Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Пятница, 20 Октябрь 2023 12:11

Тобыл: Жастарға үлкен ой салды

Өңірімізде дін саласындағы білікті мамандарымыздың өзекті тақырыпты қозғаған кездесулері жалғасуда.

Оған жарқын мысал ретінде Тобыл шаһарындағы «Маңдай батыр» және Рудный қаласындағы «Нұр» мешіттерінің бас имамдары Дархан Сыздықов пен Сабыржан Есмурзиндердің Қостанай аудандық әкімдігінің жастар ресурсы орталығы мекемесі мен жергілікті ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымдарымен өткізген жиындарын айтуға болады.

Белгілі дін қайраткерлерінің бұл жүздесулері өте әсерлі ұйымдастырылды. Есімдері жұртшылыққа танымал қос имам жат ағымдардан сақтану және терроризм мәселесін тілге тиек етті.

Қатысушылар өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Қонақтарға өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Тобыл шаһарындағы «Маңдай батыр» және Рудный қалалық «Нұр» мешіттерінің бас имамдары Дархан Сыздықов пен Сабыржан Есмурзиндер Қостанай аудандық ауруханасында болды.

Олар ақ халаттағы абзал жандарға Отан, еліміздегі халықтар арасындағы ауыз бірлік пен ынтымақ жайлы кеңінен әңгімеледі. Медицина қызметкерлерінің қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Әулиекөл ауданына қарасты Аманкарағай ауылыңдағы Сабыр молда атындағы намазханада Мәуліт мерекесі аталып өтті. Оған ақсақалдар мен жастар қатысты.

Ауданның Бас имамы Нұрбол қажы Балахмет, Құсмұрын ауылынан Омар қажы, жергілікті молда Серікбай қажы Испулов жиналған жамағатқа Мәуліт қасидаларын оқыды. Мұхаммед Пайғамбарға салауат пен уағыз-насихаттар айтылды.

Бесін намазы оқылған соң аталмыш намазханада дастархан жайылды. Жамағаттың басын қосып, осынау айтулы мейрамның тиісті деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан Серікбай қажыға жұртшылық шынайы алғысын білдірді.

Көршілес Ақсу ауылының молдасы Хасен намазхандарға ақ батасың берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Сарыкөл ауданының орталығындағы Қабдеш ата атындағы намазханада жамағат алдында екі дүние сардары, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке арналған Мәуліт оқылды.

Жиналған халыққа Пайғамбарымыздың өмір жолы туралы уағыз -насихат айтылып, жұртшылықтың сауалдарына толық жауап берілді. Сонымен қатар салауат оқыған жамағатқа сыйлықтар табыс етілді.

Салауат оқудың тағылымы жайлы сөз болды. Соңынан мерекенің құрметіне жиналғандарға дастархан жайылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Четверг, 19 Октябрь 2023 09:21

Маңызды құжаттар таныстырылды

Қарабалық аудандық ардагерлер ұйымы кеңсесінде өткен жиында «Ас беру», «Зират және зиярат» мәдениеті туралы маңызды құжаттар таныстырылды. Оған жергілікті ақсақалдар, зиялы қауым және ақ жаулықты аналар қатысты.

«Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік Темірбекұлы аталған құжаттарға жан-жақты тоқталып, өз ойын ортаға салды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағытын ардагерлер қолдап, қаралған мәселелер ұлтымыздың салт-дәстүріне сай келетіндігін айтты.

Жоғарыда аталған басқосуға арқау болған жай қазіргі таңда елімізде қолға алынып жатқан діни рәсімдерді уақыт талабына сай бір ізділікке түсіріп, жұртшылыққа жете ұғындыру болатын.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде қасиетті Мәуліт айында 3-ші рет Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға арналып "Салауат-шариф" оқылды. Шақырылған қонақтарға дастарқан жайылды.

Басқосудан соң мерекеге демеушілік еткен іскер азаматтарға бата беріліп, аруақтарға Құран бағышталды. Имандылық ордасындағы осындай есте қаларлық сәттер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 18 Октябрь 2023 10:30

Тобыл: Мазмұны терең басқосу

Таяуда Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» және Рудный шаһарындағы «Нұр» мешіттерінің бас имамдары Дархан Сыздықов пен Сабыржан Есмурзин Қостанай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен кездесу өткізді.

Облыста беделді дін қайраткерлері бұл басқосуда қазіргі таңдағы аса маңызды тақырыптар – Зайырлылық, Отан туралы, жат ағымдардан сақтану жөнінде өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салды.

Білікті қызметкерлер оларға тағылымы мол жүздесу үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жуырда Жітіқара ауданының бас имамы Айбек Аманқосұлы жергілікті №39 түзету мекемесінде бас бостандығынан айырылған азаматтарды бақылаушы қызметкерлермен кездесті.

Жүздесу барысында Дәстүрлі ислам құндылықтар және жат ағымдардан сақтануға байланысты көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Қатысушылар оның пікірін ұйып тыңдап, көп жайды көңілдеріне түйді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 18 Октябрь 2023 10:16

Бас имам жастармен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет талай өзекті мәселелерді қамтыған жиындарға тікелей ұйытқы болып келеді.

Ол осы сөзіміздің жарқын бір айғағы ретінде жуырда ғана еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастармен кездесу өткізді. Бұл жүздесуге негізінен елімізде белең алған құмар ойыны яғни адам баласын құрдымға жетелейтін лудомания тақырыптары арқау болды.

Басқосуда белгілі дін қайраткері қозғалған маңызды мәселе бойынша көкейде жүрген ойларын ортаға салып, қатысушылардың толғандырған сауалдарына тиянақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Қасиетті Мәуліт айы өңірімізде ұйымшылдықпен өткізіліп, жұртшылық тарапынан үлкен ілтипатқа ие болуда. Мәселен, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде Мұхаммед Пайғамбардың мағыналы ғұмырын паш ететін салауаттар айтылды.

Сондай-ақ, екінші күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан турнир ұйымдастырылды. Жиналған халық өздерінің ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
«45464748495051525354»
Page 50 of 377

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником