Міне енді санаулы күндерден соң биылғы 2016 жылдың, яғни хиджри жыл санауы бойынша 1437 жылдың қажылығы да басталады.
Осыған орай барлық жерде «қажылық парызымды өтеймін»,-деп ниеттенген жандар сапарға жан-жақты дайындалуда. Сол себепті Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тапсырмасы негізінде Қостанай облысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қанша дегенмен қажылық сапары кезінде миллиондаған адамның ішінде жүріп кейбір амалдарды ұмытпай, парыздары мен сүннеттерді толық орындаған кезде ғана қажылық міндеті өтелген болып есептеледі.
Міне сондықтан да қажылыққа барам деушілерді алдын-ала дайындау мешіт имамдарына жүктелген. Осы орайда облыс көлеміндегі барлық мешіттер және облыстық «Марал ишан» мешітінде әр намаздардан соң «Қажылық сапары» тақырыбында дәрістер оқылып, жасалатын амалдар бойынша үйрету сабақтары өтуде.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Еліміз тәуелсіздің алғалы міне 25 жыл толғалы отыр. Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, осы егемендіктің арқасында дініміз күннен күнге көркеюде. Қостанай облысына қарасты Лисаков шаһарында 2015 жылы жаңа қалалық мешітінің құрылысы басталған болатын. Негізгі қаржыландыру көзі халық және жаны жомарт кәсіпкерлер. Мешіт құрылысы қаржы тапшылығына байланысты уақытша тоқтап та қалған болатын. Енді міне құрылыс жұмыстары қайта басталып та кетті.
Жуырда Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет осы имандылық ордасында болып, қызу жүріп жатқан жұмыс барысымен танысты. Ондағы істерді өз көзімен көріп, біраз жайға қанықты.
Осы киелі орынның құрылысы бойынша Лисаков қаласының бас имамы Серік Темірбекұлы бас имамға жұмыс барынша қарқын алып жатқандығын баяндады.
Егер жұмыс осылай жалғасын тапса, оны 2017 жылы пайдалануға беру жоспарланғанын айтып өтті. Лайым, сол күнге аман-есен жетейік, ағайын!
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жақында облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамдарымен бірге облыс көлеміндегі намазханаларды аралады.
Бахытбек Нұрғабылұлы бастаған дін қайраткерлері алдымен Әулекөл ауданының Құсмұрын кентіндегі намазханаға жаңадан имам тағайындап елмен, ондағы басшылықпен таныстырды.
Онан соң Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің жамағаттарымен жүздесті. Онда өкіл имам уағыз айтып, өңірдегі қалыптасқан діни ахуал және алда тұрған міндеттер жайлы жан-жақты әңгімеледі.
Содан соң дін саласының қызметкерлері аталған шаһардағы УК 161\12 еңбекпен түзету мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан кісілермен кездесіп, жағдайларымен танысып, уағыз-насихат жүргізді.
Сондай-ақ Арқалық қаласының аумағында орналасқан ауылдық мешіттер мен намазханаларда халықпен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
Мәселен, олар Фурманов ауылдық «Тәубе», Молодежный елді мекеніндегі «Жұмаш» мешіттерінде, Аманкелді ауданының Тасты ауылдық намазхзанасында, Амантоғай ауылдық мешіті мен Қарасу ауылдық намазханасында жергілікті мұсылман ағайындармен кездесіп, жай-күйлерімен танысты.
Жүздесулер әсерлі өтті. Ондағы намазхан бауырларымыздың көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарына нақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жақында Рудный қалалық әкімдігінде «Проблемы и перспективы гендерного равенства: право, политика, экономика и социум» деген тақырыпта семинар болып өтті.
Аталмыш жиынға «Лига счастливых женщин» ҚҰ төрайымы С.Гумирова, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.Скаредина, қалалық маслихаттың депутаты Р.Гилязутдинова, «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалының бухгалтерлік есеп және статистика бөлімінің бастығы С.Мазур, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Рудный филиалының директоры С.Абулгазиева, Рудный прокуратурасының прокуроры Б.Мұқанова, қалалық білім бөлімінің бас маманы С.Радионова және осындағы «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселе жайлы өз ойларын ортаға салды.
Басқосуда әрбір саланың білікті мамандары гендерлік саясаттың жағымды және жағымсыз жақтарына байланысты пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ семинарға қатысқан жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі