Жаңа имам тағайындалды Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Науырзым ауданында арнайы іс-сапармен болды.
Ол "Түркебай ата" мешітінде жергілікті халыққа жаңадан тағайындалған имам Мәди Өтегенді таныстырды. Осы жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов та қатысты.
Бектұрсын Торғайбайұлы науырзымдық ақсақалдар, алқа мүшелері және жамағатқа Мәди Серікұлы жөнінде қысқаша тоқтала келіп, оған жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Ал, осыған дейін бес жыл бойы қызмет еткен Есет Ғабдымәлікке аудан әкімі атынан Алғыс хат табыс етілді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, шығарып салды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі