Ғашура ана мешіті
«Ғашура ана» мешіті Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті Ленин көшесі 11 үй.
Ғашура ана мешіті 2007 жылдың күзінде басталды, 4 Қантарда алғашқы іргетасы қойылды, ал 18 ақпанда кірпіші қаланып басталды да 20-шы Сәуірде аяқталды, жалпы құрылыс жұмыстары Қазан айына дейін созылып, көптен күткен мешіттің ашылу салтанаты болатын күн де келіп жетті. 3-ші Қазан 2008 жыл Мүфти Хазреттің ақ батасымен салтанатты түрде ел игілігіне табыс етілді.
3. Мешіт жерінің жалпы көлемі 1,6 гектар, соның ішінде 3,050 шаршы метріне брусчатка, 3,880 шаршы метріне асфальт төселінген.Мешіт ауласын көгалдандыру мақсатында 6,871 шаршы метріне жасыл шөптер, 220 шаршы метріне гүлдер егілген.
4. Мешіт ғимратының жалпы көлемі 1040 шаршы метр. Жоба бойынша сиымдылығы 400 орындық.
5. Мешіт ғимратының биіктігі 13 метр, Шығыс үлгісінде қазақша ою-өрнектермен безендендіріліп салынған, әрі Бас есік пен үлкен залға кіретін қосалқы екі есіктің жоғарғы жағынан Қасиетті Құран аяттары мен дұғалықтар өрнектеліп жазылған. Мешіт тамаша безендендірілген ерлер және әйелдер залынан тұрады , залдың бір бұрышында биіктігі 6 метрлік ою-өрнектермен әсемделген Минбар орналасқан. Жалпы екі зал, кіреберіс және неке залындағы люстралардың санын қосқанда 1 үлкен және 14 одан кішірек люстралар орнатылған. Сонымен бірге арнайы кітапхана бөлмесі, көрікті ою-өрнектермен безендендірілген неке залы, барлық жабдықтармен қамтылған үлкен медресе бөлмесі, сондай-ақ толық жабдықтармен қамтылған . Ас үйі және 200 орындық Асханасы бар. Жарықтандыру жүйесі ішкі, сыртқы және архитектуралық болып келеді.
6. Мешіттің бірі екіншісінен үлкен екі күмбезі, соған қоса 4 шағын күмбездері бар. Үлкен күмбездің жалпы биіктігі 25 метр және алыстан менмұндалап көрінетін 40 метрлік екі мұнарасы бар. Мешіттің аумағында көгілдір отынмен жағылатын екі қазандығы бар үлкен ғимарат және үш автокөлікке арналған гараж орналасқан.