Жуырда Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің жастар ісі секторы «Отбасы күні» аясында жамағаттар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Оған аудандық мешіт, Қостомар, Алтын дала және Жамбыл ауылындағы имандылық ордаларының командалары қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Жарыс барысында барша азаматтар белсендік танытып, спортқа деген талпыныстарын көрсетті.
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов жиналғандарға басты мақсат - салауатты өмір салтын жандандыру, барлық мешіт жамағаттарының арасындағы сыйластық пен ауыз бірлікті барынша нығайту екендігіне тоқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Қостомар елді-мекенінің, ІІ орынды аудандық «Маңдай батыр» мешітінің, ІІІ орынды Алтын дала ауылының командалары иеленді.
Жүлделі орын алғандарға грамота, медаль және кубоктар табыс етілді. Содан кейін аудандық мешіттің асханасында дастархан жайылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі