Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешіті
«Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешіті, инд.111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской селосы, Байназаров көшесі, 109 үй.
2. Мешіт құрлысының басталуы мен біткен мерзімі:
Зұлқарнайұлы Мұса қажы мұсылмандар мешітінің тұрған үйі 1913-1914 жылдарда Ресейден қоныс аударған орыс көпесі Шарухов салдырған, 1925 жылы бұл үйде «Несие қоғамы» мал жинап дайындаған. Оның төрағасы болып Клименов істеген. Одан кеейін бұл үй мемлекеттік банк болды, Банк болғанда 1950 жылдары жалғастырылып кассалақ залдың құлысы салынған. 1981-82 жылдары банк үйі жаңа ғимаратқа көшкендіктен бұл үйге «Теледидар жөндейтін шеберхана» болды. Шеберхана 1982 жылдан 1991 жылға дейін жұмыс істеді.
1992 жылы жаңа мешіт салуға қаржы жетпегендіктен мешіт тұрған үйді мешітке айналдыру үшін күрделі жөндеу басталды.
1993 жылы күрделі жөндеу аяқталды. Осы жылдың 26 наурызында мешіттің ашылуы болды.
2006 жылы қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін мешітте аудан әкімі Нұрғалиев Жомарт Мирасұлының ұйымдастыруымен мешітте күрделі жұмыстары жургізілді.
3. Мешіт жерінің жалпы көлемі мен ауласының сипаты:
Мешіт жерінің көлемі 0,2232 га, қоршауы темір шарбақпен және битон қроғанмен қоршалған мешітін ауласы асфальтпен және өрнекті қиық тастармен( брушатка) жол төселген.
4. Мешіт ғимыратынның жалпы көлемі, сйымдылығы:
Жалпы көлемі 320,6 т/м намаз оқитын үлкен залынынң көлемі 138,6 т/м, неке қию, Құран оқитын кіші зал 50,4 т/м, имамнын бөлмесі 18,3 т\м, есепшінің бөлмесі 10,3 т\м, кітапхана бөлмесі 12,5т\м, сыйымдылығы 150 адам.
5. Мешіт ғимыратының биіктігі, формасы, өрнекпен безендірілуі, сәулет ерекшелігі, мешіттің жабдықталуы жайлы баяндау:
Мешіт ғимратының биіктігі 13 метр, алғашшында қызыл кірпішпен салынған кейін сыртын сыланған, жалпы ғимырат тарихи ескерткішке жатады. Қосалқы құралған бөлігінің биіктігі 10 метр, шатырланым кок каңалтыр (метала черапицамен ) жабылған. Мешіт кітапханасында діни және қазақша әдеби көрем кітаптар мен республикалық, облыстық, аудандык баспасөз басылымдары бар. Және халықтан алынған ескі діни кітаптар бар. Мешіт интернет жүйесіне қосылған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынын сайдынан барлық діни мақалалар мен жаналықтарды алып тұрамыз.
6. Мешітің күмбезі мен мұнарасы және аумағындағы қосалқы ғимраттың сипаты:
Мешіт күмбезінің биіктігі 3 метр, кокпен боялған бұрыштарында кікентай төрт мұнарасы бар биіктігі 2 метрден , мешітін қасында мешіт қарамағындағы пәтер мен автокөлік қоятын темір гараж бар.