Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі болып өтті.
Салтанатты жиынға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады. Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің имамы Есенкелді Сақтағанұлы Әжімаханның көп жылғы дінімізді өркендетуге қосқан ерен еңбегі бағаланып, «Үздік аудан имамы» атанды.
Өңірдегі барша әріптестері оны осынау мәртебелі марапатымен құттықтап, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында ырыс-береке, жауапты қызметінде табыс тілейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі