Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің наиб имамдары Бақберсін Ізбасаров пен Ерлан Сыздықов облыс орталығындағы құрылыс және тұрмыстық қызмет көрсету колледждерінде болды.
Олар аталмыш қос білім ордаларында "Ырыс алды ынтымақ" - атты тақырыпта әсерлі кездесулер өткізді. Оған қатысушылар дін қызметкерлерінің ғибратты сөздерін мұқият тыңдап, ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхамед» мешітінің және қалалық «Жігер» стадионының басшысы Рүстем Шалабаевтың ұйымдастыруымен футболдан үш команда арасында жолдастық жарыс өтті.
Оған қалалық «Мухтасиб Әлмұхамед » мешітінің жамағаты және «Жігер» стадионының және «Халыққа қызмет көрсету» орталығының командалары қатысты.
Шаһардағы мешіттің Бас имам Нұрхан Бахтыбай ынтымақ, бірлік жайлы уағыз айта келіп, командаларға сәттілік тіледі. Ойынға тігілген жүлде қоры 200 000 мың теңге биыл имандылық ордасы жанынан салынғалы жатқан асхана құрылысына тапсырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының үстіміздегі жылғы жұмыс жоспарына сәйкес игі мақсаттағы бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
Осы ретте Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің қызметкерлері «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық акциясы өткізіліп, аудан тұрғындары мен шағын кәсіпкерлердің қолдауымен игі шара өткізді.
Аудан орталығындағы 12 көп балалы отбасына азық –түлік қржыны алынып, таратылды. Олар демеушілер мен шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Үстіміздегі жыл ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» болып бекітілді.
Осығын орай Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық ардагерлер үйінде дөңгелек үстел өтті. Алғыс айту күніне арналған басқосуға ауданда мекендеп жатқан түрлі ұлт өкілдері қатысты.
Онда бауырлас халықтардың өкілдері қазақ халқына алғыстарын айтты. Ауданның Бас имамы Серік Темірбекұлы қазіргі таңдағы аса маңызды бірлік, ынтымақ жайында әңгімеледі. Жиналған қауымды елімізде дәстүрге айналған айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, оларға деген шынайы тілегін жеткізді.
Ал ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Сұлтанбекқызы өз кезегінде өлең жолдарын оқып, жүздесуді өткізуге ұйытқы болған азаматтарға алғыс айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы өрт қауіпсіздігі қызметкерлерімен кездесті. Ол әңгіме барысында деструктивті діни ағымдар жайында баяндады.
Жиынға қатысушылар дін қайраткеріне осындай өзекті мәселені көтергені үшін ризашылықтарын білдірді. Сөздің реті келгенде, шаһардағы № 4 МӨСБ бастығының орынбасары, аға лейтенант Нұрбол Дауылбаевтың да жүздесуді ұйымдастыруға ықпалын тигізгендігін атап өткен жөн.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының үстіміздегі жылғы жұмыс жоспарына сәйкес игі мақсаттағы бірқатар шараларды жүзеге асырды.
Осы сөзіміздің айғағы ретінде «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Мысалы, 8 адамға 230 келі азық - түлік үлестірілді.
Сонымен қатар бір қарт адамға мүгедек арбасы табыс етілді. Әрине, сол кездегі ол кісінің қуанышын тілмен айтып жеткізу қиын.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Болат Ғаниұлының ұйымдастыруымен тағылымы мол кездесу өткізілді. Жиын қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Басқосуда мұсылманның мінез-құлқы және жат ағымдардан сақтандыру тақырыбы жан-жақты айтылды.
Сондай-ақ осы аудандық кітапхана бөлімінің жетекшісі Солдат Дүтпаевтың ұйытқы болуымен өткен жүздесудің де қатысушыларға танымдық жағынан берері мол болды.
Мұнда «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбы қозғалды. Руханият ордасына жиналған қауымның білім көкжиегі кеңейіп, көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті Ережеп айы Қостанай өңірінде ерекше шаралармен басталды. Қостсанай қалалық әкімдігінің өмірдің қиындығында қалған балаларды қолдау орталығында түрлі себептермен ата-аналарынан қараусыз қалған 28 бала тіршілік кешіп жатыр.
Осы балдырғандарды қуанышқа бөлеу мақсатында Қостанай облыстық мешітінің қайырымдылық қоры мен жамағаты «Қайырымды Жұма» жобасы аясында дастархан жайып, балаларға сыйлық тапсырды.
Айта кетер жай, бұл игі іс-шара ақпан айының бірінші жұмасынан бастап қолға алынған болатын. Содан бері әр аптаның жұма күні жалғасын тауып келеді.
Алғашқы шара КСК ауданындағы «Пияла» кафесінде онан соң «Муслима» кафесінде жалғасын тауып балалардың жүзінде қуаныщ ұялауына себепші бола білді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен ақпан айында Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам басқаратын Зекет және қайырымдылық қоры өздерінің жұмыстарын барынша жандандыра түсті.
Соның жарқын айғағы ретінде, өңір бойынша көмекке зәру 341 отбасына қолдау көрсетілді. Бұл орайда 46 шара өткізіліп, жанұяларға азық-түлік үлестірілді. Осы мақсатқа 4 млн. 210 мың 623 теңге жұмсалды.
Осындай игі істер жылдың қалған мерзімінде де жалғасын таба бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі