Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

05

Қостанай облысы бойынша өкілділігінің әйелдер-қыздар секторы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ерекше бастамасы негізінде спорттың волейбол және шахмат түрінен намазхан әйелдер мен қыздар арасында жарысқа 4 командадан 24 адам қатысты. Қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Фатима» тобы, екінші орынды «Қызғалдақ» және үшінші орынды «Фердаус» тобы иеленді.

07

Ал шахматтан өткен жарыста бірінші орынды Әсем Найзабекова, екінші орынды Гүлжихан Есенжолова, үшінші орынды Сәуле Дүйсеке иеленді.

04

Жалпы аталмыш сайыстарға аруларымыздың жан-жақты дайындықпен келгендігін көрсетті. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

02

Сонымен қатар әйелдер-қыздар секторының Қостанай облысы бойынша өкілі Аяулым Ермекқызы бастаған арулар қалалық №2 емханада болды. Онда қаралып жүрген аналардың хал-жағдайын біліп және қызмет көрсетуші ақ халатты абзал жандарға гүл шоқтарын табыс етті.

01

Соынмен бірге әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қайырымдылық ретінде азық-түлік таратылды.

03

Сауат мен уағыз-насихат жұмысы да жанданып, жүрегі нәзік шәкірттер қатары көбеюде.

06

Міне, өңіріміздің әйелдер-қыздар секторы жұмысы барысында, әйел адамға қандай құрмет көрсетілсе де артық еместігі көрсетілуде.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 09 Март 2017 15:43

Аурудың емі – саудың сәлемі

Жуырда Қостанай облысы Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы аталған шаһардағы өңірлік ауруханада болып, сырқат жандардың хал-жағдайларын білді.

01

Дана халқымызда: «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген қасиетті сөз бар. Шындығында да тәнін дерт шалып, қиналып жатқан адамның көңілін сұрап бару – оларға үлкен демеу, рухани көмек болатындығы белгілі.

01

Мұны жете түсінген аталмыш мешіттің қызметкерлері мен дәріс алушы шәкірттер науқас жандардың көңілін сұрап, олардың құлан-таза айығып оралуларына тілектес екендіктерін жеткізді.

01

Мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы терапия, хирургия бөлімшелеріне арнайы кіріп, емделіп жатқан жандарға ең ізгі лебізін білдірді.

01

Сонымен қатар ол сырқат кісілерге имандылыққа шақырар уағыз-насихат сөздерін де білдіріп, оларға өзі басқарып отырған мешіт атынан «Мұсылман сипаты», «Әдептілік» туралы тағылымы мол кітапшаларды және арнайы алынған тәттілерді табыс етті.

Аурухана дәрігерлері мен емделіп жатқан үлкенді-кішілі қауым имандылық жолында жүрген мешіт қызметкерлеріне шын жүректен шыққан ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Четверг, 09 Март 2017 10:13

Ақпараттық жұмыс жандануда

01

Жақында Қостанай облысының Науырызым аудандық ақпараттық - насихаттық тобының мүшелері – «Түркебай» мешітінің бас имамы Н.Сыздықов, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскер Д.Тасанова және Жастар ресурстық орталығының психологы Ә.Шалдыбаева аудандағы Жамбыл орта мектебінде «Иманды ұрпақ – жарқын болашақ» деген тақырыпта кездесу өткізді.

01

Кездесуде бас имам Нұрлан Сейілханұлы жастарға бағыт бағдар беретін насихат айтып, қазіргі таңдағы еліктіргіш нәрселердің жетегінде кетпей, ғаламторды пайдалануда тек пайдалы болған дүниелерді қарауға шақырды. Сонымен қатар жастардың албырт шағында қызбалыққа салынбай, әр істе ойланып істеуді, ата-ана, ұстаздардың кеңесіне құлақ асу керектігін баса айтты.

01

Өз кезегінде басқа мамандар болашақ еліміздің тірегі болып табылатын мектеп оқушыларына психологиялық тренинг ұйымдастырды.

01

Жалпы бұл кездесу оқушыларды үлкен әсерге бөледі және көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, оған жауаптарын алды.

01

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 07 Март 2017 12:47

Федоровтағы Мәуліт мерекесі

Қасиетті Мәуліт мерекесі барша мұсылмандар үшін жақсы амалдар мен сауапқа кенелетін берекелі ай екендігі белгілі.

news01

Осыған орай Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің ұйытқы болуымен жоғарда аталған Мәуліт мейрамына байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.

news01

Мәселен, аудандағы балалар үйінде 25 балаға дастархан жайылып, оларға шын жүректен шыққан шынайы лебіздер айтылды.

news01

Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ұлттық спорт ойындарына баулу мақсатында қазақ күресінен балалар және ересектер арасында жарыс өткізілді.

news01

Сонымен қатар палуандарға жоғарда аталған мерекенің мән-маңызы түсіндірілді. Сайыс соңында ерекше көзге түскен азаматтарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 06 Март 2017 16:24

Қыз бала – ұлттың ұяты

Қостанай облысының Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің «Қыздар және әйелдер секторы» ҚМДБ-ның бастамасы негізінде студент намазхан қыз-келіншектермен тәрбиелік маңызы зор дәріс өткізді.

01

Бұл іс-шараны мешіт имамы Б.Уәлиев бастап, асыл дініміз Ислам мен ұлттық дәстүрімізде бала тәрбиесіне, әсіресе, қыз бала жайына көп көңіл бөлінгендігін айтты.

Өйткені, қыз бала ертеңгі ана, сондықтан бұл мәселеге айрықша назар аударылуы қажет. Түсінген адамға «Қызға қырық үйден тыю» деген бір ауыз сөзде үлкен мән жатыр.

01

Осы басқосуда ұстаз Диана Қайырбекқызы дініміз Исламдағы қыз балаға тән әдептіліктер жайында насихат айтып, бұл кездесудің қыздарымызға беретін үлкен тәрбиелік мәніне тоқталды.

Жиын соңынды қыз-келіншектерге қайырымдылық дастарқаны жайылып, оларға лайықты құрмет көрсетілді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 03 Март 2017 17:26

Имамдар басқосты

01

Жуырда Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосты. Кездесудің алғашқы күндері имамдарға арналған Фикһ, Ақида бойынша тереңдетілген сабақтар өткізілді.

01

Сондай-ақ семинар барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

01

Сонымен қатар қазіргі таңда оқу-ағарту, үгіт-насихат, қайырымдылық, экстремистік ағымдармен күрес және қыздар-әйелдер секторы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуы жайында да сөз болды.

01

Семинарда облыстық «Нұрлы мінбер» байқауына қатысатын имамдар да анықталды. Мұндай басқосудың әрқашанда берері мол екендігін сезінген дін қызметкерлері жауапты жұмыстарына қызу кірісіп кетті.

01

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 03 Март 2017 11:54

Рухты нұрландырар кеш

01

Қостанай облысының Қарабалық ауданында күллі мұсылман жұрты атап өтетін Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың туған күні атап өтілді.

01

Кеш аясында жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда мұсылмандық жабдықтар, жеке кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар дайындаған тәтті тоқаштар, түрлі піспелер қойылды. Сатылымнан түскен қаражат тұрмысы нашар, көп балалы отбасыларға қайырымдылық мақсатында жұмсалуы жоспарланған.

01

Рухани кешті мерекелеуге келген халықтың қарасы көп болды. Қарабалық ауданының әкімі Қанат Ғабдулин, Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бақытбек қажы Тәжімбет, Ресейдің Троицк қаласы мешітінің бас имамы Аязбек Нұртышев, Федоров, Әулиекөл, Алтынсарин аудандарынан келген қонақтар кештің ажарын аша түсті.

01

Шара ең әуелі қаситетті Құран оқудан басталды. Онан соң келген қонақтар құттықтауларын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді. Кеште адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың ғибратқа толы өмір жолы мен өнегелі істері жайлы бейнебаян көрсетілді.

01

Мереке соңы марапаттармен жалғасты «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Төлеген қажы Керімбаев мерекенің басты демеушісі атанған «Құлан» ЖШС өкіліне алғыс хат табыстады және №3 Қарабалық орта мектебі оқушылары арасында ұйымдастырылған зияткерлік ойынының жеңімпаздарын марапаттапды.

06

Рухани іс-шара соңында «Ғашура ана» мешітінде ақ дастарқан жайылып, ас берілді. Мешіт ұжымы Мәуліт мерекесін жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға қол ұшын беріп, атсалысқан барша мұсылман жамағатқа алғысын білдіреді.

06

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 01 Март 2017 10:18

РАНТ мүшесі Қостанайда

photo00001

Қостанайға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ (республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Смагулов Құрмет арнайы іс сапармен келді.

photo00001

Белгілі дін қайраткері Құрмет Нұрмұхамбетұлы осы сапар барысында Қостанай ауданындағы «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» студенттерімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» курсанттарымен кездесті.

photo00001

Сондай-ақ ол облыстық, қалалық және Рудный шаһары мешіттерінің жамағаттарына уағыз-насихат айтып, олардың сұрақтарына нақты жауап берді.

photo00001

Сонымен қатар РАНТ мүшесі Қостанай облысы көлеміндегі мешіттердің имамдарына семинар-сабақ өткізді. Оларды толғандырып жүрген мәселелерге байланысты ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер жайлы әңгімеледі.

photo00001

photo00001

photo00001

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 27 Февраль 2017 18:50

138 адамға көмек көрсетілді

01

Қостанай облысы өкілділігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы негізінде «Мүгедек жандарға қамқор болайық» деген тақырыпта үстіміздегі жылдың ақпан айында қайрымдылық ісшарасын өткізді.

Мәселен, Қостанай облысына қарасты қалалар мен аудандардың барлық мешіттердің қызметкерлері сол тұрғылықты жердегі мүгедек жандардың хал-жағдайларын біліп, оларға ерекше көңіл бөлді.

01

Әрбір мешіт ұжымы өздерінің мүмкіндіктеріне қарай аталмыш шара негізінде мүгедек жандарға көмек көрсету, көңіл бөлу бойынша нақтылы тағылымдық жағы мол кездесулер ұйымдастырды.

Қайырымдылық - асыл қасиет. Сондықтан оны түсінген азаматтар бұл ортақ іске үлес қосуға қашан да дайын. Осы күнге дейін өңір бойынша 138 адамға көмек көрсетіліп, олардың ризашылығына бөленді.

01

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 27 Февраль 2017 09:27

Ұзынкөлде өткен рухани кеш

photo00001

Қостанай облысы орталығынан едәуір жерде жатқан Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенкелді қажы Әжімахантегінің ұйытқы болуымен жергілікті ағайындарға ғибраттық жағы мол талай кештер өткізіліп келеді.

Бұдан бұрын да белгілі дін қайраткерінің іскерлігінің арқасында жұртшылыққа өнегелік жағы ерекше шаралар жүзеге асырылды. Жас өспірімдердің ой-өрісін кеңейту мақсатында еліміздің бірқатар өңірлеріне саяхаттар жасалды.

photo00001

Ол кезінде баспасөздерде жазылып, оқырмандар хабардан етілген-ді. Жуырда Мәуліт мерекесінің аясында аудан орталығындағы № 2 Ұзынкөл орта мектебінде 9 жас келіншектердің қатысуымен дәстүрге айналған «Келіндер сайысы» болып өтті.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет қатысты. Бас имамның ауданға келуі сайыстың мәртебесін арттырды.

photo00001

Әділқазылар алқасына осы аудандағы ардақты да абзал аналар Бибіжар Бұхметова, Күлтай Қапезқызы, Сара Бағытбайқызы еніп, өздерінің лайықты бағаларын берді.

Жас келіндер сайысы барысында олардың біреуі әуелете ән шырқаса, екіншісі сөздің інжу-маржандарын кестеледі.. Ал енді біреулері би билеп, өзгелері де өнерлерін көрсетті. Бәрі де өздерінің жан-жақты дайындықпен келгендерін танытты.

photo00001

Олардың ой-өрісін, пайым-парасаттарын тексеру мақсатында түрлі сұрақтар қойылып, қатысушылар тиісті жауаптарын берді. Әйел затына сын боларлық тағам дайындау, ісмерлік таныту және басқа да өнегелі ұлттық салт-дәстүрлеріміз жан-жақты көрсетілді.

photo00001

Бұл жарыста жұртшылық назарына ұсынылған жайлар, әсіресе, залда отырған бойжеткендер мен бүлдіршін қыздарымызға ерекше әсер етті. Аудандағы ағайындар сайыстың танымдық-тәрбиелік жағынан ұмытылмас ғибрат алды.

Сайыстың қорытындысында облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сөз алып, жеңімпаздарға сыйлықтарды табыс етті. Барлық қатысушыларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында қуаныш пен бақытқа кенеле берулеріне тілектес екендігін жеткізді.

photo00001

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником