Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 17 Март 2022 17:37

Житикара: Наурыз құтты болсын

В КГУ «Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации Житикаринского района» было проведено мероприятие, посвященное «Наурыз құтты болсын!». 14 марта, за неделю до Дня весеннего равноденствия- Наурыз, считалось началом нового года,в этот день всем миром, аулом, люди выходили в красочных новых одеждах, приветствовали друг друга рукопожатием, произнося слова «Бір жасын құтты болсын». После долгой зимней разлуки радовались встрече с родственниками, обсуждали приплод и убыль скота.

14 марта В 15.00 ч. началась концертная программа. В проведении праздника приняли участие 20 воспитанников.

Ведущие вели программу на государственном и русском языке. Ребята в своих выступлениях отразили весь алгоритм празднования, который способствовал укреплению согласия и общенационального единства. Воспитанники Центра показали своё творческое мастерство, артистизм и задор, они читали стихотворения, пели песни, танцевали. Были приглашены домбристы под руководством Маликаджарова Д.К. (школа искусства) и вокалисты Маратова Т. и Сапар А. КГУ «Общеобразовательная школа № 9», танцевальная группа «Эдельвейс» руководитель Гонцова С.Л. КГУ «Общеобразовательная школа № 10». В завершении праздника дети исполнили песню «Моя родина Казахстан».

В знак благодарности воспитанники вручили всем приглашенным небольшие сувениры сделанные своими руками.

На празднике присутствовал бас имам Житикаринского района Кабиев А.А , представители СМИ. Соблюдены все санитарные нормы.

Четверг, 17 Март 2022 11:31

Тәртіп сақшыларымен кездесу

Науырзым ауданындағы Бас имамның сапары аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған жиында тәртіп сақшыларына ой саларлық өзекті мәселе қозғалды.

Мұнда жыл басындағы қаңтар оқиғасы жайлы айтылды. Жат ағымдардың өкілдері тарапынан тигізілген зардап жөнінде де тілге тиек етілді. Әрбір отбасында балалардың бойына жастайынан патриоттық сезімді, туған жер мен елге деген сүйіспеншілікті сіңіру қажеттігі баяндалды.

Жалпы Науырзым ауданындағы басқосулар барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырып, тәрбиелік, тағылымдық жағы өте мол болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 17 Март 2022 11:12

Науырзым: Сапар барысында

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің Науырзым ауданына іс-сапары аудандық кітапханада және мектепте жалғасты.

Белгілі дін қайраткері кездесуде маңызды тақырып бойынша кездесуде қатысушылардың қойған сұрақтарына нақты да тиянақты жауап берді. Соңында кітапханаға Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының кітабын сыйға тартты.

Одан соң жергілікті орта мектептің ұстаздар қауымымен өтті. Олардың тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын тәрбиелеуде сіңіріп жатқан еңбектері, шәкірттерді имандылық пен Отанды сүюге баулудағы ізденістері ересен екендігі әңгімеге арқау болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 16 Март 2022 15:32

Облыс имамы Науырзымда

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет кезекті іс-сапармен Науырзым ауданына барды. Ол алдымен аталмыш ауданның әкімі Қайрат Әбішевпен жүздесті. Онымен бірге жергілікті «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейітқалиұлы да болды.

Бас имам аудан басшысымен кездесуде елдегі діни ахуал жайлы айта келіп, мешіттегі асхана құрылысы туралы ойын ортаға салды. Әкімді жауапты қызметімен құттықтап, аса құнды «Ихсан» кітабын тарту етті.

Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапары барысында мешіттегі ақсақалдармен де кездесті. Осы өткен жиында мұсылмандар үшін аса маңызды жаназа және діни рәсімдер, шариғат талаптары мен басқа да өзекті мәселелер барысында әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 14 Март 2022 10:08

Спорт – денсаулық кепілі

Шоқан қажы Ғазизұлы басшылық ететін Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы «Тәні саудың - жаны сау» деген тақырыпта облыс орталығына жақын орналасқан Жамбыл ауылының намазхандары мен шәкіртттері және жамағаттары арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізді.

Ойынның қорытындысы бойынша Жамбыл ауылының жамағаты бірінші, шәкірттер екінші, қалалық мешіттің намазхандары үшінші орынды иеленді.

Мұндай салауатты өмір салтын насихаттаған спорт ойындары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 14 Март 2022 10:01

Дін мен дәстүр жайында

Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалып-тасып келеді. Алаш жұрты ұрпағын «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деп тәрбиелеген. Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз. Халқымыз салт-дәстүрге кенде емес. Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған, сондықтан оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Бұған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деген ғибратты сөзі дәлел бола алады. Дін дәстүрдің таразысы әрі негізі саналады. Тілдің, дәстүр мен мәдениеттің дамуында да оның тигізер әсері мол. Дін – мәңгілік әрі хақ. Дін ісі – тәрбие жолы, адамның рухани азығы. Қазақ халқы Құдай Тағаланы ертеден-ақ тани білген. Халық жадында сақталған жырлар мен нақыл сөздер, «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», «Құдайсыз қурай сынбас» дегендей мақал-мәтелдер халықтың тілек-қажетін бір Тәңірден сұрағандығын әрі қазақтың құдайшыл ел болғандығын аңғартады. Ұлтымыз Алла Елшісінің (с.а.с.) өсиеттерімен өмір сүрді. Діни рәсімдерді құрмет тұтты. Бұл нағыз мұсылманшылықтың көрінісі болатын. Үлкендер жағы «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Түрі игіден түңілме» деп, бір-бірін жақсылыққа үн- деген. Алланың Елшісі (с.а.с.): «Иман алпыс бірнеше бөліктен тұрады, ең абзалы – «Лә иләһә иллалаһ» (Алладан басқа құдай жоқ») деп айту, ең төмені – жолда көлденең жатқан нәрсені алып тастау. Ұят та – иманның бір бөлігі» деген. Қыран ұшса, қанаты талатын, құлан жортса, тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен баһадүр бабаларымыз «Өлімнен ұят күшті» деп санаған. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садақасы» деген ұлы ұстанымды тіршілігінің басты қағидасы тұтқан. Бұл орайда Хазіреті Пайғамбамрымыз (с.а.с.): «Ұят тек жақсылық әкеледі» деген. Қазақ – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп Отанын қастерлеген халық. Дүниені нұрландырған исламда «Отанды сүю – иманнан» деген де қанатты сөз бар. Халық мұсылманша білімділерді аса құрметтеген. Ал діни білімсіздерді «әдепті таяқ деп білмейді» деп әжуалаған. Абай заманында діннен бейхабар болу, намазды, Құранды дұрыс оқи алмау үлкен айып саналған. «Дінді білмеген дымды білмейді» делінген.

Қонақжайлылық – халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі. Қонаққа деген құрметтің бір негізі Ислам дінінде жатыр. «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіретін болса, қонағын құрметтесін, жақсылық күтсін», - деген Алла Елшісі (с.а.с.).

Халқымыздағы әдептіліктің, сыпайылықтың бір көрінісі – үлкенге «Сіз» деп сөйлеу, әйелдердің де күйеулерінің аттарын атамай «отағасы», «әкесі» деп тіл қатуы. Жастар жағы үлкен кісілердің алдарынан кесіп өтпеген.

Қазақ «Ер бір өледі, қорқақ күнде өледі», «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» дегендей нақыл сөздермен ерлікті бағалаған да, ездікті сынаған. Мұның өзі дініміздегі игі өсиеттермен астасып жатыр.

Дала халқы менмендікке жол бермеген, әрдайым «Ұлық болсаң, кішік бол!» деп қарапайым болуға үндеген. Адамзаттың асылы да қарапайым жолды қадірлеген. Ол тіпті ойнап жатқан балалардың қасынан өтіп бара жатып оларға сәлем беретін болған.

Қазақ халқының адал кәсіп етуге шақыратын «Адал еңбекке мал іздемек – арлы адамның ісі», «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» сияқты мақал-мәтелдердің мағыналары асыл дініміздің мұраттарымен де сай келеді. Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кәсіптің ел қайырлысы – ықыласты жұмысшының қол еңбегі» деген.

Дана халқымыз сәлемді сөз анасы санаған. Нағыз мұсылманша амандасу үлгісі ертеден-ақ қалыптасқан. Ер адам бір-бірімен кездескенде оң қолын жүрек тұсына қойып: «Ассаламағалейкум!» деп дауыстап қос қолдап амандасқан. «Ассаламағалейкум» «Сізге Құдайдың тыныштығы болсын» деген мағынаны білдіреді. Жас үлкенге, жалқы адам жалпы көпшілікке бірінші сәлем берген. Ал әйел адамдармен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан. Жаратқан Ие: «Және егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші» деген.

Қазақта ата-ананың мәртебесін айқындайтын «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», «Жұмақ ананың аяғының астында», «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, перзенттік борышыңнан құтылмайсың» дегендей мақал-мәтелдер баршылық. Алла Тағала бір аятта: «Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле», – деп бұйырады.

Ынтымақ пен қоғамның бірлігі басты құндылық саналған. Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп қоғамды ынтымақ-бірлікке шақырады. Асыл дініміз адамдарды бір-біріне жәрдемдесуге үндейді. Осы ретте Алла Тағала: «... Әрі ізгілік пен тақуалық жолында ынтымақтасың- дар, күнә мен дұшпандық жолында сыбайласпаңдар» (Мәида сүресі, 2-аят) дейді.

«Рахмет» – халық алғысының кең тараған түрі. Мұның мағынасы: «Сізге Алланың рахымы жаусын!». Алғыстың қасиеттерін «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас», «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» сияқты мақал-мәтел- дер аңғартады. Бұлардың негізі асыл дінімізде жатса керек. Хадистерде де адам- дардың бір-біріне алғыс білдіруі шынайы мұсылман белгісі екендігі баяндалады.

Татулық белгілерінің бірі – сый тарту. Бұл – ұлттық құндылық. Алаш жұртында «Орамал тон болмайды, жол болады» деу – адамның бірінің көңілін бірі аулауы. Мұнда мұсылманшылық негіз де бар. Қазақ халқында базарлық, асату, сыбаға, байғазы, сарқыт, сәлемдеме және т.б. сый-сияпат түрлеріне жатады. Мұндай игі жоралғылар жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне: «Бір-біріңе сый беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деп өсиет еткен.

«Жатырқау – жаттың ісі, жақындау – Хақтың ісі», «Жақсы адамда жаттық жоқ, жақсы жарда қарттық жоқ» дегендей мақалдар қазақтың бауырмал халық екендігін танытады. Халқымыздың мұндай игі қасиеттерінің негізі қасиетті аят-тар мен хадистерде де жатыр. Мысалы, Алла Елшісі (с.а.с.) болса: «Мұсылманның мұсылмандығы хақы бесеу: сәлеміне сәлем қайтару; ауру болса, халін сұрап бару; қайтыс болса, жаназасына қатысу; қонаққа шақырса, бару; түшкірсе, «Алла рахым етсін» деп айту» деген.

Жылқының жалында туған жауынгер жұртымыздың болмысын басқалар-дан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті – туыстық байланыс. Осы орайда «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Ай көрмесең, туысың жат, жыл көрмесең, жолдасың жат», «Ағайынның азары болса да, безері болмас» дегендей мақал-мәтелдер кең қолданылады. Шариғат та туыстық байланысты қадірлеуді қолдайды. Айталық, бір кісі «Мені жұмаққа кіргізетін іс туралы айтшы» дегенде Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – Аллаға еш серік қоспай құлшылық етуің, намаз оқуың, зекет беруің және туыстық байланысты жалғастыруың» деген екен.

Қазақ ұлтының қанына сіңген қасиеттердің бірі – сыйластық. «Адам – сыйлағанның құлы» деген қазақ өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынған. Саққұлақ би сыйластықтың мәртебесі турасында: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақ- тысы – адал өмір сүру, соның ішіндегі ең тәттісі - сыйластық» деген екен. Ал сыйластық туралы Алла Елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да, Алладан қорық, жамандығыңның артын оны өшіретін жақсылықпен ұластыр әрі адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас жаса», - деп өсиет еткен.

Түркі халқына ортақ тұлғалар, жыраулар мен ақындар кейінгілерге діни уағыздың сара жолын салып кеткен, жұртты хақ жолына, өнер-білімге шақырып өткен.

Бұдан қазақ халқының болмыс-бітімінің, мәдениеті мен әдебиетінің Ислам дінімен біртұтас екендігін көреміз. Халық «Алла – бір, Құран – шын, Пайғамбар - хақ» деген қағиданы ертелі-кеш айтып жүрген. Тіршілігін де, өлімін де мұсылман-шылық шарттарынан ауытқымай атқарған.

Сонымен, аталған «Дін мен дәстүр» кітабында Ислам дініндегі біраз маңызды ғибадаттар сөз етілген. Олар жамағатты Алланың өсиеттерін шын ниетпен орындап, тыйым салынған әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Өмір – өте күрделі құбылыс. Ол – Алла Тағаланың адамға берген сыйы. Сондықтан оны қадірлеп, бақытты өмір сүру үшін өмірді танып білу осы жарық дүниеге келген әрбір адамның адамгершілік парызы болса керек.

Денисов ауданы «Жұма» мешітінің бас имамы Жиенбаев Р.М.

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қасиетті Шағбан айының құрметіне Бейімбет Майлин ауданыны мешітінің бас имамы Ислам Хамзин мен бір топ жамағатын ауыз ашар дастарханына шақырды.

Онда намазхандар арасынан талантты ақын Мамай бауырымыз арнау өлеңін оқыды. Тобыл бекетіндегі мешіттің жамағаты Игілік Ділдабеков туындысын көпшілікке ұсынды.

Жиын соңында өгіз тартыс, шапшаң қимылдау секілді ұлттық ойындар өткізіліп, діни сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Содан кейін Нұрғали ақсақал бата беіп, қонақтарға сый-сияпат жасалды. 


Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Елордада 9-10 наурыз аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қыздар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан II республиалық байқауы өтті.

Бұл асқан білімділікті, ерекше зердені талап ететін жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 47 қари қатысып, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен 5 пара бойынша Қостанай облысының намысын қорғаған Арайлым Амангелді жүлделі 3-ші орынды иеленіп, мерейі үстем болды.

Біз Арайлымды осы табысымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі байқауларда жеңіске жетіп, абыройың асқақтай берсін демекпіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 10 Март 2022 09:30

15 отбасына көмек

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қолдауға мұқтаж шаңырақтарға әрдайым көмек көрсетіп, қиын кездері жандарынан табылады. Осылайша, қаншама кісілердің алғысына бөленіп жүр.

Осы жуырда ғана имандылық ордасының қызметкерлері көп балалы аналарға,мүгедек жандарға, күн көрісі төмен отбасыларға, жалпы, он бес шаңыраққа қайырымдылық жасап, олардың ризашылығын алды. 

Шоқан қажы Әмірханов басқаратын мешіт мамандары алдағы уақытта да «Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстана беретіндігіне нық сенімдіміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником