Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 15 Сентябрь 2025 14:13

Сахабалар өмірінен дәрістер

Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде "Сахабалар өмірі- мұсылманның шамшырағы" атты сабақ басталды. Оны ұстаз Саидаббас жүргізді. Онда Анас ибн Малик аль-Ансаридің өмірі қамтылды.

Енді алдағы уақытта әрбір жексенбі, сәрсенбі сайын сахабалардың өнегелі ғұмыры жайлы дәріс жалғасын табады. Тыңдаушыларға есігіміз әрдайым ашық.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 13 Сентябрь 2025 10:01

Мешіттерде Мәуліт шариф оқылды

Бұл күндері өңірдегі аудандық және қалалық мешіттерде Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған Мәуліт шарифтер оқылып, жамағат одан қаншама тағылым алуда.

Мәселен, жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жұма намазынан соң оқылған Мәуліт шариф көпшіліктің көңілінен шығып, ұйымдастырушылар халықтың ризашылығына бөленді.

Осы Мәуліт мерекесіне арналған жиыннан соң көпшілік қауымға арнайы дастархан жайылды.

Сондай-ақ дәл осындай тәлімі мол басқосу Жангелдин аудандық «Оспанқожа» мешітінде де өткізілді. Онда Ризабек Батталұлы ұстаздың насихат-уағызы тыңдалып, жамағат жоғары көңіл-күймен тарқасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 12 Сентябрь 2025 14:57

Мешіттегі жамағатпен кездесу

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Қажылық пен Ұмра – рухани күш-қуаттың кілті» тақырыбында жамағатпен кездесу болып өтті.

Жиынды қажылық бөліміне жауапты ұстаз Саидаббас Мираманов жүргізіп, Қажылық пен Ұмраның мұсылман өміріндегі алатын орны мен маңызы,олардың абзал амалдары жөнінде насихат айтты.

Сондай-ақ ол қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанында бірнеше жылдан бері халықпен тығыз байланыста қызмет атқарып келе жатқан Tawaf Travel қажылық компаниясының жұмысымен жан-жақты таныстырды.

Алдағы уақытта да қасиетті Қажылық пен Ұмра сапарларын осы компания арқылы ұйымдастыру ұсынылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Қазақтың дара перзенті Міржақып Дулатұлы кезінде «Оян қазақ!» деп ұран тастап, ұлттың еңсесін көтеріп, оларды білім мен ілімге шақыруда айтарлықтай ықпал еткені қалың жұртшылыққа белгілі.

Мәселен, 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсыновпен бірге қызмет атқарып, тіліміздің өркендеуіне де қомақты үлес қосты. Сөйтіп, ол қажырлы да табанды күрескер ғана емес, бүгінгі тәуелсіз елдің жарқын болашағына жол сілтеді.

Қазіргі таңда елімізде осынау біртуар қайраткердің мерейтойы кеңінен атап өтілуде. Ұлтымыз өзінің даңқты ұлын ешқашан да ұмытқан емес. Оның мағыналы ғұмыры мен сіңірген еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында қаншама танымдық-тағылымдық шаралар ұйымдастырылуда.

Таяуда осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде Алаш ардақтысының 140 жылдығына орай Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің ұжымы алқа мүшелері және жергілікті ақсақалдармен «Ұлттың рухын оятқан» атты кездесу өткізді.

Онда Міржақып Дулатұлының өмірі мен қызметі, мәңгілік өшпес рухани мұралары, басқа да азаматтық және тұлғалық қырлары дәріптелді.

Сондай-ақ, мерейтой аясында аудандағы «Елсан» спорт залында жастар арасында футболдан жарыс өткізілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 10 Сентябрь 2025 08:59

Көкейтесті мәселе қозғалды

Жақында «Қазақстан–Қостанай» теларнасында журналист Дәуренбек Әбдібеков «Ел мүддесі» бағдарламасына есімдері елге танымал бір топ зиялы қауым өкілдерін шақырып, «Дін мен дәстүр - үндестік пен қайшылық» тақырыбында сұхбат жүргізді.

Бұл маңызды кездесуге Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Абылай Мауданов, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Сапарғали Әбдиев, философия ғылымдарының кандидаты Дәурен Тойматаев қатысты.

Онда Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде көкейде жүрген ойын ортаға салды. Өзге сала мамандары да тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 08 Сентябрь 2025 09:44

Арнайы куәліктер табыс етілді

Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» бөлімінің арнайы куәліктері тапсырылды.

Атап айтатын болсақ, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев «Торта Белла» кондитерлік өнімін дайындайтын ұжымға осындай маңызды құжатты табыс етті.

Сонымен қатар «Қарасу ет» қасапханасының үш қызметкеріне де қасапшы куәліктері берілді. Олар алдағы уақытта жұмыстарын барынша жандандыратын болады.

Жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, өңірдегі халал дамуға жауапты Әлішер Ертайұлы «Халал» сертификатына ие болғандардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқандығын хабарлады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 08 Сентябрь 2025 09:42

Мешіт жаңалықтары

Мәуліт мерекесіне ас берілді

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Мәуліт айында «Салауат-шариф» оқылды.

Мәуліттің құрметіне арнайы дастарқан жайылып, ас берілді. Оған облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», Рудный қаласының «Нұр”», Қостанай ауданына қарасты Жамбыл және Алтын дала ауылдарындағы мешіттердің жамағаттары шақырылды. Онда үгіт-насихат айтылып, бата берілді.

Осы шараның жоғары деңгейде өтуіне «ТЛК Тобол» жауапкершілік шектеулі серіктестігі демеушілік етті.

Қайырымдылық көмек көрсетті

Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Мәуліт айының құрметіне төрт отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Осы мақсатқа жүз мың теңге жұмсалды.

Демеушілік еткен азаматтардық ниеттері қабыл болып, арман-мұраттары орындала берсін!

Жамағат Зәмзәм суынан дәм татты

Жоғарыда аталған «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері Мәуліт айының танымдық-тәрбиелік маңызына ерекше мән беруде. Қасиетті жұма намазына қатысқан жамағатқа Умра қажылықтан оралған имамның һадиясы - Зәмзәм суы беріліп, арнайы әзірленген палау таратылды.

Осындай басқосулар жұртшылықтың ауыз бірлігі мен ынтымағын барынша нығайта түсетіндігі даусыз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 06 Сентябрь 2025 10:31

Мәуліт құрметіне салауат оқылды

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма намазы алдында ардақты Алла елшісі Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен салауаты болсын) Мәулітінің құрметіне салауат оқылды.

Онда салауатты арабша және қазақша мәтінді наиб имам Әлішер Балахмет, ұстаздар Мұртаза Ертайұлы мен Сұңғат Мақатұлы оқыды.

Қостанай облысының бас имамы Уәлиев Бектұрсын Торғайбайұлы бата беріп, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен салауаты болсын) адамзат тарихында өнегесі биік, күллі мұсылман үмбеті үлгі тұтқан бірден-бір тұлға екенін айтып өтті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 05 Сентябрь 2025 14:52

Тобыл: Қайыр қылсаң

Жуырда Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы "Қайырымды жұма" акциясын ұйымдастырды. Онда жанашыр демеушілердің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған бес отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сондай ақ екі кілем мұқтаж жанға табысталды.

ҚМДБ-ның Қолдан қолға шарасы аясында тағы бес отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Осынау сауабы мол игі іске белсене атсалысқан азаматтардың шаңырақтарына қасиетті Мәуліт айында ырыс-береке тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 03 Сентябрь 2025 09:18

Бас имам Қойбағар кентінде болды

Таяуда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиевпен Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Сапарғали Әбдиев іс-сапармен Қарасу ауданындағы Қойбағар кентінде болды. Онда осы елді -мекендегі салынып жатқан намазхананың құрылысымен танысты.

Дін қайраткері сапар барысында жергілікті халықпен кездесті. Онда елдің бірлігі мен ынтымағы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар діни қызметкердің жауапкершілігі және қоғамдағы алар орнының маңыздылығына, имамдар мен молдалар арнайы бұйрықпен бекітіліп, тағайындалатынына тоқталды.

Жүздесуде жұртшылықтың тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Соңында жиналғандарды Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ырыс пен береке тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«9101112131415161718»
Страница 14 из 234

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником