Н.Дәулетова атындағы Сарыкөл аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті
Шараға ауданның бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек, белгілі ақсақал Уәлихан Айғұлақов және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мұғалімдер мен жас ұрпақ қатысты.
Қонақтар сөз сөйлеп, ата-бабаларымыздың нәубат жылдардағы қиыншылықтарын еске ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар елімізде бейбітшілік пен бірлік болуын, жас ұрпақтың жақсы азамат болып, халыққа адал еңбек етуін насихат етіп, айтты.
Шараның басты мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
Иә, өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу керекпіз. Осы орайда Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай ауданындағы Жамбыл елді-мекенінде ауданға қарасты мешіттер арасында спорттың волейбол, садақ ату, асық ату және арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Оған «Маңдай батыр» мешіті, Қостомар, Алтын дала, Жамбыл ауылдары намазханаларының жамағаттары және Жамбыл орта мектебі оқушыларының командасы қатысты.
Жарыс өтте тартысты өтті. Жүлделі бірінші орынды Алтын дала ауылының, екінші орынды «Маңдай батыр» мешітінің, үшінші орынды Жамбыл ауылының жамағаттары иеленді.
Аталмыш командаларға кубоктар мен медальдар, грамоталар тапсырылды. Сайыс соңында жергілікті мешіт асханасында қонақтарға дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қалың жұртшылыққа Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет спорт десе ішкен асын жерге қоятын қайсар да батыл азамат ретінде белігілі.
Ол елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында спорттың «Джиу-джитсу» жекпе-жегі бойынша ересектердің арасында ұйымдастырылған Халықаралық турнирге қатысып, облыстың құрамасында жүлделі екінші орынға ие болды.
Өңірдегі барша мұсылмандар қауымы атынан оны осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Қостанайоблыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Алтынсарин ауданында болды.
Ол сапар барысында жергілікті «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоспар бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында мешіт пен асхана толық аяқталып, аудан жұртшылығына есігін айқара ашпақ.
Иә, өңірімізде тәуелсіздіктің арқасында қаншама осындай киелі орындар бой көтеріп, жерлестерімізге қызмет көрсетіп жатқаны белгілі. Жаңа мешіттің де құрылысы біткен соң, асыға күтіп отырған мұсылман бауырларымызды үлкен қуанышқа кенелтеді деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Әмірхамзин Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде осы сала қызметкерлерімен «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында әңгіме өткізді.
Басқосу барысындаимандылықты ұстанып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну - әрбір азаматтың басты міндеті екендігі айтылды. Қатысушылар көтерілген мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
Өрт сөндіру қызметкерлері бас имамға мазмұнды насихаты мен кездесуге мұрындық болғаны үшін шынайы алғыстарынбілдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы және жергілікті әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Азамат Маратұлы политехникалық колледждің студенттерімен «Ағымдардан сақтану жолдары» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Жүздесу барысында бас имам қазіргі таңдағы өзекті мәселе жат ағымдардан сақтану жолдарына жан-жақты тоқталды. Дінге қатысты сауалдарға тек мешіт қызметкерлері жауап беретіндігін тілге тиек етті.
Басқосу соңында кездесуді ұйымдастырушылар мен студенттер Нұрхан Асанұлына шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Денисов ауданында болғанда жергілікті Мәдениет үйінде «Ислам - ынтымақ және бірлік діні» тақырыбында насихат айтып, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Ал, облыстық мешіттің найб имамы Абзал Бейсекеев аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, қазіргі таңдағы аса маңызды жұртшылықты бірлік пен татулыққа шақыратын сөздерімен жылы әсер қалдырды.
Бас имамның аудандағы сапары іскерлік жағдайда өтіп, өңірде діни ахуалдың жылдан - жылға жақсарып келе жатқандығын көрсетті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Марал ишан» және қалалық «Жайлаубай ата» мешіттері биылғы маусым айының басынан бастап «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының басталатынын хабарлайды.
Дәріс аптаның бес күнінде жүргізіледі. Курсқа 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдер іріктеліп алынады. Оған ата-аналардың қолхаты талап етіледі. Барлық жердегідей 3х4 суретін тапсыру керек.
Сабақтар негізіне тәрбиелік мақсатта жүргізілетін болады. Облыстық мешітте ер және қыз балаларға найб имам әрі тәлімгер Тимур Төребаев пен білікті ұстаз Жансая. Ал қалық мешітте Бақай Темірлан мен Дүйсеке Сәуле жетекшілік етіп, дәріс береді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында студенттер жатақханасында жастармен кездесті.
Бас имам студенттерге салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дініміздің негізгі құндылықтары жөнінде насихат айтып, тұшымды пікірін ортаға салды.
Басқосуға жергілікті институттың, медициналық және гуманитарлық колледждердің студенттері қатысты. Осындай жүздесуде маңызды әңгіме өрбіткен имамға алғыстарын жеткізді.
Бас имам жатақхананың тәрбиешілері Қ.Жайлаубаева мен Б. Жұпарбекке мұндай тағылымды жиынды ұйымдастырғандары үшін дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жұмыс сапары барысында Лисаков қаласына барды. Жергілікті мешіттің бас имамы Сабыржан Есмурзинмен бірге қала әкімі Абай Ибраевпен кездесті.
Бұл басқосуда өңірдегі діни ахуал жайлы айтылды. Сонымен қатар бұрынғы мешіт ғимаратын жөнде жұмыстары және жаңадан зират қорымы жөнінде пікір алысты.
Қаладағы имандылық ордасындағы халық үшін маңызды мәйіт жуатын орын жайлы да әңгіме өрбіді.
Кездесуде Бахытбек Нұрғабылұлы қала әкіміне аса құнды, тәлім-тәрбиелік маңызы зор «Ихсан» кітабын тарту етті.
Онан соң Бас имам Лисаковск қалалық мешітінде жамғатпен кездесіп «Ислам және ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында уағыз айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі