Таяуда Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Онда «Ихсан ұғымының негізі» атты тақырып әңгіме өзегіне айналды.
Жалпы, жауапкершілікті сезіну-әрбір азамат үшін басты міндет. Бұл қасиетсіз көздеген мақсатқа жете алмайсың. Сол себептен де қай салада болсын өз қызметінде алғы шептен көрініп, туған елімізге адалдық таныту, оның жарқын болашағына бойымыздағы барлық қажыр-қайратымызды, білім-білігімізді аянбай жұмсау парызымыз.
Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше, полиция қызметкерлерінің алдында да үлкен мақсат тұрғаны айдан анық. Ол ең алдымен күнделікті заңдылықты сақтай отырып, қоғамдық тәртіпті нығайту, халқымыздың құқын қорғау.
Бас имамның тәртіп сақшыларымен болған басқосуда аса маңызды жайлар қозғалып, жиын әсерлі де мазмұнды өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі