Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі – қазіргі әлемдегі дінаралық татулықты нығайтып қана қоймай, бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтарды қорғауға, жастардың бойына ізгілік пен парасаттылықты сіңіруге зор мүмкіндік береді.

Қазақстанның бастамасымен дәстүрге айналған бұл халықаралық форум – еліміздің бейбітшілік пен келісім жолындағы игі үлесінің айқын көрінісі.

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам істері және уақыптар жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур Әл-Дарий мырзамен ресми кездесу өткізді.

Мәртебелі мейман Қазақстанда дәстүрге айналған халықаралық форумның бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөліне жоғары баға беріп: «Қазақстан – дінаралық татулықтың, толеранттылық пен бейбітшіліктің жарқын үлгісі. Осындай ұстаным діни бірлік пен өзара құрметті дәріптеумен ерекшеленеді. Съездің тұрақты өткізілуі – соның айғағы», – деп атап өтті.

Кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, діни пәтуа беру, жасанды интеллектті қолдану, діни білім беру және тәжірибе алмасу бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қарастырылды.

Дереккөз: VIII СЪЕЗ АЯСЫНДА ҚМДБ МЕН БАӘ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ , Muftyat.kz

Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исамен кездесті.

Мәртебелі мейман алдымен Республикалық Бас мешітті аралап, оның сәулеттік ерекшеліктерімен және діни-ағарту бағытындағы қызметімен танысты.

Кездесу барысында тараптар ислам құндылықтарын насихаттау, бейбітшілік пен келісім мәдениетін ілгерілету, өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Осы мақсатта ҚМДБ мен Дүниежүзілік Ислам лигасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өзара теңдік, құрмет, ашықтық және ортақ мақсаттарға адалдық қағидаттарына негізделген.

Кездесу соңында тараптар игі бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ , Muftyat.kz

Вторник, 16 Сентябрь 2025 09:31

Аудандағы Мәуліт мерекесі

Жақында Бейімбет Майлин ауданындағы Мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Онда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жиналған қауымды мейраммен шын жүректен құттықтап, ырыс-береке тіледі. Сондай-ақ аудан әкімінің атынан Сүндетбай Сапабеков, ауыл ақсақалдарынан Кенжебек Есжанов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Көпшілік алдында дін қайраткерлері Әлішер Балахмет, Дархан Сыздықов және Әкімбек Асановтар салауат оқыды.

Мерекенің құрметіне арнайы жылқы сойылып, халыққа ас берілді. Оған есімі елге танымал азамат Бақберген Өтеулин демеушілік етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 15 Сентябрь 2025 14:13

Сахабалар өмірінен дәрістер

Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде "Сахабалар өмірі- мұсылманның шамшырағы" атты сабақ басталды. Оны ұстаз Саидаббас жүргізді. Онда Анас ибн Малик аль-Ансаридің өмірі қамтылды.

Енді алдағы уақытта әрбір жексенбі, сәрсенбі сайын сахабалардың өнегелі ғұмыры жайлы дәріс жалғасын табады. Тыңдаушыларға есігіміз әрдайым ашық.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 13 Сентябрь 2025 10:01

Мешіттерде Мәуліт шариф оқылды

Бұл күндері өңірдегі аудандық және қалалық мешіттерде Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған Мәуліт шарифтер оқылып, жамағат одан қаншама тағылым алуда.

Мәселен, жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жұма намазынан соң оқылған Мәуліт шариф көпшіліктің көңілінен шығып, ұйымдастырушылар халықтың ризашылығына бөленді.

Осы Мәуліт мерекесіне арналған жиыннан соң көпшілік қауымға арнайы дастархан жайылды.

Сондай-ақ дәл осындай тәлімі мол басқосу Жангелдин аудандық «Оспанқожа» мешітінде де өткізілді. Онда Ризабек Батталұлы ұстаздың насихат-уағызы тыңдалып, жамағат жоғары көңіл-күймен тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 12 Сентябрь 2025 14:57

Мешіттегі жамағатпен кездесу

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Қажылық пен Ұмра – рухани күш-қуаттың кілті» тақырыбында жамағатпен кездесу болып өтті.

Жиынды қажылық бөліміне жауапты ұстаз Саидаббас Мираманов жүргізіп, Қажылық пен Ұмраның мұсылман өміріндегі алатын орны мен маңызы,олардың абзал амалдары жөнінде насихат айтты.

Сондай-ақ ол қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанында бірнеше жылдан бері халықпен тығыз байланыста қызмет атқарып келе жатқан Tawaf Travel қажылық компаниясының жұмысымен жан-жақты таныстырды.

Алдағы уақытта да қасиетті Қажылық пен Ұмра сапарларын осы компания арқылы ұйымдастыру ұсынылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Қазақтың дара перзенті Міржақып Дулатұлы кезінде «Оян қазақ!» деп ұран тастап, ұлттың еңсесін көтеріп, оларды білім мен ілімге шақыруда айтарлықтай ықпал еткені қалың жұртшылыққа белгілі.

Мәселен, 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсыновпен бірге қызмет атқарып, тіліміздің өркендеуіне де қомақты үлес қосты. Сөйтіп, ол қажырлы да табанды күрескер ғана емес, бүгінгі тәуелсіз елдің жарқын болашағына жол сілтеді.

Қазіргі таңда елімізде осынау біртуар қайраткердің мерейтойы кеңінен атап өтілуде. Ұлтымыз өзінің даңқты ұлын ешқашан да ұмытқан емес. Оның мағыналы ғұмыры мен сіңірген еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында қаншама танымдық-тағылымдық шаралар ұйымдастырылуда.

Таяуда осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде Алаш ардақтысының 140 жылдығына орай Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің ұжымы алқа мүшелері және жергілікті ақсақалдармен «Ұлттың рухын оятқан» атты кездесу өткізді.

Онда Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі, мәңгілік өшпес рухани мұралары, басқа да азаматтық және тұлғалық қырлары дәріптелді.

Сондай-ақ, мерейтой аясында аудандағы «Елсан» спорт залында жастар арасында футболдан жарыс өткізілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 10 Сентябрь 2025 08:59

Көкейтесті мәселе қозғалды

Жақында «Қазақстан–Қостанай» теларнасында журналист Дәуренбек Әбдібеков «Ел мүддесі» бағдарламасына есімдері елге танымал бір топ зиялы қауым өкілдерін шақырып, «Дін мен дәстүр - үндестік пен қайшылық» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Бұл маңызды кездесуге Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Абылай Мауданов, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Сапарғали Әбдиев, философия ғылымдарының кандидаты Дәурен Тойматаев қатысты.

Онда Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде көкейде жүрген ойын ортаға салды. Өзге сала мамандары да тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 08 Сентябрь 2025 09:44

Арнайы куәліктер табыс етілді

Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің арнайы куәліктері тапсырылды.

Атап айтатын болсақ, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев «Торта Белла» кондитерлік өнімін дайындайтын ұжымға осындай маңызды құжатты табыс етті.

Сонымен қатар «Қарасу ет» қасапханасының үш қызметкеріне де қасапшы куәліктері берілді. Олар алдағы уақытта жұмыстарын барынша жандандыратын болады.

Жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, өңірдегі халал дамуға жауапты Әлішер Ертайұлы «Халал» сертификатына ие болғандардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқандығын хабарлады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«9101112131415161718»
Page 14 of 398

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником