Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің намазхандары мен дін қызметкерлері аязды күндері көше аялдамаларында жолаушыларға ыстық шәй мен тәттілер ұсынып «тегін такси» қыметін көрсетіп үйлеріне жеткізіп салу қайрымдылық шарасын өткізді.
Бұл шараға қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы да өз көлігімен шығып, көпке үлгі болды.
«Тегін такси» қызметін ұсынушы намазхандар аурухана, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды халық көп жиналатын жерлерге барып, қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
Аталмыш қайырымдылық шараға атсалысып, қызмет көрсеткен азаматтарға қала халқы батасын беріп, шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі