Тазалық туралы уағыз айтылды
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Бақберсін Ізбасаров жамағатқа «Тазалық-иманның жартысы» тақырыбында уағыз -насихат айтты.
Намазхандар оның мағынасы терең пікірлерін ұйып тыңдап, ризашылықтарын білдірді. Мұндай танымдық-тәрбиелік маңызы зор басқосулар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ауызашар дастарханы жайылды
Жоғары аталған мешітте қасиетті шәууәл айының бейсенбі кешінде намазхандарға арнайы ауызашар дастарқаны жайылды.
Содан кейін Бас имам Шоқан қажы Әмірханов пен ұстаз Қазбек Көшеров жамағатқа үгіт-насихат айтты. Жиналғандар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Колледж студенттерімен кездесу
Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Казбек Көшеров Қостанай құрылыс колледжінде оқитын орыс тобының студенттерімен кездесті.
Онда ол «Лудомания-болезнь современного общества» деген тақырыпта дәріс оқыды. Қозғалған өзекті мәселенің келтірер зардабына жан-жақты тоқталды.