Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы және қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің асханасындағы ауызашар кезінде сұрақ-жауап түріндегі викторина өткізілді.

Бұл тағылымы мол шараны наиб имамдар Нұрлан Сейдағалиев пен Абзал Сұлтанғалиұлы ұйымдастырды. Онда Құран кітабы басшылыққа алынып, жамағатттың діни білімі мен сауатын арттыруға айрықша назар аударылды.

Викторина барысында белсенділік танытқан жамағатқа ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірі арқау болған «Адамзаттың асыл тәжі», Құран және басқа да танымдық кітаптар берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 10:07

10 отбасыға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы басталғалы бері Шоқан қажы Әмірханов басшылық ететін «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында өзгелерге өнеге боларлық ізгі шаралар өткізуде.

Мәселен, Оразаның алғашқы күндері көмекке мұқтаж көп балалы 10 отбасыға азық-түлік тапсырып, олардың ризашылығына бөленді. Шаңырақ иелері демеушілерге өздерінің шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 10:05

Арқалық мешітінде асхана ашылды

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай және қасиетті Рамазан айының қарсаңында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің жанынан асхана ашылды.

Жергілікті халықтың игілігіне берілген орын 900 шаршы метрді құрайды және 500 адамға лайықталған. Осынау алыстан көз тартатын зәулім ғимарат қала әкімі Әмірхан Асановтың бастамасымен әрі демеушілердің көмегімен салынды. Енді мұнда түрлі діни рәсімдер өткізілетін болады.

Асхананың лентасы салтанатты түрде қиылып, қала әкімі осында алғашқы болып өз отбасының атынан жиналған жамағатқа ас берді. Аруақтарға бағышталып құран оқылды.

Аталмыш қала өміріндегі айтулы жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Аманкелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев және басқа да ел арасында үлкен құрметке бөленген азаматтар қатысып, арқалықтықтардың қуанышына ортақтасты әрі ең ізгі тілектерін білдірді.

Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде асхана құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге, жүрегі жомарт жандарға, шаһар басшысы Әмірхан Асановқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ бірқатар қомақты үлестерін қосқан кісілердің иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 09:59

Тобыл:Дүкенде ішімдік сатылмайды!

Қасиетті Рамазан айында жақсы жаңалық. Тобыл қаласында орналасқан «Радуга» дүкенінің иесі арақ-шарап және темекі сатудан бас тартты. Бұл өзгелерге өнеге боларлықтай мысал.

Сондықтан Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің наиб имамы Ерлан Сыздықов, алқа мүшелері және Сайым ата бастаған қадірменді ақсақалдар жоғарыда аталған сауда орнына арнайы барып, ұжымға Алғыс хатты табыс етті. Осылай қоғамды жаман әдеттен арылтуға ықпалын тигізетін жандардың қатары көбейе түссе, құба-құп.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Рамазан айының келуіне байланысты Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде зум программасы арқылы кеңейтілген жиын болып өтті. Қостанай облысы өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан имамдарына қасиетті Рамазан айына дайындық жағы жан-жақты пысықталды.

Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген Рамазан жоспары таныстырылып, Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев өңірдегі бас имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, өкілдіктің әр бағытқа жауапты имамдар баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Мешіттерде тарауих намазының өткізілу тәртібі, жамағатқа уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар ұйымдастыру және қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Санитарлық тазалықты сақтау және келушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Берекесі мол қасиетті айды баршамызға ынта-жігермен, белсене атсалысып, жоғарғы деңгейде өткізуді тапсырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 27 Февраль 2025 15:56

Қош келдің берекелі- Рамазан айы!

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Қостанай қалалық «Жайлаубай Ата» мешіті әйел-қыздар жамағатына Қош келдің Берекелі Рамазан атты рухани іс-шара өткізді. Оған мешіттің ұстазы Аяулым Ермекқызы ерекше дайындық жасап, ойдағыдай ұйымдастыра білді.

Аталмыш іс-шара Құранмен басталды. Қазақ халқының дәстүрін жаңғырту мақсатында әжелер жамағаты жарапазан әнін айтып жамағатты сүйсіндірді.

Жиналған жамағатқа оразаның пайдалары жайлы уағыз-насихаттар айтылып, дастархан жайылды. Қасиетті айдың құрметіне дінге жанашыр болған әйел кісілерге сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 27 Февраль 2025 13:11

Оразаға байланысты брифинг өтті

Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі биылғы Рамазан айының өту тәртібі, ұйымдастырылатын шаралар, Қадір түні мен пітір садақасына қатысты маңызды ақпаратпен брифинг ұйымдастырды. Эфирге Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ансаған Абдурхаман және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бөлім басшысы Әбдиев Сапарғали Әкімбекұлы қатысты.

Әуелі баспасөз мәслихатына мәлімет берген Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы:
Әлем мұсылмандарының асыға күткен Рамазан – айы да келіп жетті. Бұл айда мұсылмандар ізгі амалдар жасауға, рухани кемелденуге ерекше мән береді. Ол жамағатты қасиетті айда сауапты істерді арттырып, ізгілік пен мейірімділікке басымдық беруге шақырды. Рамазан – сабыр мен тақуалық айы. Алла қаласа, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі болып белгіленді», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ансаған Абдурхаман орыс тілінде сөз алып, Рамазан айының адам руханияты мен қоғамдағы береке-бірлікті нығайтудағы рөлі туралы баяндады.

Кездесу барысында қасиетті айда өңір мешіттерінде ұйымдастырылатын рухани іс-шаралар туралы айтылды. Рамазан айында ауызашар дастархандары жайылып, қайырымдылық акциялары өткізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілгені хабарланды. Пітір садақаны ұн, құрма немесе мейіз құнымен беруге болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 21 Февраль 2025 09:59

Өзекті мәселелер қозғалды

Таяуда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов Қостанай қаласының маңайындағы бірқатар ауылдарда болып, тағылымды кездесулер өткізді.

Осынау мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен білім ордаларының мұғалімдері арасында ұйымдастырылған жиындарда қазіргі таңдағы өзекті мәселе «Теріс ағымдардың алдын алу», «Конфессияаралық және этносаралық келісім» тақырыптары арқау болды.

Басқосуларда қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 20 Февраль 2025 18:29

Тобыл: Дені саудың жаны сау

Қостанай ауданындағы Жамбыл ауылдық мешітінің ұжымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай есте қаларлық шара ұйымдастырды. Онда ауданға қарасты ауыл мешіттерінің жамағаттары арасында волейболдан жарыс өткізді.

Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші орынды Мәскеу, екінші орынды Жамбыл, үшінші орынды Озерный мешіттерінің жамағаттары иеленді. Жүлдегер командалар марапатталды.

Сайыстан соң алыс-жақыннан келген қатысушыларға дастархан жайылып, Ислам дінінің құндылықтары жөнінде уағыз-насихат айтылды. Ас соңында дін қызметкерлері жамағатқа алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 20 Февраль 2025 11:54

Тобыл:Ауыл имамдары бас қосты

Жуырда Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы облыстың Бас имамының тапсырмасы бойынша алда тұрған міндеттерді талқылау мақсатында жиын өткізді.

Оған Қостанай ауданына қарасты Озерный, Қостомар, Жамбыл, Алтын дала, Московский және Алтынсарин ауылдарының имамдары қатысты.

Аталмыш басқосудан соң жергілікті имамдардың діни білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуә бөліміне қатысты семинар ұйымдастырылды.

Осы кездесулер тиісті деңгейде өтіп, дін қызметкерлері көп жайды көңілдеріне түйді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«3456789101112»
Страница 8 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником