Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қасиетті Рамазан айындағы ең үлкен сауап ол қайырымдылық жасау. Міне осы орайда ҚМДБ тапсырмасы аясында Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұжымы «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Осы орайда мешітке өтініш білдірген көп балалы аналар, асыраушысынан айырылған жалғызбасты жандар, мүгедектер және тағы басқа күнкөрісі төмен 10 жанұяға «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Байшевтің ұйымдастыруы, демеуші азаматтардың қолдауымен «Рамазан сыйы» қажетті азық-түлік пакеті үлестірілді. Онда ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер секілді күнделікті аса қажетті тағамдар салынған.

Оқырмандардың естеріне сала кетер бір жай, құлшылық ордасындағы қайырымдылық шаралары Ораза басталған күні «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акциясы аясында басталып, 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген еді.

Бас имам «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайырымды да жомарт жандардың аталған шараға белсене атсалысуыға шақыратынын көпшілікке жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Бейсекеев Абзал Сұлтанғалиұлы 1987 жылы 19 шілдеде, Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген.

1993-1998 жылдар аралығында Амангелді ауданындағы «А. Иманов» орта мектебінде оқыған.

1998-2002 жылдар аралығында Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы №06 «А. Құнанбаев» орта мектебінде оқыған.

2002-2004 жылдар аралығында Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы «Кейкі батыр» №04 орта мектебінде білімді тәмәмдаған.

2006-2012 жылдар аралығында Қостанай облысы, Арқалық қалалық Арқалық қалалық педагогикалық институтында, «Экономика және құқық негіздері» бойынша сырттай мамандығын тәмәмдаған.

2008-2011 жылдары аралығында Астана қаласы «Астана медресесінде» оқыған.

2011-2014 жылдары аралығында Алматы қаласы «Нұр мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті» университетінде «Исламтану» факультетін тәмәмдаған.

2014-2016 жылдары аралығында Қостанай облысы, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имам қызметін атқарған.

2016 жылы Алматы қаласы «Нұр мүбәрәк» университетіндегі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» бойынша 10 күндік курсын оқыған.

2016-2017 жылдары аралығында Қостанай облысы Федоров ауданындағы, Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

2017-2019 жылдар аралығында, Қостанай облысы, Қостанай ауданының «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы қызметін атқарған.

2017 жылы күзінде Алматы қаласы «Нұр мүбарак» университетінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдын алу» байланысты 2 айлық курсын тәмәмдаған.

2018 жылы Астана қаласы, Астана қалалық «Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру республикалық орталығында» 25 күндік курсын бітірген.

2019 жылы 16 қаңтарынан бастап Қостанай облысы «Марал ишан» мешітінің найб имам қызметін атқаруда.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы

Туребаев Тимур Курманказыевич 1992 жылы 16-шы Тамызда Өзбекстан Республикасы, Алишер Навоий облысы, Үшқұдық қаласында дүниеге келген.

1999-2004 жылдары аралығында «Үшқұдық» қаласында орта мектебінде оқыған.

2004-2009 жылдары Қостанай облысы, Рудный қаласының қазақ орта мектебінде оқыды.

2009-2011 жылдары Рудный қаласындағы 15-ші кәсіптік лицейін «Жиһаз жинаушы» мамандығын оқып тәмәмдаған.

2010-2011 жылдары Рудный қаласында орналасқан «Рудный индустриалдық институтында» «Эксковаторшы» курсын тәмамдаған.

2011-2014 жылдары «Астана» медресесінің «исламтану» факультетін тәмамдаған.

2014-2017 жылдары «Алматы» қаласындағы «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің» «Исламтану» факультетіне оқып, қызыл дипломмен үздікке бітірген.

2017 жылдың мамыр айынан бастап, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде наиб имамдық қызметін атқаруда.

Среда, 08 Май 2019 17:39

Имамдарға пәтер берілді

Қостанай өңіріндегі дін саласында қызмет атқарып жатқан бірқатар қызметкерлер үстіміздегі жылғы Рамазан айының алғашқы күні, яғни қасиетті Ораза басталғанда үлкен қуанышқа кенелді.

Облыстық мешіттің ауызашарға арналған басқосуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет жиналған қауымның алдында наиб имам Абзал Сұлтанғалиұлына қызметтік пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Сол секілді қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде де жас маман Нұрлан Жұмабекұлы да үйлі болып, шаттыққа бөленді. Бұл оларға Рамазан айында көрсетілген үлкен құрметтің нақты көрінісі еді.

Сондай-ақ облыстың бас имамы есімі республикамызға кеңінен танымал, белгілі журналист-жазушы, дін саласын жазып жүрген қаламгер Оразалы Жақсановты зейет жасына толуымен құттықтады. Ежелден келе жатқан қазақы дәстүріміз бойынша оның иығына зерлі шапан жапты. Алдағы уақытта да оған мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Міне, облысымызда Ораза айы осындай қуаныштармен басталғанын ерекше атап өткеніміз жөн.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Сонымен, көптен күткен қасиетті Рамазан айы да келді! Қостанайлықтар биыл да Ораза ұстауға тиянақты дайындалғандығын байқатты. Өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы оның алдында оған әзірлік барысын әбден пысықтаған болатын.

Ал облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің Ислам дініне ерекше құрметпен қарайтын азамат екендігін жылда дәлелдеп келеді.

Ол басшылық тізгінін алған кезде пайдалануға берілген облыстық мешіт бұл күндері нағыз имандылық ордасына айналған. Рамазан айының алғашқы күні Архимед Бегежанұлы «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағиданы берік ұстанған жан екендігін танытты.

Мешіттің жанында 580 адамға жайылған дастарханда ауызашар беріп, көпшіліктің алғысына бөленді. Өмір көрген қарттарымыз ақ батасын беріп, оған ұзақ ғұмыр, аса жауапты қызметінде табыс тіледі.

Өңірдегі басқа да мешіттерде өткен кезеңдердегідей ауызашар беру дәстүрге айналды.

Біз сөз соңында барлық Ораза ұстаған бауырларымызға тек ізгілік, отбасында ырыс-береке тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 03 Май 2019 17:19

Рамазан айына даярлық

Алда келе жатқан Рамазан айы аса қасиетті болып табылады. Оған да санаулы күндер қалды. Қазір өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында оған дайындықтар жасалып жатқаны белгілі.

Мәселен, Қостанай шаһарындағы «Жайлаубай ата» мешітінде осы қасиетті айға әзірліктер жасалуда. Оған орыс тілінде де дайындықтар жасалды. Әрбір жексенбі күндері арнайы басқосулар өткізілді.

Мысалы, сол дәрістер барысында Оразаны қалай ұстауға болады, оның адам денсаулығы мен ағзасына пайдасы жөнінде жан-жақты айтылды.

Мысалы, сол дәрістер барысында Оразаны қалай ұстауға болады, оның адам денсаулығы мен ағзасына пайдасы жөнінде жан-жақты айтылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пятница, 03 Май 2019 17:17

Тазалық жайлы сөз болды

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр Жастар істері бойынша атқаратын іс-шаралар жоспарына сәйкес, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аграрлық-биологиялық факультетінің студенттері арасында «Табиғатты аялайық» тақырыбы аясында кездесу өткізді.

Басқосу барысында асыл дініміздің ұстанымында қоршаған ортаны, бау-бақшаны күтіп-баптау, жан-жануарға, жалпы Аллаһ тағаланың жаратылыстарына мейіріммен қарау, бергеніне шүкірлік ету, Ұлы шебердің туындыларына құрмет көрсету міндет болып саналатындығы жайлы сөз қозғалды.

Жалпы, «Жайлаубай ата» мешітінде жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол мұндай жүздесулер жиі ұйымдастырылады. Оған жоғарыда аталған басқосу жарқын айғақ болады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ислам діні - тазалық діні екендігі белгілі. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Тазалық - иманның жартысы» деп айтылған. Осы хадиске амал еткен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің жамағаты мешіт ауласын кысқы коқыстан тазартып, көктемнің шуақты күндерін тиімді пайдалану мақсатында мешіт ауласын тазартып, тәртіпке келтірді.

Алдағы уақытта қопарылған топыраққа гүлдер отырғызылатын болады.Жамағат ұйымшылдық танытып, мешіт ауласының тазаруына өздерінің айтарлықтай үлесін қосты.

Сенбіліктен кейін барлық қатысушыларға мешіт асханасында дастархан жайылды. Онда мешіттің бас имамы Мейіржан Қапарұлы көпшілікке насихат айтып, жамағатқа шын жүректен шыққан алғысын білдірді.

Сабырлық – адам бойындағы ерекше қасиет

Жақында ауданда кейінгілерге өнеге боларлықтай ерекше жүздесу болып өтті. Осындағы «Жітіқара ауданың мүгедектер достастығы» ұйымы мүгедектікке шалдыққан кісілердің «Ержан Тәтішев» мешітінде зиярат ету рәсімін өткізді.

Мешіттің наиб имамы Руслан Маратұлы оларға киелі орында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.Қонақтарға мешітті аралатып,дұға жасады.Сабырлық, сынақ хақында насихат айтты.

Сондай-ақ, келген қонақтар мешіт кітапханасында болып, дін, діл, тіл турасында пікір алмасты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 02 Май 2019 18:17

Зираттардың маңы тазартылды

«Өткенге құрмет – елге құрмет» деген үндеуге сәйкес жуырда Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бастамасымен дәстүрге айналған игі шара биыл да жалғасын тапты.

Жақында жергілікті жамағат, мекеме қызметкерлері мен жалпы қарапайым халық бірлесіп ауданда «Зират тазалығы» күнін ұйымдастырды.

Мұсылман әдебінің негізін құрайтын тазалық мәселесіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде айрықша мән берген. Соның ішінде зират басын қоқыстан тазарту бір жағынан өткенімізді құрметтеу болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды іс-шара екендігі даусыз.

Жиналған жамағат о дүниелік болған ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зираттардың маңайын тазалап,олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Таяуда Денисов ауданы «Жұма» мешітінің Бас имамы Болатжан қажы Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен мешіттің алаңына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Қазақ халқы «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтпаса керек. Ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (с..ғ.с.) мына хадисінен аңғаруға да болады: «Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады».

Тағы бір хадис шәріпте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа», – делінген.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником