Рудный қалалық «Нұр» мешітінде 1 -20 маусым аралығында мектеп жасындағы оқушыларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы жұмыс істеді. Аталған мерзімде екі топтан тұратын 50 ер бала мен 30 қыз бала діни сауат алды.
Шәкірттер білім деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Балаларға имандылық, әдептілік дәрістері, құран оқып үйрену, сұрақ-жауаптар, дастархан батасы үйретілді.
Дәріс арасында бүлдіршіндердің бойын сергітер спорттың түрлері- футбол, волейбол, теннис ойындары ұйымдастырылды. Жан-дүниелерін рухани жағынан байыту мақсатында саябақтарға саяхат жасалды.
Осылайша мешіт ұстаздары оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізулеріне лайықты үлестерін қосты.
Шәкірттерден алған білімдерінен қысқаша сынақ қабылданып, арнайы сертифакаттар табыс етілді. Оларға дастархан жайылды.
Ата-аналар мешіт ұжымының игілікті істеріне, дәріс берген ұстаздарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі