Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Қостанай қалалық «Жайлаубай Ата» мешіті әйел-қыздар жамағатына Қош келдің Берекелі Рамазан атты рухани іс-шара өткізді. Оған мешіттің ұстазы Аяулым Ермекқызы ерекше дайындық жасап, ойдағыдай ұйымдастыра білді.
Аталмыш іс-шара Құранмен басталды. Қазақ халқының дәстүрін жаңғырту мақсатында әжелер жамағаты жарапазан әнін айтып жамағатты сүйсіндірді.
Жиналған жамағатқа оразаның пайдалары жайлы уағыз-насихаттар айтылып, дастархан жайылды. Қасиетті айдың құрметіне дінге жанашыр болған әйел кісілерге сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі