Қарабалық ауданының Бөрлі ауылында 1995 жылы мешіт ашылған болатын. Содан ол үш жылдай жұмыс істеп, аудан орталығында мешіт ашылған соң сонда көшірілген-ді.
Алайда арада 23 жыл өткеннен кейін яғни былтыр есігі қайта айқара ашылып, намазхана ретінде пайдалануға берілді. Намазхана тек құлшылық орны ғана емес, рухани ордаға айналды.
Мұнда барлық діни рәсімдер өткізілуде. Соның бір айғағы жуырда бір күнде ғана үш адам Ислам дінін қабылдады. Ауданның бас имамы Серік Темірбекұлы екі жұптың некелерін қиып, оларға куәліктерді табыс етті.
Имандылық ордасында алдағы уақытта да осындай игі мақсаттағы істер жалғасын таба береді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Денисов аудандық «Жұма» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өткізілді. Аталмыш қайырымдылық іс-шара көмекке мұқтаж жандарға тек Исламдағы қасиетті жұма күндері көрсетіледі.
Жуырда жүзеге асырылған акцияның тиісті деңгейде өтуіне беделді кәсіпкер Қаламқас Жоқышқызы мұрындық болды. Жиында 20 отбасыға ет таратылды.
Алдағы уақытта қолдауға зәру шаңырақ иелері жұмада ғана мешітте бас қосатын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Марал ишан» және қалалық «Жайлаубай ата» мешіттері биылғы маусым айының басынан бастап «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының басталатынын хабарлайды.
Дәріс аптаның бес күнінде жүргізіледі. Курсқа 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдер іріктеліп алынады. Оған ата-аналардың қолхаты талап етіледі. Барлық жердегідей 3х4 суретін тапсыру керек.
Сабақтар негізіне тәрбиелік мақсатта жүргізілетін болады. Облыстық мешітте ер және қыз балаларға найб имам әрі тәлімгер Тимур Төребаев пен білікті ұстаз Жансая. Ал қалық мешітте Бақай Темірлан мен Дүйсеке Сәуле жетекшілік етіп, дәріс береді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында студенттер жатақханасында жастармен кездесті.
Бас имам студенттерге салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дініміздің негізгі құндылықтары жөнінде насихат айтып, тұшымды пікірін ортаға салды.
Басқосуға жергілікті институттың, медициналық және гуманитарлық колледждердің студенттері қатысты. Осындай жүздесуде маңызды әңгіме өрбіткен имамға алғыстарын жеткізді.
Бас имам жатақхананың тәрбиешілері Қ.Жайлаубаева мен Б. Жұпарбекке мұндай тағылымды жиынды ұйымдастырғандары үшін дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Осыдан бұрын біз оқырмандарды Алтынсарин ауданындағы Щербаков елді-мекенінде «Тойғанша ана» мешітінің пайдалануға берілгені жайлы хабардар еткен едік.
Жуырда аталған мешіттің имамы Медет Өтепқалиев халықпен кездесіп, алдағы уақытта жүзеге асырылар маңызды міндеттер мен мақсаттарға тоқталды.
Онда Ислам - ынтымақ пен бейбітшілік діні жайлы айта келіп, мешіттің мұсылмандардың өмірінде алатын орны, жұма және бес уақыт намазын жүйелі және түрлі діни рәсімдерді талапқа сай өткізу жайлы толық мағлұмат берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті ұжымының бастамасы әрі осы имандылық ордасы жанынан құрылған қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 15мамыр –отбасы күніне орай көмекке мұқтаж жанұяларға азық-түлік қоржындары табыс етілді.
Осы мақсатқа біраз қаражат жұмсалып, азық-түлік қоржыны жасақталды. Онда күнделікті тұтынатын ас сулармен бірге қойдың еті де мұтаж отбасыларына таратылды.
Қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері бас имам Нұрхан Асанұлы басқаратын мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Шоқанов іс-сапармен Қостанай облысына келді.
Белгілі дін қайраткері осы сапар барысында Алтынсарин ауданындағы Мәриям Хакімжанова селолық округіне қарасты Шербаков елді мекеніндегі «Тойғанша ана» мешітінің салтанатты ашылуына қатысуы жоспарланған.
Алайда Қазақстанға белгілі дін саласында ұстаздық қызмет жасап жүрген Бауыржан Әлиұлының кенеттен дүниеден өтуіне байланысты қайа жолға шығуына тура келді.
Бірақ осындай жағдай да Сансызбай қажы облыстық мешітте жамағатпен кездесіп «Ғибратты өмір» туралы уағыз айтып, Бауыржан ұстаз туралы тебірене сөйледі.
Уағыздың толық нұсқасы https://www.youtube.com/watch?v=hoUflFmIwhg
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі