Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Асыл дініміз Ислам ізгілікті қолдап, мейірімділік құндылықтарды үндейді. Басқаның басындағы қиындыққа ортақтасып, жанашыр болуды насихаттайды.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі – адамдарға пайдалы болғаны», - деген ғой. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктің есігі ашылады деген ұғыммен Рудный қаласы «Нұр» мешітінің жамағаты жақында игілігі мол, сауапты істерді жүзеге асырды.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жалғызбасты қарияларға жәрдем берді. Мысалы, еріктілер тобының бірнеше намазхандарыГулус атай мен Зухра әжейдің үйлеріне барып, ауласын қардан тазартты. Тағы бір топ еріктілер мешіттің есік, терезесін жөндеп, қалыпқа келтірді.

Еріктілердің жасаған игі істері үшін Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы оларға шын жүректен алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

 

Құрметті жамағат!

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр. 

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

  • Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.

Әңгімемізге арқау болып отырған Марат Алпысбайұлы Әбділдин Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылы намазханасының молдасы болып қызмет атқарады.

Ол жуырда Алматы қаласындағы Ислам институтындағы 2-айлық білім жетілдіру курсын тәмәмдады.

Оған курсты бітіргендігі туралы куәлікті қазіргі ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы тапсырды. Бұл ізденімпаз азаматтың өмірінде ерекше орын алатындығы даусыз.

Меңдіқара ауданы "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешітінің ұжымы Марат Алпысбайұлын куәлік алуымен құттықтай отырып, оған дін қызметі жолында шаршамай талмай халыққа қызмет етуіне тілекші.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Четверг, 12 Март 2020 17:22

Ұзынкөл: Аналарға сый-сияпат

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің ұйымдастыруымен түрлі ұлт өкілдерінен тұратын ақ жаулықты аналарға лайықты құрмет көрсетілді.

Бұл жүздесудің бір ерекшелігі, Бас имам Есенкелді қажы Әжімахан жиналғандарға рухани дәріс оқыды. Аналарға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік туғызылды.

Сондай-ақ құрметке бөленген жандарға мешіт ішіндегі мұражай көрсетілді. Мұражайдағы қасиетті құрандар және қасиетті кисуалардың тарихы да баяндалды.

Барлық аналарға дайындалған сыйлықтар табыс етілді. Оларға әзірленген дастарқанда да олардың атына қаншама жылы лебіздер білдірілді.

Әйелдер қауымын аудандық мешіттің алқа мүшесі Кенесары Омарұлы, жеке кәсіпкер Меңдібай Мәзитұлышын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.

Арнайы шақырылған ғазиз аналар дән риза болып, Бас имам, ауданның құрметті азаматы Есенкелді Сақтағанұлына алғыстарын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Сарыкөл ауданының бас имамы Нұрбол қажы Балахмет осы аудандағы Злотоуст ауылында болды. Оны аталмыш ауданның әкімі Мырзағали Омаров қарсы алды.

Имам ауыл әкімі екеуі осы елді мекеннің орталығында кішкентай балдырғандар және олардың ата-аналарымен кездесті. Онда бүлдіршіндерге ұлағатты имани тәрбие беру туралы насихат айтылды және мешіт атынан сыйлық жасады.

Содан кейін осы ауылдың қарт тұрғыны, еңбек ардагері Ұлтуған Есжанова әжейдің үйіне барып, 83 жасқа толған туған күніменен құттықтап, оған мешіт атынан ықылас білдірді.

Сондай-ақ Күнтимес елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов мұражайында болып, ауыл тұрғындарына ұлтаралық және дінаралық татулық туралы әңгіме өрбітті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Әулиекөл ауданындағы бірқатар мешіттерде халықтың игілігіне айналар жұмыстар атқарылып жатқандығы қуантады. Жалаң сөзге салынбас үшін нақты дәлелдер келтіре кетелік.

Мәселен, осы аудандағы Құсмұрын елді мекенінің 105 отбасы бірігіп, ауылдағы мешіттің асханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақта онда дүниеден өткен кісінің жаназа асы, қырқы, жылы секілді рәсімдер өткізілетін болады.

Мұнда асхананың төбесіне ерекше назар аударылды. 100 литрге лайықталған су ысытатын жаңа бойлер, 2 газ плитасы қойылды. Еденге линолеум төселіп, ыдыс қоятын стеллаждар жасалуда.

Жоғарыда аталған «Хақ» мешітінің жанашыр жамағаттары барлық жөндеу жұмыстарын өздері ұйымшылдық көрсете отырып, атқарғандықтарын ерекше атап өткен жөн. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болатындығының жарқын дәлелі емес пе.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Аталған шараға қазақтың тұңғыш журналисі Мұхамеджан Сералин атындағы №3 қазақ орта мектебінің 1-10 сынып оқушылары қатысты.

Шәкірттер ұлы ақынның өлеңдерін оқыды. Бұл өлеңдерде оқу, білім, ғылым, жыл мезгілдері, табиғат көрініс тапқан. Сондай-ақ қара сөздер де қамтылды.

Әділқазылар алқасы оқушыларға лайықты бағасын берді. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, ізденістері аталып өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Салауатты өмір салтын ұстану қазіргі таңдағы еліміздің алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі. Бұл орайда өңірдегі мешіттерде де бірқатар игі шаралар жүзеге асырылып жатқандығы қуантады.

Нақты дәлелдерге сүйенетін болсақ, таяуда ғана Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті жамағаты мен екі айлық сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттердің бас қосуымен Қостанай құрылыс колледжінің спорт залында волейболдан жарыс болып өтті.

Оған21 адамнан тұратын3 топ атсалысты.Аталмыш спорттық шараның жоғары дәрежеде өтуіне әңгімеге арқау болған мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев мұрындық болды.Онда «Қалалық жамағат», «Шәкірттер», «Жастар» құрамалары арасындағы ойын өте тартысты өтті.

Ойынның нәтижесінде «Шәкірттер» құрамасы шеберлік көрсетіп, баршаны тәнті етті. Міне, осындай игі шаралар облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында жалғасын тауып жатса, құба-құп.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ислам дінінде аналардың қадірін «Жәннат аналардың аяқтарының астында» деген хадис бар. Бұл деген аналардың қаншалықты қадірлі екендігін көрсетеді.

Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің Бас имамы Есет Сейтқалиұлы бастаған мешіт жамағаты сол аудан орталығындағы сырқаттанып жатқан аналардың хал-жағдайымен танысты.

Ардақты аналарымыз да Бас имамның игі бастамасына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын беріп жатты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Вторник, 10 Март 2020 13:17

Қостанай: Жақсы сөз жанға шипа

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық онкологиялық диспансеріне барды.

Ондағы мақсат науқастанған әйелдер қауымына құрмет көрсетті. Сол жерде емделіп жатқан 15-тен асатын әйелдерге арнайы гүл шоқтары таратылып, жазылып шығуларына тілектерін білдірді.

Бұл олар үшін күтпеген қуаныш болды. Оларға Бас имам Шоқан Ғазизұлы жүрекжарды лебізін білдіріп: «Барлық аурудың еміне шипа Жаратушы Иеміз екендігін хақ. Сіздер үшін тез арада сауығып отбасыларына оралуларыңызды Алладан сұрап дұға етеміз» деді.

Осындай игі шаралар науқастанған жандардың көңіліне ерекше әсер етіп қуандырып тастады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником