Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 06 Февраль 2023 10:31

Халал даму тексерісі

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы басшысы Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы Жанар Мұратқызы және Қостанай облысы бойынша жауапты қызметкері Әлішер Балахмет Қостанай облысындағы «QMDB Halal» сертификатына сәйкес өнім өндіруші кәсіпорындарда кезектен тыс бақылау шараларын жүргізуде.

Мамандар тарапынан жүргізілген тексеріс барысында өңірдегі 20 кәсіпорын өндірісі қадағаланды. Атап айтқанда, «Муслима», «Зәм Зәм», «Turkish kebab house» дәмханалары, «Happy Cake» кондитерлік өнімдері, «Terra Meat» ет дүкені, «Бауырсақ», «Север Ет», «Айша», «Торговый Дом Аманат» ЖШС, «Мясной Дар» ЖК жартылай дайын өнімдері, «Патша» ұн өндірісі, «КОКО» құс фабрикалары және «Терра», «Қостанай Агро Продукт» ЖШС қасапханалары.

Муслима», «Замзам», «Turkish kebab house», «Piala» дәмханалары, «Нappy cake» кондитерлік өнімдері, «Торговый Дом Аманат» ЖШС, «Бауырсақ» жартылай фабрикаттар жасау цехтерін және «Медидез» жуғыш заттары тексерілді.

Қостанай облысы Қарабалық ауданында орналасқан «Terra meat» ЖШС қасапханасы және «Poultry Agro» ЖШС құс фабрикасы тексерілді. Рудный қаласында орналасқан «КОКО» сауда белгісімен танымал «Жас-Канат 2006» ЖШС жұмыртқа өндірісі тексерілді. Аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өндіру барысындағы тазалық мәселелері жөнінде айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 06 Февраль 2023 10:25

Айбек Аташев жамағатпен

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің басшысы Айбек Аташев өңірдегі сапары кезінде Қостанай қалалық "Жайлаубай ата "мешітінде де болды.

Ол мұнда Ережеп айының бейсенбі кешінде жамағатпен кездесті. Өзекті тақырыпқа байланысты уағыз-насихат айтты. Еліміздегі халал индустриясының дамуы жөнінде әңгімеледі.

Сондай-ақ жүздесу барысында мұсылман бауырларымыз қойған сауалдарына тұшымды жауап алды. Ауыз ашар дастарқанынан дәм татты. Жиналған қауыммен бірге Құптан намазын оқыды. Облысқа сыйлы ақсақалдар ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 03 Февраль 2023 11:28

«Халал даму» Қостанайда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің басшысы Айбек Асқарбекұлы арнайы іс-сапармен Қостанай өңіріне келді.

Елімізге танымал білікті маман жұмыс барысында алдымен Ресеймен шекаралас жатқан Қарабалық ауданындағы «TERRA MEAT» қасапханасының тыныс тіршілігімен танысты.

Содан кейін Рудный шаһарындағы «Жас Қанат – 2006» құс фабрикасына ат басын тіреді. Бұл ұжымның атқарып жатқан жұмыстарына өзінің оң бағасын берді. Онымен бірге Қостанай облыстық мешітінің найб имамы, «Халал дамуға» тікелей жауапты Әлішер Балахмет болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«79808182838485868788»
Страница 84 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником