Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жуырда, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің қатысуымен «Қайырымдылық – ізгі іс» акциясы да өз жалғасын тапты.

Бұл қайырымдылық акциясының мақсаты - көпбалалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру.

Акцияның ерекшелігі – Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складская» атты сауда орталығына барып, кәсіпкерлермен кездесіп, осы іс-шара мақсатын түсіндірді.

Бір күндік акция нәтижесінде барлық көмегін тигізген кәсіпкерлерден құны 300 мыңға жуық тұратын азық-түлік жиналып, 7 көпбалалы отбасыға және 2 көмекке мұқтаж мүгедек жандарға, сонымен қатар 1 жалғыз басты анаға тең көлемде бөлініп, таратылды. Әр отбасы шамамен 30 мың теңгенің азық-түлігіне ие болды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 28 Март 2019 12:44

Облыстық Наурыз мерекесі

Өткен наурыз мерекесі күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі ойдағыдай аталып өтілді.

Мейрамның көркі қашанда жайылған мол дастархан емес пе. Ал оның ішінде дәмі тіл үйіретін «Наурыз көженің» жөні бөлек. Ол жұма намазға және алдын ала берілген хабарландыруды естіп келген қала тұрғындарының бәріне таратылды.

Сонымен қатар мешіт ауласында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Мәселен, гір тасын көтеру, қол күресі, қой көтеру, арқан тарту секілді қара күшті қажет ететін жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осы күні «Әйелдер-қыздар» секторы да қайрымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда сатылымға қойылған заттардан жиналған қаражат қайрымдылыққа арналды.

Осылайша аталмыш мереке облыс орталығында жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткеніміз жөн. Демеушілерге Алланың нұры жауа берсін!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Наурыз мерекесі халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, араздасқан ағайынды татулыстыратын, ықылым заманнан бері тойланып келе жатқан ұлттық мереке екендігі белгілі.

Алғыс айту, көрісу, наурыз мерекесі келіп, көктем күнінің шуақты да әсем күндерінде мейірбандылық пен мейірімділікті үндейді.

Әрине, осындай тағылымы мол мерекеден мешіт тыс қалмайтындығы белгілі. Аталмыш мейрам күндері тәрбиелік мәні зор, салауатты өмір салтын насихаттайтын түрлі спорттық іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бастамасымен шаһардағы «Арай холдинг» спорт кешенінде шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

«Алғыс айту» және «Наурыз» мерекесіне арналған бұл жолдастық матч командаларды құттықтау мен аяқталды. Қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында асық атудан және өгіз тартыстан сайыс өткізілді. Жарысқа қаламыздың мектеп оқушылары қатысты. Жүлделі орынға марапат қағазы мен медальдар тапсырылды.

Сонымен қатар жұма намазынан соң мешітке келуші жамағат арасында гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды және мешітке келуші жамағатқа ұлттық тағам наурыз көже ұсынылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 28 Март 2019 12:36

Студент жастармен кездесті

Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің көкейінде жүргені мәлім. Әсіресе, жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.

Сондықтан жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Дүйсен Дайыр Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария факультетінің І курс студенттерімен жоғарыда аталған мәселлер бойынша маңызды кездесу өткізді.

Аталған жиында дәстүрлі емес діни теріс ағымдардың шығу тарихы,оның қоғамға қаупі және олардан сақтану жолдары туралы мәліметтер айтылды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы еліктіргіш нәрселердің жетегінде кетпей, яғни жат ағымдарға ілеспей, олардан алшақ жүруге, ғаламторды пайдалануда тек пайдалы дүниелерден тағылым алуға шақырды.

Сонымен қатар, жастардың албырт шағында қызбалыққа салынбай, әр істі ойланып атқаруға, ата-ана, ұстаздардың кеңесіне құлақ асу керектігін баса айтты.

Шара соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар алды, әрі өз ойларын да ортаға салды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 28 Март 2019 12:34

Тәртіп бар жерде табыс бар

Жуырда Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітінің имамы темір жол бекеті мекемесі жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Ол басқосуда табыстың көзі темірдей тәртіпте екендігін айта келіп, адалдық, ұқыптылық, жауапкершілікті сезіну секілді қасиеттер әрбір адамның қай салада жұмыс істемесін күнделікті ұстанған басты қағидасы болуы керектігін тілге тиек етті.

Имамның әңгімесін жиналған қауым ұйып тыңдады. Оған өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником