Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 04 Октябрь 2019 14:14

Ардагелерге құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсылманждары діни басқармасының Қостанай облысы өкілдігі атынан Рудный қалалық және Қостанай ауданының бас имамдары Азамат қажы мен Асылхан қажы кеншілер шаһарындағы облыстық қарттар үйінде болып, көпті көрген кісілердің тұрмыс-жағдайларымен танысты.

Оларға өздерімен ала келген сыйлықтарын табыс етіп, оларға тек қана ізгілік, мықты денсаулық тіледі. Мұндағы қарттар да өздеріне көрсетілген ілтипатқа ерекше риза болды.

Жылы лебіз қашан да көңілге игі әсер етеді. Имамдардың бұл орынға ат басын тіреуі оларды қанаттандырып, қамқорлықты айқын сезінді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 03 Октябрь 2019 11:28

Арқалықта жастар форумы

Арқалық қаласында қыркүйек айының 30 күні «Жастар-Азаматтық бастамалар» орталығының тікелей ұйымдастыруымен, дін қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Зайырлы қоғамдағы жастардың рөлі» атты аймақтық жастар форумын өткізді.

Форумның негізгі мақсаты – жастардың қоғамдағы рөлін нығайту, діни сауаттылықтарын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын бойына сіңіру. Ұлтаралық татулықты ту еткен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіру. Жастардың діндегі рөлін айқындау.

Аталмыш форумға Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілі, Бас имам Б.Н. Тәжімбет, Арқалық қаласының Бас имамы Б.Т. Уалиев, қала әкімі Қ.Т. Әбішов, «Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ бас маманы С.Әбдиев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері М.О.Тазабеков, «Қостанай облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мамандары және оңтүстік өңірдің аудан жастары, қаланың құрметті азаматтары және аймақтық аудан және ауыл имамдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында жастарға рухани азық болар, тәлім-тәрбиелік әңгімелер, тұшымды насихаттар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ теологтар мен имамдарымыз секциялық жұмыстар жүргізіп, қаладағы көпсалалы, медициналық, гуманитарлық колледждерде және Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институт студенттерімен кездесулер өтті.

Аталмыш шарада облыстың өкілі, Бас имам Бақытбек қажы Нұрғабылұлы, қазіргі қоғамдағы негізсіз ақпаратты айтпау және оны таратпау туралы айтып өтсе. Қаланың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «Жат діни ағымдардан жастарды сақтандырудың жолдары және заңдық шектеулер» тақырыбы аясында әңгіме өрбітті.

Жастар орталығымен тығыз қарым-қатынаста қызмет жасап жаүрген қала имамы Бектұрсын Уәлиев өз сөзінде: «Жастар еліміздің ертеңгі болашағы, бүгінгі жастар осындай кездесулерден өздеріне ой түйіп, өмірлік бағыттарын дұрыс таңдай білсе, келешегіміз кемел боларына үміттіміз деп өтті.

Жалындаған жастарымыздың парызы ол – егемен еліміздің абыройын асқақтатып, Алла нәсіп еткен мол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, жемісті нәтижелерге қол жеткізу, Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлес қосу».....

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 03 Октябрь 2019 11:22

Амангелді: Иманың болса жүректе

Қостанай облысына қарасты Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Мүбәрәкұлы аудандық полиция бөлімінде «Иманың болса жүректе, адалдық келер әр іске» тақырыбында кездесу өткізді.

Ол Алла тағалаға иман келтірген пенде әр ісінің сұрауы барын біліп, өз-өзіне тоқтау салып, жақсылыққа бейімделіп, әр ісінен сауап алуды ойлап, күнә болып жазылатын істерден өзін сақтап жүретіндігі туралы, жақсылыққа шақырып, өзіде жақсы істерге бейім болатындығын және ондай пенде елінің гүлденуіне өзіндік үлесін қосары анық екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ имандылығымызды арттырып, тазалықпен адалдықты ұстаным қылуға шақыратындығын жеткізді. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айтылған уағыз-насихатқа дән риза болып, алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 01 Октябрь 2019 16:38

Арқалық: Есте қалар кездесулер

«Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің дін қызметкерлері, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылығы және шаһардағы қалалық жастар ресурстық орталық мамандарының бірлесуімен құрылған ЖАНТ (жергілікті ақпараттық насихаттық топ) мүшелері бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Мәселен, олар осы өңірдегі Аманкелді ауданында, Амантоғай, Фурманов, Үштөбе және Восточный ауылдарында болып, тұрғылықты халықпен кездесті. Жұртшылықтың арасында жастар да аз болған жоқ.

Қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жиналғандарға келгендегі сапарларының мақсатын түсіндірді. Сондай-ақ, дін жайлы түсінік берді. Адамгершілік және имандылық қағидаларын насихаттау, жастарды теріс ағымдардан сақтандыру, басқа да жүздесулерге қатысқан жандарға тигізер пайдасы мол әңгімелер жайлы тілге тиек етті.

Белгілі дін қайраткері, ең бастысы, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, еліміздің бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосу әрбір азаматтың басты парызы екендігін еске салды.

Жалпы, кездесу барысында дәстүрлі Ислам құндылықтары, имани тәлім-тәрбие жайлы сөз етілді. Бейнероликтер көрсетілді. Теріс ағымдар хақында брошюралар таратылды.

Осы әңгімеге арқау болған тақырыптармен қатар, ғаламторды қолданғанда, әсіресе, әлеуметтік желілерде діни ақпараттарға өте сақ болу жөнінде де баяндалды. Қажет болған діни мағлұматтарды текқана ҚМДБ-ға қарасты сайттардан алу ұсынылды.

Сөз болған жиындарда сұрақтарға нақты жауап берілді. Жалпы, апта ішінде 6 кездесу өтіп, оған 248 адам қамтылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 01 Октябрь 2019 16:29

Сүннеті орындаған үлкен сауап

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде өтетін дәстүрлі ауызашар әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері өз жалғасын табуда. Аталмыш күндері ауызашарға шақырылған жамағатқа уағыз қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Сабақ барысында «Ихъя улуму Ддин» кітабы пайдаланылады. Мәселен, қазіргі танда ауызашарға келіп, жамағатпен бір дастархан басында ауыз ашып, дәріс сабақтарына қатысушы адамдар саны, шамамен, 45-50-ді құрайды.

Болашақта ауызашарға жиналатын жамағаттың санын 70-80 адамға жеткізу жоспарда бар. Осынау мешіттегі игі істер өңірдегі өзге де парасат ордасының қызметкерлеріне өнеге болары хақ.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Таяуда қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» атындағы мешітінде есте қалар оқиға болды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша «Халал даму» бөлімінің жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы «Қособа 2017» «Мал бауыздау және ет өңдеу» қасапханасының директоры Тобыл Бейсенұлына жұртшылық алдында халал куәлігін тапсырды.

Сондай-ақ, аталған қасапханада қызмет атқаратын Құмар Балабекұлы мен Самат Бейсенұлының кәсіби біліктілігі және өз ісіне деген жауапкершілігі ескеріліп, халал қасапшы куәлігі берілді.

Куәлікке ие болған азаматтар алдағы уақытта да адал еңбек етіп, мұсылман қауымының көңілінен шыға береді деген үміттеміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 01 Октябрь 2019 10:11

Өкіл имамның Торғай өңіріне сапары

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы іс-сапармен Торғай өңірінде болды.

Осы сапар барысында облыстың бас имамы өңірдегі халықты діни сауаттандыру және жат ағымдардың алдын алу бойынша маңызды кездесулер өткізді.

Алдымен, Жангелдин ауданына ат басын бұрып, осындағы «Оспан қожа» мешітінде жамағатпен жүздесті. Содан кейін орталықтағы Ы. Алтынсарин атындағы музейде оқушылармен маңызды әңгіме ұйымдастырды.

Басқосуда жат ағымның зардабы хақында жан-жақты түсіндірді. Келесі күні Арқалық қаласына келіп, Арқалық телеарнасына «Қазіргі жастар тәрбиесі» жайында сұхбат берді. Сол шаһардағы «Көпсалалы» колледжде студенттермен кездесті.

Мұнда «Білімді ұрпақ - ел ертеңі, тәрбие - тал бесіктен» атты тақырыпта қозғалған жүздесу де өте әсерлі болды. Жиналған қауым өкіл имамның терең біліміне, шешендігіне дән риза болысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником