Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 18 Сентябрь 2024 09:11

Озерный намазханасындағы игі іс

Жуырда облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылындағы қалпына келтіріліп жатқан намазхананың құрылысымен танысты.

Жұмыс барысы көңіл қуантарлықтай. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, Бас имаммен бірге жоғарыда аталған ауданның әкімі Берік Таңжарықов және «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы болды.

Аудан әкімі Берік Қуанышұлы тарапынан қолдан келген көмек жасалмақ. Ол болашақта осында қызмет атқаратын дін қызметкерін баспанамен қамтамасың етуге уәде берді.

Құрылыс жұмысы осы қарқынмен жалғаса берсе, имандылық ордасы жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деген үміттеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 17 Сентябрь 2024 18:27

Білікті маманмен кездесу

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен кездесті.

Білікті маман жиында қазіргі таңдағы өзекті мәселе «Деструктивтік ағымдар» туралы уағыз айтты. Жүздесу өте әсерлі өтті. Қатысушылар оны ұйып тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Сентябрь 2024 11:40

Жаңа имам қызметіне кірісті

Қасиетті жұма күні Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығымен осы имандылық ордасына бас имам болып тағайындалған Сабыржан Зейнелғабиденұлы Есмурзинді жұртшылыққа таныстырды.

Белгілі дін қайраткері Бектұрсын Торғайбайұлы оны шын жүректен құттықтап, жауапты қызметінде табыс тіледі. Ол осыған дейін Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітіне басшылық етті. Оның алдында ұзақ жылдар бойы өңірдегі бірқатар аудандар мен қалаларда жемісті қызмет атқарып, үлкен абырой мен құрметке бөленді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Сентябрь 2024 11:36

Қостанайдағы «Таза әлем» тазалық акциясы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі» секторының бастамасымен «Таза әлем» тазалық акциясы өткізіліп жатқаны белгілі. Оны біздің Қостанай облыстық мешітінің қызметкерлері де бірауыздан қолдап, оған өздерінің лайықты үлестерін қосуда.

Бүгін облыстық мешітте ол игі жалғасын тапты. Әп-сәтте аталмыш мешіттің айналасы мен ауласы тазартылып, айнадай жарқырап шыға келді. Оған облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлынан бастап, барлық найб имамдар мен дін қызметкерлері белсене атсалысты.

- «Тазалық – иманның жартысы» деп босқа айтылмайды. Сондықтан біздің мешіттің қызметкерлері мұндай ортақ іске әрқашан да жұдырықтай жұмыла кірісіп, ұйымшылдық танытады. Олардың белсенділігінің арқасында ауламыз тазартылып, келушілердің назарын бірден аударды, - дейді найб имам Әлішер Ертайұлы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 12 Сентябрь 2024 09:17

Абыз ақсақалға құрмет көрсетті

Қостанай өңірінің халқына Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Қасымхан Алдабергеновтың есімі жақсы таныс.

Кеудесі шежіреге толы абыз ақсақалдың 99 жасқа толуына байланысты облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев оның берекелі шаңырағында болды.

Ол аузы дуалы, сөзі уәлі, жыршы, ақын әрі қаламы қарымды қаламгерді туған күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Ал дін қайраткерінің шынайы ілтипатына дән риза болған ардақты ақсақал, Қостанай облысының құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлы өз кезегінде Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына жаңа қызметінде толағай табыс тілеп, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев кезекті іс-сапарында Бейімбет Майлин ауданында болды. Алдымен жергілікті «Әйет» мешітінің алқа мүшелері, ақсақалдар және жастармен кездесті. Оларға ой салар уағыз-насихат айтты.

Осынау имандылық ордасының тыныс- тіршілігімен танысып, жөндеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Ондағы мұсылман бауырларымыздың тарапынан имамның қызметіне қолдау көрсетіліп жатқаны айқын байқалды.

Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұлы аталмыш ауданға қарасты Тобыл кентіндегі мешітке ат басын бұрып, мұнда тазалық мәселесіне айрықща көңіл бөлу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, сапар барысында Новоильинов ауылдық мешітіндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын білдірді. Алдағы кездері дін қызметкерлері «Уақып» қайырымдылық қорының балансына бір үйді алып, оны асханаға айналдыруды қарастыруда.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 10 Сентябрь 2024 11:36

Бас имам Атыбековтар отбасында болды

Жылдағы дәстүр бойынша қыркүйек айының басында елімізде отбасы күні аталады. Биыл «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне Қарабалық ауданынан Атыбековтар отбасы қатысты.

Осы белгілі шаңырақта 6 ұл бала тәрбиеленіп жатыр. Отағасы Жәнібек жеке кәсіпкер. Ол мал өсіріп, ел дәулетін еселеуге өзінің лайықты үлесін қосып келеді. Зайыбы Анар үй шаруашылығымен айналысады.

Әулеттің тұңғыштары биыл Астана қаласындағы оқу орнының студенті атанды. Одан кейінгі балалары Қостанай шаһарындағы Білім инновациясы мектебінің шәкірті. Өзге үш ұлдары жергілікті мектепте оқыса, кенжелері алдағы уақытта балабақшаға барады.

Жуырда аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлы аталған отбасына арнайы барып, сый-сияпат жасады. Ал мешіттің қадірменді ақсақалы Жақсылық қажы ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 10 Сентябрь 2024 09:57

Үш қызметкер пәтерлі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен біраз жылдан бері «Ел үлесі -пәтерге» жобасын жүзеге асырып келеді. Сондай қамқорлықтың арқасында елімізде қаншама көмекке мұқтаж жандар баспаналы болды.

Қостанай өңірінде де осы күнге дейін 40-тан астам адамға пәтер кілті тапсырылып, қоныс тойын тойлады. Әрине, олардың қуанышында шек жоқ.

Осы қасиетті жұма күні облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев және Зекет және қайырымдылық қорының осындағы өкілі Бақытжан Икрамұлы жиналған жамағаттың алдында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің дін қызметкерлері Абзал Бейсекев, Марат Әбділдин және Нұрлан Сейдағалиевтерге «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 778, 779, 780-ші пәтерлердің кілтін табыс етті.

Бұл көп қабатты тұрғын үйлер Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында орналасқан.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағыттардың бірі ол - жат ағымдардан сақтандыру екендігі белгілі. Бұл өзекті мәселе Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің тұрақты назарында.

Жуырда ол облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өткізген жиын, еліміздегі кезек күттірмес маңызды тақырыпқа арналды. Оған өңірдегі жат ағымға жауапты маман Сабыржан Есмурзин, облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары, сонымен қатар теолог мамандар қатысты.

Бас имам өз сөзінде, жиынның аса маңыздылығына тоқталып, барлық имам-ұстаздарды ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылып, қырағылық пен ыждағаттылық танытуға шақырды.

Сондай-ақ, аталған жұмыс барысында оның алдын алу үшін жастарға дұрыс бағыт беріп, жат ағым өкілдерінің алдап-арбауына түспеулеріне айрықша көңіл бөлу керектігін еске салды.

Асыл дініміздің кең қанат жайып өркендегенін, ынтымақ-бірлігімізді көре алмайтындар жоқ емес. Сондықтан олардың жолын кесу, халық арасында діни сауаттылық пен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үнемі күн тәртібінде тұратын маңызды міндетіміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Көзі қарақты оқырман «Қазақстан-Қостанай» телеарнасындағы «Ел мүддесі» бағдарламасында қозғалатын өзекті хабарларды үзбей көріп отыратындығы белгілі.

Жақында журналистердің арнайы шақыруы бойынша оған Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, қазақтың көрнекті ақыны Серікбай Оспанов және өңірімізге танымал азамат Болат Қалиев қатысты.

Мұнда қазіргі таңдағы жұрттың көкейінде жүрген маңызды мәселелер - жалпы қоғамда орын алған ысырапшылдыққа жол бермеу, бәсекелестік және зират және зиярат, ас беру мәдениеті, жаназа алдындағы қонақасына тосқауыл қою жайы кеңінен сөз болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«20212223242526272829»
Page 25 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником