Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Вторник, 12 Декабрь 2023 17:09

Ұзынкөл: Халықтың көңілінен шықты

Ұзынкөл ауданының арнайы шақыруы бойынша жергілікті мешітке Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов келді.

Дархан Манарбекұлы Жергілікті Ақпараттық Насихат тобы аясында аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Онда ол ұлттар арасындағы ауызбірлік, татулық және басқа да маңызды мәселелер жөнінде әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Вторник, 12 Декабрь 2023 17:06

Хадистен жарыс өтті

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің жамағаты арасында "Хадис-ғұрпымыз, сүннет-салтымыз" атты хадисті жаттаудан жарыс ұйымдастырды.

Бұл сайыстың мақсаты - Мұхаммед Пайғамбарымыздың танымдық хадистерін жаттау, оның берері мол ғибраттарымен сусындау.

Әділқазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Ильдар Нұрқалин, екінші орынды Мейрам Нұрпейісов, үшінші орынды Бекболат Есжанов иеленді. Сөйтіп, шәкірттер терең білімдерін дәлелдеді.

Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:31

Сарыкөл: Өрт сөндірушілермен кездесті

Жуырда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек жергілікті өрт сөндіру мекемесі №23 бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті.

Жүздесуде теріс ағымның алдын-алу және одан сақтану жолдары жөнінде айтылды. Басқосуға қатысқан білікті мамандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:27

Ұзынкөл: Мектептегі кездесу

Белгілі дін қайраткері Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешіттен кейін аудан орталығындағы жас ұрпақты мемлекеттік тілде оқытатын №2 мектепте болды. Мұнда ол ұстаздар мен жоғары сынып оқушыларына маңызды тақырыптар бойынша уағыз-насихат айтты.

Оның қазіргі таңдағы елдің көкейінде жүрген ауызбірлік пен татулық, жастарға патриоттық рухта тәлім-тәрбие беру жайлы тың пікірлері қатысушыларды терең ойда қалдырды.

Олардың қойған сауалдарына өмірден нақты дәлелдер келтіре отырып жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:25

Торғай: Жаңа имам

Өткен жұма күні Жангелдин аудандық «Оспанқожа әулие» мешітінде жиын болып өтті. Оған Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы арнайы қатысты.

Онда дін қайраткері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен жаңадан тағайындалған имам Айдос Әбдісалықов жайлы баяндады. Жұма намазында жамағатқа уағыз айтып, батасын берді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматовқа жаңа имамды таныстырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:22

Умраға жолдама

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде мұсылман қауымының қолдауымен игілікті бастамалар жүзеге асырылып келеді.

Жуырда соның бір жарқын айғағы ретінде мешіт жамағаты және еріктілердің ұйымдастыруымен қаражат жиналып, өзі тақуа, қарапайым әрі имандылықты берік ұстанған ардақты азамат Абдусаттарға "Умра" қажылығына жолдама табыс етілді.

Біз ізгі ниеттегі бауырларымыздың таңдауы мен құрметіне ие болған жерлесімізге сәтті сапар тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 08 Декабрь 2023 13:43

Әулиекөл: Қолы ашықтың - жолы ашық

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

• Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

• Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Осы ретте қасиетті жұма күнінің құрметіне әулиекөлдік мейірімді жанашыр азаматтардың қолдауымен бір отбасына 3 тонна Шұбаркөл көмірін түсіріп берілді.

Сондай-ақ, 8 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді. Олар шексіз қуанышқа бөленді. Өздеріне қайырымдылық көмек жасаған жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 08 Декабрь 2023 11:55

Алғыс арқалаған Бақыткүл

Жақында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің ұжымы Еріктілер күніне орай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың шынайы алғысына бөленіп жүрген жүрегі мейірімге толы Бақыткүл Мүсілімқызына құрмет көрсетті.

Оны адал қызметі үшін шын жүректен құттықтап,отбасына амандық, абыройлы жұмысында табыс тіледі. Оған деген ілтипаттың жарқын белгісі ретінде Алғыс хат табыс етті.

Біз алдағы уақытта да қазақтың осынау дарқан да кеңпейіл қызы жемісті қызмет атқарып, өзінің іскерлік қырларымен таныла береді деген нық сенімдеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 08 Декабрь 2023 11:06

Құрман баба есімі ұлықталды

Қазақ халқы Марал ишанды көрнекті дін қайраткері, әулие, ислам құндылықтарын насихаттаушы ретінде жақсы біледі. Ал оның әкесі Құрман Кенжебайұлы да кезінде жұртшылық арасында өте белгілі діндар адам болыпты.

Осы бабамыздың есімін мәңгілік қалдыру мақсатында Қостанай өңіріндегі ардақты ақсақалдар, облыстың Бас имамы бастаған дін жанашырлары, ұрпақтары уақытпен санаспай жұмыс атқарды.

Соның нақты дәлелі ретінде Ұзынкөл аудандық бұрынғы «Балықты» мешітіне оның есімі берілді. Жуырда осынау айтулы оқиғаға байланысты салтанатты жиын болып өтті.

Оған өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері, бірқатар аудандардың имамдары, бабамыздың ұрпақтары қатысты. Өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Алдымен, аудан әкімі Азамат Аужанов жұртшылықты қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан кейін елімізге танымал тұлға Оралхан Таңжарықов, белгілі кәсіпкер Ибраш Естаев, Халықаралық мәртебелі сыйлықтардың лауреаты, ғалым, ақын Ақылбек Шаяхмет, Құрман бабамыздың ұрпағы Мұхаметхан Омаров тебірене сөз сөйледі.

Жиналған қауым облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің ой-толғамдарын ұйып тыңдады. Ол даңқты бабамыздың атын мешітке беру жолында атсалысқан барша азаматтардың аты-жөніне жан-жақты тоқталды. Болашақта да бұл киелі орын жерлестерімізді имандылыққа шақыратын руханият ордасы болып қала беретіндігіне нық сенімді екендігін тілге тиек етті.

Көпшілік алдында нақты істерімен басқосудың жоғары деңгейде өтуіне қомақты үлес қосқан жүрегі жомарт жандарға сый-сияпат жасалды. Ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша иықтарына шапан жабылды.

Жайылған дастарқан басында дін қайраткері, облыстағы өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының, жоғарыда аталған мешіттің іргетасы қаланғаннан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан имам, Ұзынкөл ауданының Құрметті азаматы Есенкелді қажы Сақтағанұлының, кәсіпкер тұлға Тұрсынбай Сәдуақасовтың және басқалардың есімдері көпшілікке үлгі екендігі айтылды.

Басқосуда ел құрметіне бөленген абыз ақсақал Кенесары Мырзахметов ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Әулиекөл ауданындағы Сұлукөл елді-мекенінде жаңа мешіт пайдалануға берілді. Сөйтіп, жергілікті халық үлкен қуанышқа бөленді. Салтанатты шараға аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов, облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрбол қажы Балахметов және тұрғындар қатысты.

Ауыл ақсақалы Тілеген Жұматов пен кәсіпкер Мәлік Қиқымов лентаны қиып, мешіттің ашылу рәсімін жасады.

Жоғарыда аталған құтты қоныстың тумасы, шаруа қожалығының басшысы Мәлік Кәдірұлының осындай заманауи мешіт салып, жұртшылықтың игілігіне айналдыру көптен бергі арманы болатын.

Алдына үлкен мақсат қойған азамат имандылық ордасын небәрі төрт айда тұрғызып, жамағатқа есігін айқара ашты. Жүзге тарта адамға лайықталған киелі орын әсем безендірілген. Мұнда әйелдер бөлмесі де бар.

Алыстан көз тартатын мешіттің маңдайшасына Есқали атаның есімі айшықты етіп жазылған. Марқұмның ұрпақтары бұл күндері елге үлгі болар тұлғаларға айналған. Бұған жан-жақтан келген жерлестерінің көзі айқын жетті. Жомарттық танытқан жанашыр жанға аға ұрпақ өкілдері батасын берді.

Мәлік Қиқымов қыстан қысылмай шығу мақсатында мешітке қажетті мөлшерде отын-көмір түсіріп берді. Ал, ауыл молдасы Балғабай бауырымызға имандылық жолындағы қызметінде сәттілік тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«35363738394041424344»
Страница 40 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником