Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы, Қостанай облысы бойынша «Қамқор-шарапат» бөліміне жауапты Шоқан қажы Ғазизұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлының арнайы шақыруымен Астана қаласында болды.
Дін қайраткері аталмыш орталықтың тыныс-тіршілігі және жұмыс барысымен танысты. Онда қазіргі таңдағы осынау ұжымның негізгі ұстанған бағыт-бағдары, мақсат-мұраты, діни салт-дәстүрді атқарудағы заңдылықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Қостанай шаһарында діни қызметкерлер үшін семинар-тренингтер өткізу жайы да қарастырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі