Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан
Четверг, 29 Август 2024 17:09

Оңтүстіктен солтүстікке

Қарабалық ауданы еліміздің солтүстгінде Ресеймен шекараласып жатыр. Жылдан жылға халық саны азайып, ауылдар босап жатыр. Ауданымыздағы Бөрлі ауылы кезінде дүркіреп, аудан орталығы да болған. Тәуелсіздік алған жылдары ел қуанып, дінімізбен қауышып мешіт те ашылған болатын. Сол мешіт үш жылға жуық қызмет етіп, жабылып, аудан орталығына көшкен ді. Ауылдағы сол мешіт 23 жылдан кейін есігін қайта ашты.

Биылғы жылы мешітке оңтүстік өңірден Қалиев Мади деген азамат имамдық қызметке келіп жұмысқа кірісті. Мади имам тәжірбиесі мол, халықпен жұмыс істей алатын азамат. Ауылдағы мешітте жұма намазы, күнделікті бес уақыт намаз оқылып, жамағаттың сауатын ашып, уағыз- насихаттар айтылуда.

Жуырда оңтүстіктен тағы бір отбасы Бөрлі ауылына көшіп келді. Битөреев Бектұрсын бауырымыз 7 баланы (6 қыз, бір ұл) тәрбиелеп отыр. «Терра» ЖШС мекемесіне жұмысқа орналасып, қызмет атқаруда. Бөрлі ауылына арнайы барып, Битөреевтер отбасын зиярат етіп, сәлем бердік. Бектұрсын бауырымыздың мектепке баратын 4 қызына сөмке және оқу құралдарын табыстадық. Азық түлік, кілем және қаржылай көмек көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті жанынан «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Оған Алматы қаласындағы «Нұр – Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетінен арнайы келген Нұрхан Мұхаммедуәли ер балаларға, ал Нұрхан Ақкүміс қыз балаларға ұстаз ретінде сабақ берді.

Имандылық ордасындағы лагерь екі айға созылды. Оның барысында шәкірттерге Құран, имандылық әліппелері және Пайғамбарлар тарихы оқытылды.

Курс соңында сабаққа қатысқан барлық шәкірттерге сертификат пен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, түлектер мен ата-аналарға дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Алатаудың баурайындағы Алматы қаласынан келіп, тәжірибеден өткен жас ұстаздарға ақсақалдар батасын беріп, ақ жол тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 29 Август 2024 10:39

Бектұрсын Торғайбайұлы Уәлиев

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

1978 жылы 16 мамырдаҚостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген.

1984-1995 оқу жылдарыЫ. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін тәмадады. Мектепте оқи жүріп, аудандық мешіттен діни сауатын да ашты.

- 1999 жылыАлматы қаласындағы «Ислам институтын» да білім алып, осы жылдың қараша айынан бастап, Қостанай облысы, Б.Майлин аудандық мешітінде бас имамдық қызметіне тағайындалды.

- 2005 жылыАлматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2007 жылыМекке-Мадина қалаларында болып, қажылық өтеді.

- 2010 және 2011 жж.облыстық өкіл имамның алғыс хаттарымен марапатталды.

- 2012 жылыТүркия елінде «Білім жетілдіру» курсында болды.

- 2012 жылдыңжелтоқсан айынан бастап, Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

- 2013 жылыЫ.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында білім алды.

- 2014 жылы«Қостанай қаласы әкімшілігінің дін істері жөніндегі басқарма» атынан алғыс хатымен марапатталды.

- 2014 жылыАрқалық қаласы әкімінің Алғыс хатымен және Арқалық қаласының «Жыл адамы» номинациясымен марапатталды.

- 2015 жылыАлматы қаласы, «Имамдар Білім жетілдіру институтында» білімін жетілдірді.

- 2016 жылыБас мүфтиідің «Қажырлы еңбегі» үшін Алғыс хатын иеленді.

Әр жылы «жұмысқа деген белсенділігі» үшін деген облыстық өкіл имамының алғыс хаттарымен марапатталды.

- 2020-2022 жылдарыРудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы болды.

- 2022-2024 жылдарыҚостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды.

-2024 жылдың 26 шілдесінен бастап, Қостанай облысының және «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Үйленген, екі қыз, екі ұлы бар.

Вторник, 27 Август 2024 11:35

257 балаға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен барлық өңірлерде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Бұл орайда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің қызметкерлері де ұйымшылдық танытты.

Аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамның айтуы бойынша 257 ұл мен қызға қайырымдылық көмек көрсетіліп, мектепке қажетті сөмке мен құрал-жабдықтар тапсырылды. Оның ішінде бірқатар қолдауға зәру балаларға костюм-шалбарлар мен аяқ киім де берілді.

Әрине, жаңа оқу жылы қарсаңында оларға ең ізгі тілектер айтылды. Ата-аналар қауымы акцияны ұйымдастырушылар мен демеушілерге шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Жақында Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті ұжымының ұйымдастыруы және жаны жайсаң жомарт жандардың қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Осы іс-шара барысында 30 оқушыға құны 200 мың теңгені құрайтын оқу құралдары табыс етілді. Жиында Бас имам балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, ұлағатты ұстаздар қауымына құрмет көрсету жайына да ерекше тоқталды.

Сондай-ақ акцияға демеушілік еткен азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Сөз соңында мешіттің алқа мүшесі Есенгелді ақсақал ұл мен қыздарға ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Баршаға мәлім, өнірімізде үстіміздегі жылғы егін орағы басталып та кетті. Бір қуаныштысы, биыл астық бітік шықты. Алайда ауа-райының жауынды-шашынды болып тұруы оның қарқын алуына және астықтың толық пісуіне әлі де болса мүмкіндік бермей отыр.

Міне, осы жайларды ескере келіп, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы аудандар мен қалалардағы мешіттердегі әріптестеріне өткен жұмада арнайы жамағатпен кездесіп, дұға бағыштауды тапсырған болатын. Олар осы аманатты мүлтіксіз жүзеге асырды.

Әркім өзінің еңбегінің жемісін көргені абзал. Диқандар қауымы ерте көктемнен бастап тұқым сеуіп, енді соның жемісін көретін кез туды. Сондықтан Алла тағала олардың бейнетінің зейнетін көруге нәсіп етсе дейміз!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған "Мектепке жол" акциясы Арқалық қаласында жалғасын тапты.

Жергілікті "Мухтасиб Әлмұхаммед" мешітінде осындай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Жамағаттардан жиналған 200 мың теңгеге жаңа оқу жылы қарсаңында қыз және ер балаларға 40 оқу құралдары берілді.

Оқушылардың ата-аналары Бас имам Нұрхан Асанұлына шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешіті және елге танымал "Большевичка" тігін фабрикасының ұжымдары бірігіп "Мектепке жол"акциясын өткізді.

Онда көп балалы отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 20 оқушыға құны 360 мың теңгені құрайтын мектеп киімдері сыйға тартылды.

Жиын соңында жас бүлдіршіндерге ақ бата беріліп, жаңа оқу жылында толағай табысқа жетулеріне тілектес білдірілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 19 Август 2024 16:08

«Мектепке жол» акциясы басталды

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай өнірінде де көмекке мұқтаж отбасыларында тәрбиеленіп жатқан ұл мен қыздарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы бойынша қайырымдылық акциясы өткізілуде.

Осы жуырда ғана облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде аталмыш акция қолға алынды. Бас имам Бектұрсын қажы Торғайбайұлы жиында сөз алды. Жиналған балаларға ең ізгі тілегін білдіре келіп, жаңа оқу жылында пайдаланатын сөмке мен құрал-жабдықтарды тапсырды. Сонымен қатар бірнеше көп балалы отбасыларға киім-кешек берілді.

Оның алдында ғана облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» және «Марал ишан» мешіттерінде де қолдауға зәру балаларға жоғарыдағы «Мектепке жол» акциясына байланысты балаларға оқу барысында пайдаланатын құрал-жабдықтар тапсырылған-ды.

Жалпы, облыстағы қалалық және аудандық мешіттерде 1000 ұл мен қыздарға қайырымдылық акциясы барысында көмек көрсетіліп, ата-аналардың алғысына бөленді.

Биыл да біз еліміздің болашағы болып табылатын оқушыларға қол ұшын беріп, қуанышқа кенелттік. Олардың жүзінен бақыттың ұшқынын көрудің өзі де бір ғанибет емес пе? Балдырғандарға осындай мүмкіндік тудырған күллі әріптестерім мен демеушілерге ризашылығымды білдіремін. Оларға Алланың нұры жауа берсін, дейді облыстың бас имамы Бектұрсын Уалиев.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Четверг, 15 Август 2024 11:19

Бас имам Рудныйда

Қостанай облысының жаңадан тағайындалған Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өзінің іс сапарын кеншілер қаласы Рудныйдан бастады.

Ол жергілікті "Нұр" мешітіне ат басын бұрып, жамағатпен жүздесті. Имандылық ордасында бесін намазын өткізіп, жиналғандарға ой салар тағылымды пікірлерін айтты. Сондай-ақ мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Осындағы атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын көзбен көріп, біраз жайларға қанықты. Онымен бірге облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы болды.

Қостанай облыстық мешіттің баспасөз қызметі
Опубликовано в Новости
«21222324252627282930»
Страница 26 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником