана топ жарды.

Байқаудың қорытындысы бойынша, Бас жүлдені Қоскөл ауылының молдасы Қайыр Шайсұлтанов жеңіп алды. Бірінші орынға Сарыкөл ауданының орталығынан Қалыбай Идрисов, екінші орынға Севастополь елді-мекенінен Әсмә Нұртазина, үшінші орынға Соналы және Ырыстомар ауылдарынан Қаппас Бекмағанбетов пен Жақсылық Минзарипов ие болды.

Бұл жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ жеті атасын айтуда ерекше көзге түскен 7 жасар Ибраһим Махмұт пен Даниал Исахметов және 13 жасар Анел Сәдуақасовалар көпшіліктің құрметіне бөленді. Оларға да мадақтау қағазы мен сыйлық табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде былай деген: «Мен жеті сүйекпен сәжде етуге бұйырылдым: маңдай (қолымен мұрнын да көрсетті), екі қол, екі тізе және екі аяқ ұшы...»[1].

Ендеше, сәжде жасағанда аяқты көтермей жерге қою – уәжіп. Мұны парыз дейтін Ханафи ғұламалары да бар[2].

Сондықтан:

1.Сәждеде аяқты көтеру – харамға жақын мәкрүһ[3]. Осыған орай, бір сәжде бойынша аяқтарын әдейге көтеріп тұрған адамның намазы бұзылады. Абайсызда көтеріп, кейін қайта жерге тигізіп жатса, оның зияны жоқ.

2.Сәждеде бір аяғын қойып, екіншісін көтеру де мәкрүһ. Алайда, жарақаты себепті көтерген жағдайда кешірім бар[4].

3.Сәждеде ең аз аяқтың бір саусақ ұшы жерге тиіп тұруы тиіс. (мысалы, басбармағының ұшы). Әйтсе де, сүннет бойынша, сәждеге барған адам башпайларын құбылаға қарата бүгеді[5]. Әбу Хумайд әс-Сағиди Пайғамбарымыздың сәжде жасау үлгісін түсіндіре келе: «...аяқтарының башпайларын құбылаға қарататын...»[6], – деген.

4.Сәждеде аяғының сыртқы жағын қоймайды[7].

5.Сәждеге барған кезде байқаусызда аяқ көтеріліп кетсе, намаз бұзылмайды. Тек маңдайын жерден көтермей жатып аяқты қайта жерге тигізіп үлгергені дұрыс. Өйткені, аяқтың жерге тиіп тұруы сәжденің толық қанды жасалуын қамтамасыз етеді.

[1] Сахих Бухари-№779 хадис. (Фатхуль Бари шархы)
[2] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтар - 3/329 бет; Қудури, Кәрһи, Жәссас сынды Ханафи ғалымдары сәжде де аяқты жерге қою парыз деген. Яғни, бұл пікірге қарағанда екі аяқ жерге қойылмаса сәжде жасаған болып есептелмейді. (Биная – 2/242 бет.)
[3] Бахрур раиқ – 1/556 бет.
[4] Фәтәуа әл-Хиндия –1/78 бет.
[5] Лүбәб – 1/70 бет.
[6] Фатхуль Бари шарху Сахих Бухари, №794 хадис түсіндірмесі.
[7] Бахрур раиқ – 1/556 бет.

Абдусамат Қасым

Сахабалардан кейін дін мәселелерінде мұсылмандарға көшбасшылық еткен ұлық имамдардың бірі Имам Мәликтің (р.а.) намазда қол байлау мәселесі төңірегінде айтқан үш түрлі пәтуасы бар:

1. Қолды нәпіл намаздарда байлауға рұқсат, ал парыз намазында қол байлау – мәкрүһ, яғни байланбайды. Бұл пәтуа - Имам Мәликтің шәкірті, ғалым Абдуррахман ибн Қасимнан жеткен (х.132-191 ж/м.750-806 ж.).

2. Парыз намазында да, нәпіл намаздарында да қол байлау – мубах. Бұл пәтуаны жеткізген - тағы бір шәкірті, ғалым Әшһәд ибн Абдулъазиз әл-Қиси (Х.140-204 ж.).

3. Парыз намазда да, нәпіл намазда да қол байлау – мустахаб. Бұл пәтуаны жеткізуші – тағы бір шәкірті, Имам Мәликтің жиені, ғалым Мутарриф ибн Абдулла (х.137-220 ж) [1] .

Дегенмен, Мәлики мәзхабында ең мәшһүр (көп тараған) пәтуа – біріншісі. Бұл пәтуаның да өзіндік сүйенген дәлелдері жоқ емес. Мамандардың зерттеулеріне қарағанда, Имам Мәлик бұл пәтуасында екі дәлелге сүйенеді:

Біріншісі – Пайғамбарымыздың хадистері.

Атап айтсақ, риуаяттарға қарағанда бір күні Сахаба Әбу Хәмид әс-Саъиди шамамен он сахабалардың арасында отырған кезінде (Оның арасында Әбу Қатада да бар) оларға қарап былай дейді:

- Мен сендерге Пайғамбарымыздың оқыған намазын үйретейін», - дейді. Сонда сахабалар оған:

- Неге? Уаллаһи, біз сенен де Пайғамбар жолына берікпіз және оның ең алғашқы сахабалары бізбіз – деді

- Әрине, солай – деп жауап берді Әбу Хамид.

- Түсіндір ендеше! – деді сахабалар. Сонда Әбу Хамид былай деп баяндап берді:

- Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазға тұрғанда, иық денгейіне келетіндей етіп қолдарын көтеріп, тәкпір айтатын. Әрбір дене мүшесі толықтай өз орнына келетін. Кейін, Құран оқыды. Артынан тәкбір алады да, қолын иық денгейіне дейін көтереді. Одан соң рукуғқа барады. Алақанымен тізесін ұстайды. Рукуғта басын салбыратпай және жоғары көтермей орташа ұстайды... – деп соңына дейін баяндап берген екен. Бұны естіген сахабалар:

- Дұрыс айттың, Пайғамбар солай оқыған еді – деп құптайды[2].

Аталмыш сахабаның тәптіштеп баян еткен намаз оқу үлгісінде «қолды байлау» деген сөз жоқ. Егер қолды байлау намаз оқудың бір бөлімі болғанда, сол жерде отырған он сахабаның тым құрығанда бірі: «Сен қолды байлауды ұмытып кеттің», - деп ескерту жасайтын еді. Ондай ескерту жасамастан: «Дұрыс айттың, Пайғамбар солай оқыған еді» деп растап отыр. Бұның өзі намазда қол байланбайтынына дәлел дейді Мәлики мәзхабы ғалымдары.

Екінші сүйенген дәлелі – Медине халқының амалы.

Имам Мәликтің қағидасы бойынша, Мединеде өмір сүрген сахабалар мен Имам Мәликтен бұрынғы Мединеде өмір сүрген ғалым табиғиндердің жасаған амалдары ахад хадистен бұрын тұрады. Өйткені, Пайғамбардың (с.а.у.) өмірінің соңғы шағында айтқан сөздері мен жасаған істеріне ең көп қанық болғандар – Мединелік сахабалар. Ендеше, қандай да бір мәселеде Мединелік сахабалар мен олардың шәкірттері болып табылатын Мединелік ғалым табиғиндер ахад хадиске теріс амал еткен болса, бұл олардың Пайғамбардан, өмірінің соңғы шағында солай айтқан сөзін естігендігінің яки істеген ісін көргендігінің белгісі.

Сондықтан болар, Мединелік жеті табиғин ғалымдардың бірі Саъид ибн Мусаяб намазда қолын байламайтын болған деседі деректерде.

Әйтсе де, Пайғамбарымыздың бірнеше хадиcтерінде намазда қол байлаудың сүннет екендігі ашық айтылған. Және осы ұстаным өзге үш мәзхаб ғалымдарының жолы. Осыны назарға ала отырып, Имам Мәликтен жеткен жоғарыдағы екінші және үшінші пәтуаларын негізге алған Мәлики ғалымдары да аз емес. Бірақ оның өзіндік шарты бар. Абдуррахман әл-Жәзири «әл-Фиқһу алял Мәзәхибил Арбағати» атты еңбегінде бұл жайында былай дейді:

«Мәлики мәзхабы ғалымдарының айтуы бойынша, намазда оң қол сол қол үстіне қойылып, оны көкіректен төмен, кіндіктен жоғарғы жерге орналастырады. Бұл сүннет емес, мәндуб амалына жатады. Бірақ оның қол байлаудауғы мақсаты «Пайғамбарымыздың сүннетін істеу» болуы тиіс. Осы жағдайда ғана «мәндуб (рұқсат)» болмақ. Ал егер, қолды байлаудағы мақсаты (қол талып кеткендіктен) сүйену, таяну болса, онда қол байлаудың қай түрі болмасын, ол - мәкрух... Бұл парыз намазына қатысты. Ал нәпіл (сүннет) намаздарында қолды байлау, адамның ниетіне мақсатына қаралмайды» [3].

[1] Шиһәбуддин әл-Қирафи – әз-Зүхайра: Китабус сала, бәбус сәдис.

[2] Ибн Мәжә - №1051; Тирмизи – Китабус сала, №304 хадис.

[3] Абдуррахман әл-Жаузи, әл-Фиқһу аля мәзәхибил арбағати», 1- том, 227 бет.

Абдусамат Қасым

Понедельник, 27 Июнь 2016 10:09

Ынсапты радикализм

2016 жылы маусым айының 5-і күні, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе қаласында қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Осының нәтижесінде бірнеше әскерилер мен азаматтық тұлғалар зардап шегіп, қаза тапты. 9-шы маусым елімізде Ұлттық Аза Тұту Күні болып жарияланды. Ресми ақпаратқа сәйкес, орын алған қанды қырғынға Исламдағы діни ағымдардың бірінің өкілдері – «ваххабиттер» деген атпен белгілі сәләфиттер жауапты болып шықты.

Қазіргі кезде бұл оқиғаға қатысты сан түрлі нұсқалар мен тұжырымдар жасалуда. Бұл кінәні басқаларға тағып, лаңкестік әрекеттің жауапкершілігін басқаларға аудара салу үшін кейбір сәләфиттердің де тарапынан қолдау тауып жатыр. Алайда, біз әр түрлі болжамдарды баяндап сөзді көбейтпейміз, тек ресми түрде айтылған пікірге ғана тоқталамыз.

Алдымен айта кететіні, осы кезге дейін біз бәрінің нақты анықтама беруден ұзақ уақыт бойы қашқақтап жүргенін таңданыспен бақылап келдік. Олар нақты сөйлеудің орнына «дәстүрлі емес діни ағым», «бізге жат идеология» және т.б. жалпылама және жалтарма сөздерді қолданып бақты. Біз осы қасиетті айда оларды әшкерелеуге қатты құмарттық демеймін, тек бұл бізге таңғаларлық жайт болды.

Мысалы, мәселе «Таблиғқа» (оның өкілдері өздерінің көптігіне және діни идеяларға деген адалдығына қарамастан, тіпті олар ресми түрде экстремистік деп танылғаннан кейін де шегінер жерлері қалмағандығына қарамастан, Қазақстанда бірде-бір лаңкестік әрекет жасаған жоқ) кеп тірелгенде, соларға қатысты кез келген жағымсыз жайтта аталмыш қозғалыстың атауы ешқандай қиындықсыз, мәймөңкелеместен, нақты аталып жүрді. Тіпті олар бүкіл дүниежүзінде осы күнге дейін бірде-бір лаңкестік жасамағандарына қарамастан. Олар жиһанкездер ретінде ғана белгілі: кейде дегеніне көндірмейінше ығырыңды шығаратын, кейде надан. Бірақ, олар лаңкестер емес, уағызшылар.

Дей тұрғанмен, факт бойынша, олар экстремист деп танылды және оларға Қазақстанда тыйым салынды, біз бұған қарсы шығып, терістейін деген ойымыз жоқ. Бізді таң қалдыратыны мынау: неліктен бірде-бір лаңкестік әрекет жасамаған қозғалыс экстремистік болып танылады да, Қазақстанда осымен бір емес, бінеше лаңкестік жасаған шынымен де оқшауланған қозғалыс рұқсат етілген болып қала беруде және өзінің сенімдерін елімізде емін-еркін насихаттауда?

Бұл сұрақ таблиғты рұқсат етсін деген мақсатпен қойылып отырған жоқ, таблиғ – үндеудің көптеген түрлерінің бірі ғана, онсыз дін жойылып кетпейді. Бұл жамағат жүз жылға да жетпейтін уақыт бұрын құрылған. Ал, Исламның пайда болғанына мың жарым жыл болып қалды және ол осы бейресми ұйым дүниеге келмей тұрып-ақ бүкіл әлемге тарап үлгерді.

Бұл сұрақтың қойылып отырған себебі, «жат идеологияларға» осындай сақтықпен қарап отырған ахуалда неліктен бізге әлдеқайда жат ағымға елімізде әлі күнге дейін рұқсат етіліп отыр, оның үстіне, сол ағымның ханафи мәзһабына, жалпы мәзһабқа еруге қарсы шығып, онымен қоймай, лаңкестік әрекеттерге баратындарын ескерер болсақ?

Бұл сұраққа, ең болмаса, жарым-жартылай жауап беру үшін көптеген қазақстандықтар біле бермейтін ақпаратты баяндай кету керек. Халықтың көпшілігі аса діндар болмағандықтан, бұл оларға қызық емес. Олар тек лаңкестік орын алған жағдайда ғана бұл мәселеге көңіл бөліп, зерттей бастайды.

Сол бейресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда сәләфиттік ағым өкілдерінің қазақстандық қоғамның барлық салаларында дерлік айтарлықтай ықпалды қамқоршылары бар екен. Олар саяси билік өкілдерінің арасында да бар деуден аулақпыз, өйткені, елімізде олай болуын елестетудің өзі қиын шығар, сірә. Булгаков кейіпкерінің сөзімен айтар болсақ: «Шынымен де Мәскеуде алаяқтар бар ма?» дегеннің кері.

Бірақ, олардың қамқоршылары кәсіпкерлердің, айтыскер ақындардың, шоу-бизнес өкілдерінің, әр түрлі қоғам қайраткерлерінің, тілшілердің, сарапшылардың, саясаттанушылардың және тағы да басқалардың арасында бар екендігі анық. Олар өздерін елдің алдында ашықтан-ашық сәләфит деп атамаса да, олардың сәләфит екендері шындық.

Бәлкім, Ақтөбедегі соңғы лаңкестік әрекеттерді кім жасағанын ұзақ уақыт бойы нақтылап айтпай, бұлыңғыр қалдыруға сол салалардағы қамқоршылардың септігі тиген шығар. Бірақ, кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестерді сәләфиттер деп атап, бұл дауға нүкте қойды.

Бұл сәләфиттердің бет-бейнесіне айтарлықтай ауыр соққы болды. Мадхалиттер мен суруриттер секілді сәләфиттер де, сарапшылардың, саясаткерлердің және тілшілердің тобы да сәләфиттердің бет-бейнесін сүттен ақ, судан таза қып сақтағылары келіп еді. Олар «сәләфиттердің барлығы экстремист емес, олардың бірқалыптылары және тәкфирит-хауаридж (яғни, қандай да бір адам немесе адамдар тобы жайлы тәкфір шығарушылар – оларды кәпір деп жариялаушылар) деген атпен белгілі бірқалыпты еместері де бар, лаңкестік әрекеттерді жасаушылар – солар. Ал, бірқалыпты сәләфиттер лаңкестік әрекеттерге қарсы және мемлекеттік билікті, әсіресе, Елбасыны мұсылмандардың әміршісі (әмирул-муминин) ретінде белсенді түрде қолдайды» деп айтумен болды.

Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, лаңкестік әрекет жасайтындар – «дұрыс емес аралар» және олар «дұрыс емес бал» жасайды. Оларды сәләфит деп те атауға болмайды. Ал, дұрыс сәләфиттер ондай емес. Нағыз сәләфиттер – солар, олар тек ізгі ата-бабаларымыздың жолына ерушілер.

Қазақстандағы ең ірі сәләфиттік топтардың бірі – мадхалиттер дәл осылай сайрайды. Олардың мұнысын тағы бір сәләфиттік топ – суруриттер қоштайды. Бұл екі топтың арасында келіспеушіліктер мен текетірес бар екендігіне қарамастан. Алайда, бұл туралы сәл кейінірек айта жатармыз. Ал, әзірге бұл мәселеде оларға ортақ нәрсе не екендігін әңгімелейміз: мадхалиттердің сәләфиттерді «дұрыс» және «дұрыс емес» деп, суруриттердің сәләфиттерді «бірқалыпты» және «бірқалыпты емес» деп бөлулері жайында.

Негізі, бұл дау-дамай ҚМДБ кейбір өкілдері мен ақиқатында суруриттердің қамын жеп жүрген бір қатар «діни сарапшылардың» арасында әлдеқашан орын алған болатын. Атап айтқанда, біріншілері сәләфиттің «ынсапты» болуы мүмкін емес десе, екіншілері олармен келіспейтіндерін ашық түрде жариялады.

Қазір бұл тақырып қазақстандық қоғамда сәләфиттердің мүдделерін алға тартып жүрген адамдар үшін қайтадан өзекті болды. Себебі, ресми дерекке сәйкес, олар лаңкестік жасап, қазақстандық азаматтарды өлтірді, сол себепті, олар қалайда өз аттарын ақтап алулары керек қой.

Олар үшін тағы бір қиындық тудырғаны, лаңкестердің сәләфиттік ағымға жататындарын Елбасының өзі жария етті. Ал, олар оған жағыну үшін барын салып бағып еді және оған бағынатындарын мәлімдеп келіп еді. Айтпақшы, осы жағдай олардың өздері осы күнге дейін айтып келгендей, Елбасымызға қаншалықты адал екендігін тексеруге септігін тигізбек.

Олар үшін осындай күрделі жағдайда олардың сәләфизмге мемлекеттік деңгейде тыйым салынуына жол бермес үшін өз медие-тұлғалары арқылы түрлі қулықтарға барып жатқанын көріп отырмыз. Жасырын бопсаның бір түрі мынадай: олар сәләфиттерге тыйым салу олардың радикалдануына, соның нәтижесінде, қоғамымыздың одан әрі тұрақсыздануына алып келеді деп, жұртшылықты және мемлекеттік органдарды қорқытуға тырысуда.

Ашығын айтайық, біз «жоқ, олай болмайды» деп айта алмаймыз. Мәселе сәләфиттерге кеп тірелгенде, бәрі мүмкін: олардың ары қарай радикалданып кетуі де, еліміздегі ахуалды тұрақсыздандыруы да. Әсіресе, экономикалық дағдарыс пен біздің басымызға түскен әлеуметтік мәселелерді ескерер болсақ.

Алайда, мынадай орынды сұрақ туындайды: қалайша Елбасымызға және ҚР заңдарына сондай адал бірқалыпты сәләфиттер кенеттен бірқалыпты болудан қалып, Қазақстанда қанды қырғын ұйымдастырады? Олардың идеологиясына тыйым салынғаны үшін бе? Онда таблиғтар неге олай істемеді? Оларды экстремист деп тануды көптеген сәләфиттер қолдап еді ғой.

Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырайық. Әлгі таблиғтарға тыйым салынғаннан кейін елімізде олар ұйымдастырған бірде-бір лаңкестік әрекет орын алған жоқ. Олардың ешқайсысы радикалданған жоқ және мемлекеттік органдарды, сауда орталықтарын, әскери бөлімдер мен мазарларды күйреткен жоқ. Демек, бұл әдістің іске асқаны. Онда неліктен экстремист таблиғтарға қатысты іске асқан әдіс экстремист емес сәләфиттерге қатысты іске аспасын? Экстремист емес адамдарға қарағанда, экстремистердің экстремизмге бейім тұратыны айдан анық емес пе?

Біз бәрін дұрыс жасаған болсақ, аталмыш әдіс нәтиже берген болса (ал, бұл оның тиімділігін көрсетеді), демек, бұл әдісті ары қарай да қолдана беруге болады және қолдану керек. Егер сол әдіс экстремистерді сабасына түсірген болса, экстремис еместер ол әдіске бола радикалданбауы тиіс. Алайда, барлығы дәл солай болады деп дабыл қағуда.

Осы тағы бір сәләфиттік қарама-қайшылық бізді екі логикалық тұжырымға алып келеді: не бұл әдіс тиімді емес және шындығында экстремист емес топтармен ғана нәтиже береді, ал, шынымен де экстремизге бейім топтармен ол нәтиже бермейді. Бірақ, онда нағыз экстремистер таблиғ емес, сәләфиттер болып шығады ғой. Өйткені, таблиғтар радикалданған жоқ, ал, сәләфиттер, кейбір сарапшылардың айтуы бойынша, міндетті түрде радикалданады екен. Бұлай талдаудың сәләфиттерге тиімсіз екені айтпаса да түсінікті.

Екінші тұжырым: бұл әдіс тиімді және оны қолдану қажет. Өйткені, таблиғтарға қолданғанда, ол өзінің тиімділігін көрсетті, сондықтан, Қазақстанда сәләфизмге тыйым салу да сондай нәтиже беруі тиіс. Алайда, сәләфиттерге бұл да тиімсіз. Олардың идеологиялық қарсыластары туралы сөз болғанда ғана бұл олар үшін тиімді болатын.

Енді олардың ұстанымының тұрақсыздығы мен қарама-қайшылығы белгілі болғаннан кейін бастапқы сұраққа қайтып оралайық: «бірқалыпты» сәләфиттер бар ма; бар болса, неліктен олар әп-сәтте «бірқалыпты» болмай шыға келуі мүмкін?

Біздің пікірімізше, ынсапты сәләфиттер шынымен де бар және олар расында да байсалды күйлерінен лезде тайқып шыға келуі мүмкін, сол себепті, олардың ынсаптылықтарынан келер пайда шамалы. Оларды, өздерімен келіспейтіндердің бәрін кәпір деп жариялайтындармен салыстырғанда ғана байсалды деп атауға болады. Екіншілерінен айырмашылығы, ынсапты сәләфиттер өздерімен келіспейтіндердің бәрін кәпір деп жарияламайды – кейбіреулерін олар жай ғана адасушы немесе бидғатшы деп жариялайды.

Бірқалыпты сәләфиттердің тағы бір артықшылығы, олар басшыға бағынуға шақырады. Бұл үндеу ресми түрде ғана жасалатын нәрсе, олар сол арқылы мемлекеттің және қоғамның алдында өздерін жақсы қып көрсеткісі келеді. Мұның бәрі ешқандай талғамсыз, ашықтан-ашық тұрпайы жасалады және мүлде шынайы көрінбейді. Әсіресе, мадхалиттер осындай әрекеттерімен жақсы танымал, сол үшін оларды «мадхализдер» деп атайды.

Шындығында, ешқандай бағыну жоқ. Елбасымыз еліміздегі Исламның бірден-бір мойындалған құрылымы ҚМДБ десе, бірқалыпты сәләфиттер «имамдар – адасушылар және оларға еруге болмайды» дейді. Елбасымыз қазақ халқының рухани өміріндегі ханафи мәзһабының рөлі мен орнын мемлекет мойындайтынын айтса, бірқалыпты сәләфиттер мәзһабқа еруді тыйым салынған жаңалық және мәзһабизм індеті деп атайды. Елбасымыз біздің халқымыздың рухани атасы шейх Қожа Ахмет Яссауи десе, бірқалыпты сәләфиттер «сопылар көпқұдайшылдар және олар мазарларға табынады» дейді. Тағы да баса айтамыз, осыны айтып жүргендер – бірқалыпты деп аталатын сәләфиттер.

Бәрінен де сәләфиттер дайындаған, қазір кеңінен тарап кеткен «Қазақстандықтарға жолдау» қызық. Онда «лаңкестерді сәләфиттерге жатқызғаны үшін қазақстандық сәләфиттер наразы» екендігі айтылады. Олардың айтуынша, нағыз сәләфиттер қашанда заңды Басшыға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бағынуға шақырып келді және оған тіпті сөзбен қарсы шықпайды.

Біздің бауырларымыз лаңкестерді сәләфиттердің қатарына сол Елбасының өзі жатқызғандығын түсінбей қалған тәрізді. Олар өзгелерді сол Елбасыға бағынуға үндейді де, өздері бағынғылары келмейді. Өздері таратып отырған сол наразалық жолдауы олардың Елбасына сөзбен қарсы шыққандарын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы барлық сәләфиттерді үш топқа бөлуге болады:

1. Тәкфириттер – өздерімен келіспейтін адамдарға тәкфір шығаратын ең радикалды топ. Олар өздерімен келіспейтін адамдарға тәкфір шығармағандарға да тәкфір шығарады. Өздерінің сенімдерінде адал, бірізді және өте радикалды. Басқа сәләфиттік топтарды, әсіресе, мадхалиттерді өз ағымының шынайы сенімдерінен тайды деп айыптайды.

2. Мадхалиттер – өздерін ғана сәләфит деп атауға бәрінен де бейім ең үлкен топ. Басшыға бағынуға ресми түрде шақырады және бірінші топты хауаридж деп атап, оларға белсенді түрде қарсы шығады. Сондай-ақ, олар үшінші топқа да, яғни, суруриттерге қарсы шығып, оларды «Ихвандарға» – исламдық саяси ұйымға жатқызады.

3. Суруриттер – ең жымысқы, ұстанымсыз топ, ол белгілі бір кезеңде өздері бұрын насихаттап келген сәләфиттік идеялардан бас тартып, өздерін ханафиттерміз деп жариялады. Негізінде, олар – қойдың терісін жамылған қасқырлар. Олар өздерінің арам, саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін сол кейіпті жамылып жүр. Тілшілердің, саясаттанушылар мен сарапшылардың арасында, шоу-бизнес саласында және басқа да жерлерде дәл осы топтың өкілдері бәрінен кең тараған. Себебі, олардың сенімдері өздерінің сенімдерін жасыруға мүмкіндік береді (бір сөз екі рет қайталанғаны үшін кешірім өтінем). Дәл сол себепті, олар, алғашқы екі топпен салыстырғанда, қазақстандық қоғамда экстремист және шектен шығушылар болып көрінбейді, сондықтан, осы тамаша мүмкіндікті пайдаланып, ҚМДБ-ға ғана емес, мадхалиттер мен тәкфириттерге қарсы істерін жүргізеді.

Осылайша, үш топтың үшеуінің де арасында келіспеушіліктер бар және әрқайсысы мүмкіндігінше екіншісін жаншиды. Әсіресе, бұл соңғы екі топқа қатысты, өйткені, бірінші топ астыртын әрекет ететіндей сенімдерін жасырмайды, олардың ұстанымдары онсыз да түсінікті.

Алайда, араларындағы келіспеушіліктер мен текетіреске қарамастан, барлық сәләфиттік топтардың ортақ құндылықтары бар. Бұл олардың керек кезде ешқандай келіспей-ақ, біріге салуларына мүмкіндік береді. Үнемі бір-бірінің сыртынан ғайбат айтып жүріп, ал, күйеулеріне қарсы бас біріктіру қажеттігі туындағанда, оп-оңай біріге салатын әйелдер секілді.

Сонымен, біріншіден, ол – ақида. Барлық сәләфиттік топтардың ақидасы бірдей. Ол қалған сүннит мұсылмандардың ақидасынан өзгеше. Олар Алланы мекенмен шектейді (Аспан, Аршы) және «Оның дене мүшелері (Қол, Көз, Аяқ) бар» дейді. Бұларды тек қана тура мағынасында түсінеді де, басқа ешқандай ауыспалы мағынаны және ауыспалы мағынасының болуы мүмкіндігін де қабыл алмайды. Олар бұл сөздерді тура мағынасында түсінбегендердің бәрін не адасушы, не кәпір деп жариялайды.

Екіншіден, бұл – олардың ғұламалары мен кітаптары. Ибн Тәймия мен Мухаммад ибн Абдул-Уәһһәбты өздерінің беделді ғұламалары деп танымайтын бірде-бір сәләфиттік топ жоқ. Сол сияқты, Таухидті Мухаммад ибн Абдул-Уәһһәб жазған «Китаб әт-Таухид» немесе «Үш негіз» кітаптары бойынша үйренбейтін бірде-бір сәләфиттік топ жоқ. «Вахабиттер» деген атау да соның атынан шыққан.

Осылайша, үш топтың да ортақ беделді ғұламалары мен сенімдері бар. Олар соларға еру арқылы қалған мұсылмандардың бәрін «таза Исламнан» ауытқығандар деп жариялайды. Олардың арасындағы айырмашылық тек мынада: радикалды сәләфиттер әлгі «хақ Исламнан тайған» мұсылмандары кәпірлер деп санаса, бірқалыпты сәләфиттер оларды адасушылар деп біледі. Бұның барлығы үшінші біріктіруші фактор – жалпы сүннеттік Исламды құрайтын барлық мұсылмандарға деген, мейлің ол әшғарит болсын, матуридит не сопы болсын, өшпенділікті тудырады. Айта кету керек, бұл атаулар мұсылмандардың ара жігін ажыратпайды әрі бір топтың екінші топтан абзал екендігін көрсетпейді. Бір мұсылман сенімде матуридит, фиқһта ханафи, ал сопылықта нақшыбанди бола беруі мүмкін. Бұлардың барлығы ислами ғылымдағы әр түрлі мектепті ұстанғандарымен, Әһлі сүннет уәл жамағатың аясында бола береді.

Мәселен, көптеген сәләфиттік парақшаларда «Сәләфиттер – ізгі ата-бабаларымыздың, яғни, сәләфтардың ізбасарлары» деген сөз қайталана береді. Сәләфтар – мұсылмандардың алғашқы үш буыны. Сол үш буын Исламдағы ең ізгі буындар болып саналады. Имамдардың барлығы, яғни, сүнниттік мәзһабтардың негізін қалаушылар сәләф болған. Сол себепті, төрт мәзһабтың қайсысы болса да, бірін ұстанатын адам сәләфтардың ізбасарлары болып табылады, олардың ешқайсысы бір-біріне адасушылар деп айып тақпайды.

Сондықтан, сүнниттік мәзһабтардың ешқайсысына ермейтін, өзінің бөлек ақидасы бар, өздерін ғана ізгі ата-бабаларымыздың бірден-бір ізбасарлары деп атайтын, қалған адамдардың бәрін Құран мен Сүннеттен ауытқыды деп айыптайтын топ пайда болғанда мынадай орынды сұрақ туындайды:

Санасы бар және саралай алатын адамға «менен басқа айналамдағылардың бәрі дұрыс емес, адасушылар» деген ұстанымның өзінде радикализмнің өскіні жатқандай боп көрінбей ме? Сол өскін бір күні бүршік жарып, тамыр жайып, елімізде өзінің жемісін беруі мүмкін ғой. Айтары жоқ, біз оның жемісін жеп те үлгердік. Шындығында, радикалды сәләфиттер мен бірқалыпты сәләфиттердің арасындағы айырмашылық – жеккөру деңгейінде ғана. Махаббаттан жеккөрінішке бір қадам болса, адасушы деп айыптаудан кәпір деп айыптауға дейінгі қашықтық одан да қысқа.

Оған Дағыстаннан шыққан танымал сәләфит уағызшы Надир Әбу Халидті үлгі ретінде келтіруге болады. Ол байсалды болып саналды, оның уағыздары желіде, оның ішінде қазақстандық сәләфиттердің арасында да емін-еркін тарап жатты. Алайда, қажеттілік туындағанда, ол заттарын жинады да, шалғай Иракқа тайып тұрды, сөйтіп, ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған ұйым) басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадиге ант берді. Яғни, ол бірқалыпты сәләфиттер хауаридждер деп атайтын сәләфиттерге барып қосылды. Ол жердегілер оны құшақ жая қабыл алды.

Неге қабыл алды? Өйткені, олардың бәрінің негізі бір. Егер оларға ақидасы басқа мұсылман барса, олар оның басын шабар ма еді. Тек ақидасы басқа мұсылман өз елінде өте-өте нашар тұрса да, тәкфириттердің басшысына ант беруге бармайтыны көңілімізді тыныштандырады.

Бұл «сәләфтардың жолымен жүрміз» деп шын жүректен сенетін сәләфиттердің бәріне қатысты. Олар қазір қанша бірқалыпты болса да, кез келген сәтте ауысып шыға келуі ғажап емес. Кез келген дайындалған «қатарға тартушы» олардың Ибн Абдул Уәһһәбқа деген махаббаты мен шынайылығын пайдаланып, оларға бұрынғы сенімдерінің қауқарсыз екенін дәлелдейді. Өйткені, Ибн Абдул Уәһһәб «дұрыс емес» мұсылмандарға тәкфір шығарып, оларға қарсы джиһад жүргізді, кез келген басшыға бағынуға шақырған жоқ.

Енді соңғы және басты сұрақ қалады: сәләфизмге мемлекеттік деңгейде тыйым салу «бірқалыпты» сәләфиттердің радикалдануына алып келетін болса, оған тыйым салу қажет пе?

Біз айтып кеткеніміздей, бұл бірқалыптылық – шартты және салыстырмалы, тұрақсыз және ұзаққа бармайды, ал, радикализм сәләфизмнің негізінде бар. Олар радикализмнің бір түрінен екінші түріне еркіндікте жүріп-ақ өте алады. Оған қоса, тыйым салуға қарағанда, еркін сәләфиттік үндеу радикализмге ауысу үшін әлдеқайда қолайлы орта болып табылады.

Оның үстіне, тыйым салған жағдайда ешқандай жаппай радикализация болмайды деген ықтималдық сақталып қала береді, есесіне, сәләфизмге еркіндік берілген жағдайда сәләфиттердің қатары бірнеше есе артатыны анық. Сол себепті, тыйым салу арқылы басымызға бәле тудырып аламыз десек те, одан келетін зиян оған еркіндік бергенде көретін зияннан артық болмайды.

Олар түгелдей еркіндікте жүру арқылы кеңінен тарап үлгергенін түсінуіміз қажет. Ал, имамдар болса, олармен текетіреспей, дауласпай, тек арамызда кішігірім айырмашылықтар бар екенін айтып келді. Мұндай стратегияның нәтижесінде бәріміз тату-тәтті өмір сүріп кеткен жоқпыз, есесіне, олар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді тарап кетті және өздерінің сенімдерінде бекем бола түсті.

Тыйым салуға қарсы болып жатқандарға және бұл мәселені ағарту әдісі арқылы шеше алмай жатыр деп ҚМДБ-ны жазғырып жатқандарға айтарымыз, темекі шегу, алкоголь, некеден тыс жыныстық қатынас және тағы да басқа нәрселер денсаулыққа зиян, өмірге қауіпті және рухани тұрғыдан азғындауға әкелетіндігін айтып, еліміздің азаматтарының көзін ашып көріңіздер. Содан соң сендердің мұны түбірімен жоймақ түгілі, мұндай ағарту ісінде қандай жетістікке жететіндеріңді көреміз.

Әлбетте, ағарту әдісінің маңызы зор, бірақ, кешенді түрде әрекет ету керек. Бізде дін мен мешіт мемлекеттен бөлек деп үнемі айтып жатады, бірақ, соған қарамастан, сол дін мен мешіттің мемлекеттік мәселелерді шешкендерін қалайды. Бұл – баршамызға ортақ мәселе, сондықтан, оны бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып шешууіміз қажет.

Барлығын имамдардың мойнына артып қоюға болмайтындығы секілді, оларсыз да әрекет етуге болмайды. Мемлекеттік органдар ҚМДБ теологтарымен ақылдасуы тиіс. Әйтпесе, сәләфизмге тыйым салудың арты жалпы Исламға тыйым салуға және қудалауға ұласып кетуі әбден мүмкін. Керек десеңіз, қазір бар сәләфиттерге де айқын себепсіз тиісе бермеген жөн. Бәлкім, уақыт өте келе олар дінді дұрыс түсіне бастайтын шығар, ал, әзірге намаздарын қалай оқығылары келсе, оқи берсін және сенгісі келген нәрселерге сене берсін. Ең бастысы, бұл ары қарай тарап кетпесе болды.

Олардың кітаптарына, дискілеріне, сайттарына және кез келген насихат түріне тыйым салынуы қажет. «Сәләфиттер – ізгі ата-бабаларымыздың ақиқи ізбасарлары», ал, «мәзһабқа ерушілер – адасушылар» деп жаза алмайтын болулары, әлеуметтік желілерде көптеген сәләфиттік топтар құра алмайтындай болулары және т.б керек. Сәләфизмді/ваххабизмді насихаттаудың кез келген түріне мемлекеттік деңгейде тыйым салынуы тиіс. Бұл вирусқа қарсы сақтану дәрісін егіп қана қоймай, оған карантин қою қажет.

Әйтпесе, біз елімізде оның таралуын тоқтата алмаймыз және оны жұқтырып алғандарды емдеп шығара алмаймыз.

Сонымен қатар, тыйым салу радикалдануға әкеп соғады деген сылтаумен тыйым салуға қарсы шығып жатқан сарапшыларға да аса назар аудару керек. Осыдан бірнеше уақыт бұрын, олар сәләфиттермен барлық сәләфиттерді біріктіріп, оларды басқа мұсылмандардан ереке етіп тұратын ең басты мәселе – ақида (сенім-наным) мәселесінде діни диспуттар өткізуге қарсы шығып, дәл осындай айғақ келтірген еді. Яғни, олардың айтуынша, сәләфиттермен діни диспуттар өткізу олардың радикалдануларына себеп болады мыс. Бірақ діни теологиялық диспут дегеніміз сәләфиттерді ағарту жолдарының бірі емес пе? Оның үстіне, олармен өткізілген сол баяғы диспут (Ерсін Әміре мен Өктем Заурбековтің арасында – аудармашының ескертпесі) сәләфиттердің сенімдеріне жойқын соққы беріп, оларың пайымдауларының ауқатсыз екендігін және Исламның ең мықты деген ғалымдарының түсінігіндегі Құран мен Сүннетке қарама-қайшы екендігін көрсетіп, дәлелдеп берді.

Осы диспуттан соң сәләфиттердің артынан еріп кетуге дайын тұрған көптеген мұсылмандар бұл райларынан қайтты. Оған қоса кей сәләфиттер өз пікірлерінің қате екендігін мойындап, классикалық сүннеттік мектептерге қайта оралуға мәжбүр болды. Бұның барлығы сәләфиттік топтардың көсемдерін едәуір алаңдатып, мазаларын қаштырды. Мәселен, мадхалиттер ізбасарларына бұл диспутты тыңдауға тыйым салса, суруриттер болса медиа-кеңістікке «сәләфиттермен теологиялық диспут жасау олардың радикалдануларына себеп болады» деген ақпараттарды шығара бастады. Олардың ойынша сәләфиттермен диспут өткізуге болмайды екен, өйткені сәләфиттерге ұнамай қалса, олар ашуланып кетулері мүмкін. Ең қызығы, сол кезде диспуттарға қарсы шыққан сарапшылар ендігі күнде тыйым салуға қарсы болып отыр.

Демек, Қазақстандағы сәләфизмге қауіп-қатер тудыратын қандай да болмасын тәсіл оларды радикалдандырып жібереді екен. Сауаттандыруға да болмайды, тыйым салуға да болмайды... Оларды өз еріктеріне қойып, адасқан сенімдерін әрі қарай тарата берулері үшін жайлы жағдай жасап қою керек сияқты. Бұл жағдай көз алдыңызға ата-анасының тілін алмайтын, өзінің дегеніне жету үшін сәті түскен сайын «өзіме немесе басқаларға зиян тигіземін» деп ата-анасын бопсалайтын, еркелікке салынған баланы елестетпейді ма? Бопсалауға көне беру қаншалықты сәтті бола бермек? Және ең басты сұрақ – бұл кімге тиімді?

Соңғы сұрақ әлі де еш нәрсені түсінбей отырғандар үшін ашық болып қала бермек. Және тауфиқ тек Алладан ғана.

____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz

Рамазан айының ерекше мүбәрак түндерінің бірі және ең үлкен игіліктерінің бірі ‒ Ләйләтүл-Қадр түні. Ол мол құндылыққа ие. Алла Тағала ол туралы Құранда былай дейді:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ

Қадыр түні мың айдан қайырлы («Әл-Қадр» сүресі, 3)

Мың ай дегеніміз ‒ шамамен сексен үш жыл. Осылайша, осы түнді құлшылықпен өткізген адам ұзақ өмір бойы үздіксіз мінәжат еткендей сауапқа кенеледі.

Бұхари мен Муслим Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Ләйләтүл-Қадрды Аллаға ғибадат жасаумен өткізген адамның барлық өткен күнәлары кешіріледі».

Бұл түн неліктен Ләйләтүл-Қадр деп аталады? Араб тілінде «қадр» сөзінің бірнеше мағынасы бар:

Ұлылық, сый-құрмет, құндылық. Кейбір ғұламалар бұл түннің атауында дәл осы мағына жатыр деп санаған. Бұл ‒ ұлылық пен құрмет айы.

Тағдыр. Бұл түннің тағдыр түні деп аталатын себебі ‒ дәл осы түнде Алла белгілі бір періштелерге алдағы жылда (келесі тағдыр түніне дейін) не болатыны жайлы білім береді.

Бұл мүбәрак түн қашан басталады?

Құранда бұл түннің мүбәрак Рамазан айына тұспа-тұс келетіні анық айтылады, бірақ, дәл қай күні екені нақтыланбайды. Сол себепті, бұл мәселе ғұламалардың талай талқылауына түрткі болды. Осыған қатысты қырыққа жуық пікір бар.

Әл-Мәзхариге сәйкес,ең мықты пікір ‒ Ләйләтүл-Қадр Рамазанның соңғы он түніне дөп келеді деген пікір. Бірақ, нақты қай күні екені анықталмаған. Ол жыл сайын өзгеріп отыратын он тақ түннің кез келген біреуі болуы мүмкін.

Хадистерде келген хабарламаға сәйкес, ол мына түндердің бірі болуы ықтимал: 21, 23, 25, 27 и 29. Бұл сандардың бәрі де сенімді хадистерде келтірілген. Ол хадистер сырттай бір-біріне қайшы келеді. Алайда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, жыл сайын күндердің ауысып отыратынын ескерсек, бұл қарама-қайшылықты жоюға болады.

Мәлік, Ахмад ибн Ханбаль, Суфьян әс-Саури сияқты басқа да ұлы имамдардың көпшілігі бұл түннің соңғы он тақ түнге сәйкес келетіндігімен және оның жыл сайын өзгеріп отыратындығымен келіседі. Имам әш-Шәфиғиден екі пікір жеткен. Біріншісі көпшіліктің пікірімен сәйкес келеді, ал, екіншісі бойынша, бұл түн белгілі бір күнге дәл келеді және өзгермейді. («Ибн Кәсирдің тәпсірі»).

«Сахих әл-Бұхариде» Аишадан (Алла оған разы болсын) хадис келтірілген. Соған сәйкес Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Тағдыр Түнін Рамазанның соңғы он түнінен іздеңдер».

Ғұламалар Алла Тағаланың бұл түннің нақты уақытын жасырғанында жатқан даналықты былай түсіндіреді: оның уақыты белгіленіп қойса, көптеген жалқаулар басқа түндерде құлшылық жасамас еді. Ал, оның нақты уақыты белгісіз болғандықтан, құлшылыққа аса ынта қоймайтындар Тағдыр Түні Рамазанның соңғы он түнінің тақ жұлдыздарының бірінде болады деген оймен бірнеше түн бойы мінәжат етуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, көптеген адамдар күнәларынан тыйыла алмайтындықтан, егер бұл түн белгілі бір уақытқа белгіленіп қойса, олар сол түнде де күнә жасар еді. Ал, бұл олардың имандары үшін қауіпті болар еді.

Бұл түннің басталғанын қалай білуге болады?

Ең дұрысы ‒ Рамазанның соңғы он түнінің бәрін құлшылықпен өткізу. Шамаңыз жетпей жатса, ең болмаса, тақ түндерінде ынта таныту. Сонымен қатар, бұл түнді өзіне тән белгілеріне қарап білуге болады. Хадистерде Ләйләтүл-Қадрдың төмендегі белгілері туралы айтылады:

- Түн жарық, таза болады, ол түнде ауа райы ыстық та емес, суық та емес, жанға жайлы болады.

- Ол түні ай самаладай жарық болады.

- Қоңыр салқын, жағымды жел соғып тұрады.

- Мұсылмандар бұл түнде ерекше мамыражай күй кешіп, рахатқа бөленеді.

- Сол түннен кейін таңертең күн сәуле шашпай, толған Айдай дөңгеленіп шығады. Ғұламалар мұның негізгі белгі екенін және міндетті түрде болатынын айтады.

Жаратқан Иеміз бізге бұл түнді Өзі разы болатындай өткізуімізге күш беріп, құлшылығымызды қабыл алғай!

Дереккөздер:

1. Шейх Мухаммад Шәфи’ Усманидің «Ма’ариф әл-Қураны».

2. Мухаммад Зәкәрия Кәндехләуидің «Рамазан құндылықтары» кітабы.

Әбу Яхья, арнайы Azan.kz үшін
____________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz

Ибн Қайим, рахимахуллах, былай деген: «Иғтикафтың түпкі мақсаты –адамның жүрегін Аллаға байлау. Ол кезде адам өзінің жан-дүниесіне көңіл бөліп, дүниеуи нәрселерге деген уайым-қайғыдан арылып, оның жүрегінен мәңгілік өмір жайлы ойлар орын тебеді, сөйтіп, оның үрейінің, үмітінің, сезімдерінің орнын Аллаға деген махаббат пен Ол жайлы ойлар басады. Дүниеуиге бола алаңдаушылық Жаратқан Аллаға деген қорқынышқа айналады, әр ойы мен сезімі арқылы Оның разылығына жетуге талпынады; дүниеге деген адалдықтың орнын Аллаға деген адалдық басады. Досың да, көмекшің де болмайтын қабірдің табалдырығы осы болады. Рамазанның ең асқақ бөлшегі болып саналатын иғтикафтың, Рамазанның соңғы он күнінің биік мақсаты осы».

Шах Уәлиулла былай дейді: «Мешітте иғтикаф жасау ақыл-ойдың алаңсыздығы мен жүректің тазаруына қол жеткізуге сеп болады. Ол кезде адам (Аллаға берілуде) періштелермен бірдей болады, Ләйләтүл-Қадрды көруге, намаз бен ой толғауға бар болмысымен ынта қоюға мүмкіндігі болады. Алла Тағала Рамазанның соңғы он күнін сол үшін айрықша бөліп-жарып, оны тақуа әрі ізгілікті құлдарының сүннеті етті».

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иғтикафты ешқашан қалдырмаған, сол себепті, көптеген мұсылмандар оған бұл істе еруге тырысады. ИғтикафРамазан айының ерекшелігіне айналды және адал әрі тақуа құлдардың жасайтын амалы болып саналады. Аиша (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің ақырына дейін жыл сайын Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасап отырғанын риуаят еткен. Ол дүние салғаннан кейін әйелдері осы дәстүрді сақтап қалған (Бұхари). Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілгендей, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жыл сайын Рамазан айында он күн бойы иғтикафқа кіріп отырған, ал, қайтыс болатын жылы жиырма күн бойы иғтикафта болған. (Бұхари).

Иғтикафтың мәні

Иғтикаф белгілі бір уақыт аралығында иғтикафқа кіру ниетімен мешітте болуды білдіреді. Жалпы алғанда, иғтикаф болып саналуы үшін мешітте қанша уақыт өткізу керектігіне қатысты белгілі бір шектеу жоқ. Алайда, сүннет-иғтикафтың ұзақтығы Рамазанда он күннен кем болмауы тиіс, әйтпесе, сүннет орындалған болып саналмайды. Егер кімде-кім уәжіп иғтикаф (серт бойынша иғтикаф) жасауға уәде берген болса, ондай иғтикаф бір күн, бір түн уақыттан кем болмауы тиіс (Бәдәи әс-Санаи).

Иғтикафты кім жасай алады

1. Иғтикаф жасалған болып саналуы үшін адам дені сау мұсылман болуы керек (ақыл-есі дұрыс болуы тиіс); ақыл-есі дұрыс емес адамның немесе кәпірдің иғтикафы қабыл болмайды. Алайда, (балиғатқа толмаған) бала намаз оқып, ораза ұстай алатынындай және бұлар орындалды деп саналатынындай болса, ол да иғтикаф жасай алады (Бәдәи әс-Санаи).

2. Әйел адам да өз үйінде, ғибадатқа арналған арнайы жерде отырып иғтикаф жасай алады. Алайда, ол иғтикаф жасау үшін күйеуінің рұқсатын алуы қажет. Оның үстіне, оның хайыз немесе нифәс күйінде болмауы да маңызды.

3. Сүннет-иғтикаф пен уәжіп-иғтикаф үшін ораза да ұстау керек. Ораза ұстамаған адам иғтикафтың аталмыш категорияларын орындай алмайды. Бірақ, нәпіл-иғтикаф үшін ораза ұстау міндетті емес.

Иғтикаф жасайтын жер

Ерлер иғтикафты тек қана мешітте жасай алады. Иғтикаф жасауға ең мүбәрак жер – Меккедегі Харам мешіті, иғтикаф жасауға маңыздылығы бойынша келесі жер – Мәдинадағы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мешіті, иғтикаф жасауға үшінші берекелі жер – Иерусалимдегі Әл-Ақса Мешіті, төртіншісі – қаланың әрбір жұма мешіті. Алайда, иғтикафты міндетті түрде жұма мешітте жасаудың қажеті жоқ, жамағатпен күнделікті бес уақыт намаз оқылатын кез келген мешітте жасай беруге болады. Ал, егер ол мешітте күнделікті бес уақыт намаз оқылмайтын болса, бұл жағдайға қатысты ғұламалардың арасында әр түрлі пікірлер бар, кейбіреулер ондай мешітте иғтикаф жасауға болады десе, тағы біреулері болмайды деген ойда (Ибн Әбидин).

Алайда, иғтикафты күнделікті бес уақыт намаз тек Рамазан айында ғана оқылатын мешітте жасауға болмайды (Фәтәуә Рахимийя, 2-том, 30-бет).

Иғтикафтың түрлері

Мәснун иғтикаф (сүннет-иғтикаф): иғтикафтың бұл түрі Рамазан айында ғана, оның соңғы он күнінде жасалады. Ол Рамазанның 21-ші түнінде басталып, Шәууәл айының айы көрінгенде (яғни, Идуль-фитр мейрамының қарсаңында) аяқталады. Оның сүннет деп аталатын себебі ‒ Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл иғтикафты әр Рамазанда жасайтын болған.

Нәпіл иғтикаф – оны кез келген уақытта жасай беруге болады.

Уәжіп иғтикаф: бұл иғтикафтың екі түріне де қатысты. Серт беріп немесе ант (нәзр) ішудің нәтижесінде уәжіп болатын иғтикаф немесе қаза болған мәснун иғтикафты өтегенде жасалатын қаза иғтикаф.

Мәснун-иғтикафтың маңызы

Рамазанның он күнінде жасалатын иғтикаф мәснун иғтикаф ретінде белгілі. Бұл иғтикафтың уақыты Рамазанның 20-шы күні аяқталғаннан кейін, яғни, күн батқан соң басталып, Шәууәл айы (Ид айы) туғанға дейін жалғасады. Бұл иғтикаф Рамазанның жиырма бірінші түнінен басталатындықтан, ал, түн күн батқаннан бастап кіреді деп саналатындықтан, бұл иғтикафты орындағысы келетін адам ақшам намазына дейін мешіттің шекрасынан өтуі керек. Өйткені, күн батқан шақта ол мешітте отыруы қажет.

Мәснун иғтикаф муаққада кифайя сүннет болып саналады. Бұл дегеніміз ‒ қандай да бір мешіті бар ауданда тұратын бір адам иғтикаф жасаса, ондай жағдайда иғтикаф сол аймақтағы барлық тұрғындардың атынан жасалады. Ал, егер ол ауданда ешкім иғтикафқа кірмесе, сүннетті орындамаудың күнәсі сол аймақ тұрғындарының барлығының мойнында болады.

Жоғарыда айтылғандардан белгілі болғандай, өз аймағындағы тұрғындардың арасынан мешітте иғтикафқа кіретін адам болатын-болмайтынын сұрастырып білу ‒ ауданның немесе ауылдың әрбір тұрғынының міндеті.

Алайда, иғтикаф жасату үшін біреуді ақыға жалдауға жол берілмейді, себебі, ақшаға немесе төлемақыға ғибадат жасауға рұқсат жоқ (Ибн Әбидин).

Қандай да бір аудандағы тұрғындардың ешқайсысының салмақты жағдайға байланысты иғтикаф жасауға мүмкіндігі болмаса, өзге аймақтан иғтикаф жасайтын адам шақыру керек (Даруль улюм Деобанд пәтуалары).

Иғтикафтың негізгі қағидасы мынада: салмақты болып саналатын себептерді қоспағанда (толығырақ төменде келтіріледі) иғтикаф уақытында мешіт аумағынан шықпау. Егер иғтикафтағы адам (бір сәтке болса да) ешқандай салмақты себепсіз мешіт аумағынан шықса, иғтикафтың ол күні өз күшін жояды.

Шариғи қажеттілік себепті мешіттен шығу

Біз мұнда шариғи қажеттілік деп иғтикафтағы адамға шариғат бойынша мешіттен шығуға рұқсат етілетін қажеттілікті айтып отырмыз. Егер ол мешіттен төмендегі себептермен шықса, иғтикаф өз күшін жоймайды:

1. Дәрет сындыру қажеттілігі.
2. Жүніп болған жағдайда мешіттің өзінде ғұсыл алуға мүмкіндік болмаса, ғұсыл алу қажеттілігі.
3. Мешітте дәрет алуға мүмкіндік болмаса, дәрет алу қажеттілігі.
4. Басқа әкелетін адам болмаса (иғтикаф жасап жатқан адамға), тамақ немесе су әкелу қажеттілігі.
5. Азаншының азан айту үшін шығу қажеттілігі.
6. Егер (иғтикаф жасалып жатқан) мешітте жұма намазы оқылмайтын болса, жұма намазын оқу үшін басқа мешітке баруға рұқсат етіледі.
7. Әлдеқандай төтенше жағдайда (өрт, табиғи апат жағдайында, өміріңе қатер төнгенде) басқа аудандағы мешітке ауысу қажеттілігі.

Бұл қажеттіліктерден басқа себеппен мешіт шегінен шығуға рұқсат етілмейді. Біз әрі қарай, Алланың қалауымен, әр себепті толығырақ қарастырмақпыз.

Табиғи қажеттілік

1) Иғтикафтағы адам үлкен немесе кіші дәретке отыру үшін мешіттен шыға алады. Кіші дәретке келер болсақ, мешітке жақын дәрет сындыратын жерге бару керек. Үлкен дәретке келер болсақ, дәретхана мешітке жапсарластырып салынған болса, сол жерде дәрет сындыру қажет, басқа жерге баруға рұқсат етілмейді. Алайда, өзінің мінезіне бола немесе қандай да бір сырқаты болғандықтан, өз үйінен басқа жерде дәретке отыра алмайтын болса, дәретхана мешіттің жанында орналасқан күнде де оған сол үшін үйіне баруға рұқсат етіледі. (Ибн Әбидин).

Егер ондай қиындық болмаса, мешіттегі дәретханаға баруы керек. Ондай адам мешіттегі әжетханаға бармай, үйіне барса, кейбір ғұламалардың пікіріне сәйкес, оның иғтикафы бұзылады (Ибн Әбидин).

2) Мешітте дәретхана жоқ болса немесе онда дәретке отыру мүмкін болмаса, қаншалықты алыстығына қарамастан, дәрет сындыру үшін үйіңе баруға рұқсат етіледі (Ибн Әбидин).

3) Досыңның немесе туысыңның үйі мешіттің жанында болса, дәретке отыру үшін соның үйіне бару міндетті емес. Соған қарамастан, өз үйің мешіттен досыңның немесе туысыңның үйіне қарағанда алыс болса да, өз үйіңе баруға рұқсат етіледі (Ибн Әбидин)

4) Екі үйі бар адам мешітке жақынырақ үйіне баруы тиіс. Егер ол алысырақ үйіне барса, кейбір ғұламалардың пікіріне сәйкес, оның иғтикафы күшін жояды. (Әләмгири)

5) Дәретхана бос болмаса, босағанша күтуге болады. Бірақ, онда дәрет сындыруға қажет уақыттан бір минут та артық қалуға болмайды. Одан ұзақ уақыт қалған адамның иғтикафы бұзылады. (Бәрджәнди)

6) Біреумен амандасуға немесе сәлемге жауап беруге, яки үйде аздап сөйлесуге не болмаса дәретаханаға барар және қайтар жолда қысқаша сөйлесуге рұқсат етіледі, бірақ, қысқа тілдесумен шектелу керек (Миркат).

7) Дәретаханаға тез барып, тез қайту міндетті емес. Асықпай жүруге де болады. (Әләмгири).

8) Әжетханаға барар жолда біреудің өтінішімен тоқтамаған дұрыс. Иғтикафтағы адам (әлгі адамның өтінішін орындай алатын) басқа біреуді көрсетуі тиіс. Егер кімде-кім біреудің өтінішімен белгілі бір мақсатта тоқтаса, оның иғтикафы күшін жояды.

Бұл қарызы бар адамды соған қарыз берген адамның тоқтатуына да қатысты. Имам Әбу Ханифаның пікіріне сәйкес, мұндай жағдайда иғтикаф өз күшін жояды. Алайда, Әбу Юсуф пен Мухаммад имамдардың пікірлеріне сәйкес, мұндай жағдайда иғтикаф өз күшін жоймайды. Имам Сарахси да жеңілдігіне қарап, соңғы екі имамның пікірлерін құп көрген (Мабсут).Әйткенмен, сақтық ретінде, қандай жағдай болмасын, жолда тоқтамаған жөн.

9) (Темекі шегетін адамға) дәретханадан шыққаннан кейін темекісін тартып алуға рұқсат етіледі, бірақ, ол үшін тоқтамауы керек.

10) Егер кімде-кім дәрет сындыру үшін үйіне барған болса, дәретке отырғаннан кейін сол жерде дәрет алуына рұқсат етіледі. (Мәджмәул Әнхар)

11) Истинжа (дәрет сындырғаннан кейін нәжістен тазару) «дәрет сындыру» ұғымына кіреді. Сондықтан, егер кімде-кім шыжыңмен ауыратын болса, сол себепті истинжа жасау үшін далаға шығуына болады. Ғұламалар истинжаны адамға мешіттен шығуға рұқсат беретін бөлек қажеттілік деп санайды. (Ибн Әбидин)

12) Иғтикаф кезінде дәретті болу уәжіп [міндетті] емес, мүстахап [абзал] болып табылады. Тәпсір мен фиқһ кітаптарын дәретті күйде оқу да мүстахап. (Фәтәуә Махмудийя, 3-ші том, 117/2 бет)

13) Иғтикаф кезінде мешітке келушілерден жоқ адамдарды сұрап тұруға болады. (Сол жерде).

Ғұсыл

Иғтикафтағы адамға шәуеті бөлінген жағдайда ғұсыл алу мақсатында мешіттен шығуға рұқсат етіледі. Егер, мәселен, үлкен легеннің ішінде отырып, мешіттің ішіне су шашпай, үстіне су құйып, мешітте ғұсыл алуға мүмкіндік болса, ол адамға ғұсыл алу үшін далаға шығуға рұқсат етілмейді. Алайда, бұл мүмкін болмаса немесе үлкен қиындық тудырса, оған ғұсыл алу үшін мешіттен шығу рұқсат етіледі (Фәтхуль Қадир). Егер қандай да бір себеппен мешітте ғұсыл алуға мүмкіндік болмаса, ғұсыл алуға үйіңе баруға болады.

Жүніп болған жағдайдағы ғұсылдан басқа ғұсылды алу үшін мешіттен шығуға рұқсат етілмейді. Жұмаға ғұсыл алу үшін немесе жай ғана шомылу үшін (мәселен, салқындау мақсатында) мешіттен шығуға жол берілмейді. Егер кімде-кім сондай мақсатпен мешіттен шықса, оның иғтикафы бұзылады. Ол мешіттің бір жерінде ғұсыл алуға тырысуына болады – мәселен, үлкен легеннің ішінде отырып, мешіттің ішіне суды шашыратпай, үстіне су құйса болады (яки егер мешітте ғұсыл алуға арнайы бөлінген жер болса).

Тамақ

Иғтикафтағы адамның мешітке тамақ пен су әкеліп бере алатын туыстары немесе достары болса, оған тамақтану үшін мешіттен шығуға рұқсат етілмейді. Алайда, оның тамақ пен су әкеліп беретін ешкімі жоқ болса, сол үшін мешіттен шығуына рұқсат етіледі (әл-Бәхру р-Раик). Алайда, тамақ пен суды мешітке әкеліп, жеу керек (Кифайятуль-мүфти).

Ондай адамның тағы бір ескеретіні, ол мешіттен тамақ табылатын уақытта шыға алады, қандай да бір себеппен күтуіне тура келсе (мәселен, тамақты сатып алу үшін), күту рұқсат етіледі.

Азан мен жұма намазы

1) Егер азаншы иғтикафта болса, оған азан айту үшін мешіттен шығу керек болса, сол мақсатта далаға шығуына рұқсат етіледі. Бірақ, азан айтып болғаннан кейін ол жерде кідірмеуі тиіс.

2) Егер кімде-кім азаншы болмаса да, белгілі бір намаздың азанын айтқысы келсе, оған да сол мақсатта мешіттен шығуға рұқсат етіледі (Мәбсут).

3) Мешіттің мұнарасының есігі мешіттің ішінде болса, мұнараға көтерілуге рұқсат етіледі. Себебі, ол мешіттің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, мұнараның есігі мешіттің сыртында болса, азан оқу қажет болмаса, иғтикафтағы адамға мұнараға көтерілуге рұқсат етілмейді (Ибн Әбидин).

4) Иғтикафты жұма намаз оқылатын мешітте жасаған абзал. Алайда, ол мешітте күнделікті бес уақыт намаз ғана оқылып, жұма намаз оқылмайтын болса, ондай мешітте иғтикаф жасау рұқсат етіледі (Әләмгири).

5) Ондай жағдайда жұма намазын оқу үшін басқа мешітке баруға рұқсат етіледі. Алайда, жұма мешітке келгенде төрт рәкағат сүннет намазды оқып, жұма құтпасына қатысуға үлгеретіндей өз мешітіңнен уақытты есептеп шығу керек (сол жерде).

6) Иғтикафтағы адам жұма намазын оқу үшін белгілі бір мешітке барған болса, сол мешітте парыздарды оқып болғаннан кейін сүннет намаздарды оқуына болады. Дегенмен, содан кейін ол мешітте қала алмайды. (Сол жерде). (Намаз оқуға) қажет уақыттан артық мерзімге бөгеліп қалса, оның иғтикафы бұзылмайды, өйткені, ол мешітте болады. (Бәдаи)

7) Егер кімде-кім жұма намазын оқу үшін жұма мешітке келіп, сол жерде қалып қойса және иғтикафтың қалған уақытын (жұма мешітте) аяқтаса, оның иғтикафы орындалған болып саналады. Алайда, олай жасамаған абзал. (Әләмгири). Иғтикафты бір мешітте жасап, тарауық намазды басқа мешітте оқуға болады, ол үшін (тарауық оқу кезінде) иғтикафқа ниет ету керек (Әләмгири, 1-том, 199-бет).

Мешіт ауыстыру

Иғтикафтағы адам иғтикафты бастаған мешітінде аяқтауға міндетті. Алайда, егер ол мешітте иғтикаф жасай алмайтындай әлдеқандай төтенше жағдайларға тап болса, мәселен, мешіт құлайды деген қауіп туындаса немесе оны ол жерден шығуға мәжбүрлеп жатса не болмаса оның өміріне не мүлігіне қатер төнсе, басқа мешітке ауысып, иғтикафты сол жерде аяқтауына болады. Кімде-кім мешіттен сондай жағдайда шықса, оның иғтикафы бұзылмайды. Бірақ, ол мешіттен шыққаннан кейін жолда күтіп, бөгеліп қалмай, дереу басқа мешітке жол тартуы тиіс. (Әләмгири)

Жаназа намазын оқу мен науқасты зиярат ету

1) Жалпы алғанда, иғтикафтағы адамның жаназа намазға қатысу үшін немесе науқасты зиярат ету үшін мешіттен шығуына жол берілмейді. Алайда, егер ол, мәселен, дәрет сындыру үшін шығып, жол-жөнекей біреудің халін сұраса немесе жаназа намазына қатысса, оның иғтикафы өз күшінде қалады (Бәдаи). 'Аиша (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз жөнімен кетіп бара жатып, науқастың халін сұрағанын және діттеген жеріне баратын жолдан ауытқымағанын баяндаған. (Әбу Дауд). Жаназа намазын оқуға келер болсақ, намаз аяқталғаннан кейін ол жерде бөгелмеу шарт болып табылады. (Миркат).

2) Оның үстіне, кімде-кім иғтикафқа ниет еткен кезде иғтикаф кезінде белгілі бір науқастарды зиярат етуді, жаназа намаздарға қатысуды немесе қандай да бір діни жиындарға баруды ойласа, солай істеуіне болады және оған сондай мақсатта мешіттен шығуға рұқсат етіледі және оның иғтикафы күшін жоймайды. Десе де, ондай жағдайда оның иғтикафы сүннет-иғтикаф емес, нәпіл-иғтикаф болады.

Иғтикафты бұзатын іс-әрекеттер

1. Жоғарыда аталып өткен жайттардан бөлек, егер кімде-кім мешіттен бір сәтке болса да (қажеттіліктен) басқа мақсатта шықса, иғтикаф бұзылады (Хидая). Сондықтан, мешіттің сыртына аяқ басқан бойда ол мешіттен шыққан болып саналады. Сол себепті, егер ол мешіттен басын ғана шығарса, оның иғтикафы бұзылмайды. (Әл Бәхру р-Раик).

2. Дәл сол сияқты, иғтикафтағы адам мешіттен расында да шариғаттық қажеттілікпен шықса, бірақ, қажеттілік аяқталғаннан кейін ол мешіттен тыс жерде бір сәтке болса да күтіп немесе кідіріп қалса, оның иғтикафы бұзылады. (Ибн Әбидин).

3.Шариғаттық қажеттіліксіз әдейі, ұмытып кетіп немесе қателесіп мешіттен шыққан адамның иғтикафы бұзылады. Десе де, қателесіп немесе ұмытып кетіп мешіттен шыққан адам иғтикафты бұзғаны үшін күнәға батпайды. (сол жерде).

4. Мешіттің аймағына жатады деген оймен қателесіп, мешіттен шыққан адамның да иғтикафы бұзылады. Сол себепті, мешіттің шекарасы қай жерде екенін иғтикафқа кірмес бұрын анықтап алу қажет.

5. Иғтикафтың шарты ораза болғандықтан, әдейі болсын, мейлі, қателесіп немесе ұмытып кетіп болсын, ораза бұзылса, иғтикаф та күшін жояды. Осы жағдайдың қайсысы болса да, иғтикаф бұзылады. Мәселен, кімде-кім әлі таң атқан жоқ деген оймен немесе, керісінше, күн батып кетті деген оймен тамақ жеп қойса; немесе аузын шайған кезде тамағына су кірсе. Осы жағдайлардың бәрінде ораза да, соған сәйкес иғтикаф та бұзылады.

Алайда, аузы берік екені есінен шығып кетіп, ішіп-жеп қойған адамның оразасы да, иғтикафы да бұзылмайды. (Ибн Әбидин)

6. Иғтикаф жыныстық қатынастың нәтижесінде де өз күшін жояды, мейлі ол әдейі немесе қателесіп болсын, күндіз немесе түнде болсын, мешіттің ішінде немесе басқа жерде болсын, шәует шықсын не шықпасын. Осы жағдайлардың бәрінде иғтикаф бұзылады.

7. Иғтикаф кезінде сүйісіп, құшақтасуға жол берілмейді ‒ соның нәтижесінде шәует бөлінсе, иғтикаф бұзылады. Дегенмен, шәует бөлінбесе, ондай әрекеттердің харам екендігіне қарамастан, иғтикаф бұзылмайды. (Хидая).

Иғтикафты бұзса, күнә болып саналмайтын жағдайлар

1. Кімде-кім иғтикаф кезінде қатты ауырып қалып, мешіттен шықса ғана емделетін болса, иғтикафты бұзуға рұқсат етіледі.

2. Суға батып бара жатқан немесе өртке тап болған адамды құтқаруға не болмаса өрттің алдын алу үшін иғтикафты бұзып, далаға шығуға рұқсат етіледі. (Ибн Әбидин)

3. Әке-шешең, әйелің немесе балаларың сырқаттанып қалған жағдайда (оларға көмек керек болса немесе сырқат өте ауыр болса) иғтикафты бұзуға рұқсат етіледі.

4. Мәселен, үкіметтің тұтқындауға берген рұқсат қағазы келсе, иғтикафты бұзуға болады.

5. Мәйіт жатқан зембілді әкелсе және жаназа намазын оқитын ешкім болмаса, ондай жағдайда иғтикафты бұзуға болады (Фәтхуль-қадир).

Иғтикафтың бұзылуының салдары – қаза ережелері

1. Мәснун (сүннет) иғтикаф жоғарыда келтірілген себептердің бірінің салдарынан өз күшін жоғалтса, иғтикаф бұзылған күннің ғана қазасын өтеу уәжіп болады. Түгелдей он күннің қазасын өтеудің қажеті жоқ (Ибн Әбидин).

Сол күннің қазасын өтеудің тәртібі төмендегідей:

Осы Рамазанда уақыт болса, бір күннің күн батқан кезінен бастап, келесі күні күн батқанға дейін осы Рамазандағы қазаны өтеу ниетімен иғтикаф жасау керек. Дәл осы Рамазанда уақыт болмаса немесе қандай да бір себеппен бұл айда иғтикаф жасау мүмкін болмаса, Рамазаннан басқа кез келген күні ораза ұстап, иғтикаф жасауға болады. Екінші жағынан, иғтикафтың қазасын келесі Рамазанда да өтеуге болады. Дегенмен, оның сол уақытқа дейін өмір сүретініне ешқандай кепілдік жоқ болғандықтан, қазаны мейлінше тезірек өтеу керек.

2. Егер мәснун иғтикаф бұзылса, мешіттен шықпаған жөн. Бірақ, соңғы он күннің қалған бөлігінде нәпіл иғтикафқа ниет етіп, иғтикафты жалғастыруға болады. Осылайша, муаққада сүннет орындалмаса да, нәпіл иғтикафтың сауабын алуға мүмкіндік бар. Екінші жағынан иғтикаф әлдебір еріксіз себеппен бұзылған болса, Алла Тағаланың ол адамға Өзінің шексіз мейірімін төгіп, соңғы он күннің мәснун иғтикафындай сауап беруі де ғажап емес. Сондықтан, иғтикаф бұзылған жағдайда мешітте қалып, келесі күні нәпіл иғтикаф жасауға ниет еткен дұрыс.

Иғтикаф әдептері

Иғтикафтың мақсаты дүниеуиден түгелдей оқшауланып, бар жан-тәніңмен Алланы зікір етуге берілу болғандықтан, иғтикаф кезінде артық сөз бен қимылдан аулақ болу қажет. Уақытты парыз немесе абзал намаздарды оқумен, Құран оқумен, зікір немесе тәсбих айтумен және басқа да ғибадат түрлерін жасаумен өткізу керек. Оған қоса, ислам ғылымдарын үйрену немесе, керісінше, содан сабақ беру, діни ғылымдар бойынша кітаптарды зерттеу өте абзал амал болмақ.

Иғтикаф кезіндегі рұқсат етілетін (мубах) іс-әрекеттер

Иғтикаф халінде төмендегі іс-әрекеттермен айналысуға рұқсат етіледі:

1. Ішіп-жеу.

2. Өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қатысты сатып алу-сатуға қажетті келісімдер. Алайда, мешітті сауда-саттық орнына айналдыруға болмайды (Кази Хан).

3. Ұйықтау.

4. Шашты қидыру, бірақ, шаш мешітті ластамауы керек.

5. Сөйлесуге болады, бірақ, артық әңгімеден аулақ болған жөн (Ибн Әбидин).

6. Неке қидыру және басқа да келісімдер жасау (Әл-Бәхр).

7. Киім ауыстыру, әтір мен иіссу себу (Куласатуль-фәтәуә).

8. Мешіттегі науқасқа көмектесу мақсатымен дәрі беру немесе таңғышын ауыстыру (Даруль-улюм Деобанд пәтуалары).

9. Құран мен дін сабақтарын беру (Ибн Әбидин).

10. Киім тігу және шомылу, бірақ, мешітке су шашылмауы керек. Бұл ереженің кір немесе ыдыс жууға да қатысы бар.

Бұл іс-әрекеттердің бәрі иғтикафты бұзбайды және мәкрүх болып саналмайды.

Иғтикаф кезіндегі мәкрүх іс-әрекеттер

1. Мүлде үнсіз болу, себебі, мүлде сөйлемеу иғтикафтың шарты емес. Егер кімде-кім иғтикафта үндемеу керек деген ниетпен үнсіздік сақтаса, жаман жаңалық (бидғат) енгізгені үшін күнәға батады. Алайда, үнсіздікті ғибадатқа жатқызбай, тек күнәдан аулақ болу үшін үнсіздік сақтауға рұқсат етіледі. Дегенмен, қажеттілік туындаған сайын сөйлесуден тыйылудың қажеті жоқ (Дурр әл-Мухтар).

2. Қажеттілік туындағанда сөйлесуге болады, алайда, бос сөз бен қажетсіз әңгімеден аулақ болған абзал (Минхатуль халик).

3. Сатуға арналған тауарды әкеліп, мешітте қалдырмаған жөн.

4. Мешітте иғтикаф жасап жатқан басқа да адамдарға немесе намаз оқып жатқандарға қиындық тудырып, орын алып отыру.

5. Иғтикаф кезінде хат жазғанға, киім тіккенге немесе оқытқанға адамдардан ақы алу мәкрүх болып саналады (Әл-Бәхр). Алайда, иғтикафтың сол күндерінде күн көруге қаражатың жоқ болса, табыс әкелетін қандай да бір іспен айналысуыңа болады (ең дұрысын Алла біледі).

Жалпы алғанда, сүннет-ғибадатты орындау кезінде мәкрүх іс-әрекеттермен айналысу дұрыс болмайды.

Мәнзур иғтикаф

Иғтикафтың екінші түрі – мәнзур иғтикаф, яғни, серт [нәзр] айтып, өзіңе міндет етіп алған иғтикаф.

Мұның иғтикафтың сирек кездесетін ерекше түрі екенін ескере отырып, төменде қажет ережелер ғана келтірілді. Толығырақ ақпарат алу үшін фиқһ кітаптарына немесе ғұламаларға жүгінген жөн.

Нәзр-иғтикафтың екі түрі бар: нәзр муайян және нәзр ғайр муайян.

1) нәзр муайян: белгілі бір күні немесе бірнеше күн не болмаса белгілі бір айда иғтикаф жасауға ниет еткенде.

Мәселен, Шағбан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасаймын деген нәзр (ант) берген жағдайда. Алайда, әлдеқандай себеппен ол күндері ораза ұстай алмайтын болсаң, олардың қазасын басқа күндері өтеу керек. (Ибн Әбидин)

2) нәзр ғайр муайян: иғтикаф жасау үшін ешқандай нақты ай немесе күн белгіленбеген жағдайда. Мәселен, біреу үш күн бойы иғтикафта боламын деп нәзр жасайды. Оған өзі ораза ұстай алатын кез келген үш күнде иғтикаф жасауға рұқсат етіледі. Сөйтіп, ол сол күндері иғтикаф жасаса, оның нәзрі орындалады.

Нәпіл иғтикаф

1. Иғтикафтың үшінші түрі нәпіл иғтикаф деп аталады. Иғтикафтың бұл түрін орындау кезінде ораза ұстау міндет емес, оның белгілі бір уақыты немесе мерзімі жоқ. Кез келген уақытта және кез келген мерзімге иғтикаф жасау ниетімен мешітке кірсең, иғтикафтың сауабын аласың.

2. Рамазанның соңғы он күнінде егер кімде-кім он күннен аз уақытта иғтикафта болуға ниет еткен болса, ол нәпіл иғтикаф болады.

3. Егер кімде-кім мешітке намаз оқу мақсатымен барса және мешітке кіретін кезінде мешітте өткізетін уақытында иғтикаф жасағысы келетінін айтып, ниет етсе, онда ол иғтикафтың сауабын алады.

4. Мешітте отырған уақытта нәпіл иғтикаф өз күшінде болады. Мешіттен шыққанда ол иғтикаф аяқталады.

5. Нәпіл иғтикаф жасап жатқан адам иғтикафта қанша уақыт боламын деп ниет еткен болса, мешітте сонша уақыт болуы тиіс.

6. Әйткенмен, егер ол қандай да бір себеппен белгіленген уақыт өтпей тұрып мешіттен шықса, онда мешітте болған уақыты үшін сауап алады. Қалған аяқталмаған бөлігінің қазасын өтеуге міндетті емес (яғни, бұл оған уәжіп емес). (Ибн Әбидин).

7. Егер кімде-кім, мәселен, үш күн бойы иғтикафта болуға ниет етсе, содан соң мешітке кіргеннен кейін иғтикафын бұзатын әрекет жасаса, ондай жағдайда оның иғтикафы аяқталады, яғни, ол иғтикафы бұзылғанға дейін мешітте өткізген уақыты үшін сауап алады. Оның үстіне, (уақыттың аяқталмаған бөлігінің) қазасын өтеу оған уәжіп болмайды. Мұндай жағдайда ол өзі қаласа, мешіттен кетуіне болады немесе иғтикафқа қайтадан ниет етіп, мешітте қалуына болады. Мұндай жағдайда қанша уақыт иғтикафта болуға ниет етсе, сол уақытты аяқтағаны абзал болады.

Әйелдің иғтикафы

1. Иғтикафты ерлер ғана емес, әйелдер де орындай алады. Десе де, әйелдер иғтикафты мешітте жасамаулары керек. Олар өз үйлерінде ғана иғтикафқа кіре алады(бұл ‒ ханафи мәзһабының ғұламаларының пікірі, ал, шәфиғит ғұламалар, керісінше, иғтикаф мешітте ғана жасалады деп санайды).

Әйел адамның иғтикафының жөн-жосығы мынадай:

Әйелдер иғтикафты үйлерінде өздері намаз оқитын және басқа да ғибадаттарын жасайтын жерде орындаулары керек. Егер ондай орын бұрын-соңды белгіленбеген болса, иғтикаф басталмас бұрын сондай жерді белгілеп, сол жерде иғтикаф жасаған жөн (Ибн Әбидин)

2. Егер үйде намаз оқуға нақты бір жер белгіленбеген болса, ондай жағдайда әйел иғтикаф жасауға үйінің ішінен кез келген жерді белгілеп, сол жерде иғтикаф жасай алады. (Әләмгири)

3. Тұрмыстағы әйел иғтикаф жасау үшін міндетті түрде күйеуінің келісімін алуы тиіс. Әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз иғтикафқа кіре алмайды. (Ибн Әбидин).Дегенмен, ерлер ешқандай себепсіз келісімдерін беруден бас тартып, әйелдерін иғтикаф жасау мүмкіндігінен айырмаулары керек.

4. Әйел күйеуінің рұқсатымен иғтикафқа кіргеннен кейін күйеуінің оған иғтикафты орындауға тыйым салуына немесе оны аяқтауға кедергі келтіруіне рұқсат етілмейді. Дегенмен, ол әйеліне иғтикаф жасауға кедергі келтірсе, әйел адамға ондай иғтикафты аяқтау қажет емес (Әләмгири).

5. Иғтикаф кезінде әйел адам хайыз немесе нифәс күйінде болмауы тиіс, яғни, ол хайыз немесе нифәс күйінде иғтикафқа кіре алмайды.

6. Сондықтан, әйел адам етеккірдің уақыты иғтикафқа тұспа тұс келетін-келмейтінін мәснун иғтикафқа кірмей тұрып анықтап алуы тиіс. Егер етеккір Рамазанның соңғы он күнінің соңында келуі керек болса, оның мәснун иғтикафқа кірмегені дұрыс. Десе де, ол етеккір келгенге дейін нәпіл иғтикаф жасай алады.

7. Егер әйел иғтикафқа кірген болса, сол уақыт аралығында етеккірі басталса, онда етеккір басталған бойда иғтикаф жасаудан бас тарту оған уәжіп (міндет) болады. Мұндай жағдайда оған (етеккірдің келуінің нәтижесінде) иғтикафты тоқтатуына тура келген күні үшін ғана иғтикаф жасау уәжіп болады.

Мұндай қазаның жөні мынадай:

Әйел етеккірден тазарғаннан кейін кез келген күні ораза ұстап, иғтикаф жасайды. Рамазанда уақыт қалса, қазаны Рамазанда өтеуіне болады. Мұндай жағдайда Рамазанның оразасы жеткілікті болады. Әйтсе де, ол етеккірден тазарған кезде Рамазан аяқталып кетсе, онда ол содан кейін бір күн бойы қаза иғтикафты өтеу үшін арнайы ораза ұстауы қажет. (Бехишти Зеуарға түсініктеме)

8. Мешітте иғтикафта болу ережелерінің бәрі әйел адамның өз үйінен иғтикаф жасау үшін таңдап алған орнына да қатысты. Оған шариғаттық қажеттіліксіз ол жерден кетуге рұқсат етілмейді. Ол жерден кетіп, үйдің басқа жеріне ауыса алмайды. Олай істесе, оның иғтикафы бұзылады.

9. Ерлердің мешіттен шығуына қатысты қолданылатын қағидалар әйелдерге де қатысты қолданылады. Ерлерге мешіттен шығуға рұқсат беретін қажеттіліктер мен талаптар (жаназа оқудан басқа) әйелге де иғтикаф орнынан кетуге рұқсат береді. Ерлердің мешіттен шығуын рұқсат ететін істер әйелге де иғтикаф орнынан шығуға рұқсат береді. Сол себепті, әйелдер иғтикафқа кіру үшін сәйкес бөлімде осыған дейін талқыланған мәснун иғтикаф ережелерімен мұқият танысулары керек.

10. Иғтикаф кезінде әйелдер иғтикаф орнында отырып, тігін тігіп, тоқыма тоқи алады. Сондай-ақ, олар үй шаруасын жүргізу мәселелерінде үйіндегі басқа адамдарға нұсқау бере алады. Дегенмен, олар иғтикаф үшін белгіленген жерден кете алмайды. Оның үстіне, әйел адамның иғтикаф кезінд зікірге, тәсбихке, Құран оқуға және өзге де ғибадат түрлеріне көңіл бөлгені абзал. Басқа мәселелерге аса көп уақытын арнамағаны дұрыс.

____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz

Пятница, 24 Июнь 2016 11:29

Бас мүфтидің үндеуіне қолдау

Барша айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға пітір садақа беру уәжіп саналады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде : «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас», - деген. Тағы бір сөзінде Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) пітір садақаны: адамның оразасы кезіндегі қателіктерінен тазаруы және міскіндерге тағам ретінде көмек болуы үшін міндеттеген» -деп айтқан.

Ислам діні садақа арқылы қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың арасын біріктіріп, олардың өзара түсіністігі мен бауырмалдығын арттырады. Әрбір садақа беруші адамның көңілі мен жүрегі қуанышқа толып, дүниеқорлық ауруынан арылады.

Жүрегінде иманы бар адамдардың жомарттық пен жанашырлық сезімдері оянып, қызғаншақтық пен пайдакүнемдік қасиеттері жойылады. Пітір садақаны шын ниетімен берген адамға, Алла тағала осындай сауабы үшін мол жақсылықтар беретіні хақ.

Жалпы бұл қасиетті айда берілетін садақаның өз ерекшелігі бар. Жыл сайын пітір-садақа мөлшері белгіленіп, осы айдың ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін берілуі шарт.

Биылғы жылы да Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшерін 200 теңге көлемінде бекітіп, өзінің халыққа жолдаған үндеуінде жұртшылықты қайырымдылық істерге шақырды.

Менде дін қайраткері ретінде аталған үндеуді толығымен қолдаймын. Ораза басталғалы бері мешітімізде күніге мұсылман бауырларымызға ауызашар беріліп, қала тұрғындары арнай қойылған жәшікке пітір садақаларын берді.

Көптеген азаматтар жоғары саналылық танытып, өзгелерге өнеге көрсетті. Оларға тек Алла Тағала нұрын шашып, қолға алған істерінің берекесін берсін дегім келеді.

Қостанай қалалық мешітінің
бас имамы
Шоқан қажы Әмірханов

Облыстық «Марал ишан» мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы жұмыс істеуде.

Мұнде осы кезеңде шәкірттерге «Құран әліппесі, әдеп пен тәлім-тәрбие, ислам ғибадаты, пайғамбарлар тарихы» жайлы дәріс беріледі. Олардың әр қайсысының да өзіндік тағылымы мол.

Мәселен, курстағы ер балаларға жуырда ғана аталмыш мешітке найб имам болып тағайындалған Әлішер Балахмет ұстаздық етуде.

Ол дәріс алып жатқан балалардың уақытты тиімді пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде тиянақты болуларына айрықша назар аударуда. Сонымен қатар түрлі ойындар өткізіп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға көп көңіл бөлуде.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником