Дана халқымыз ежелден жас ұрпақты еліміздің болашағы деп есептеген. Сондықтан оларды имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуді өздерінің басты парызы санаған.
Міне, осындай қағиданы берік ұстанған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы шаһардағы №15 мектептің оқушыларымен «Имандылық – тәрбие өзегі» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Жүздесуде дін қайраткері тәлім-тәрбиеге ерекше тоқталып, ислам дінінің көркем мінез бен әдептілікке негізделгенін тілге тиек етті. Өзінің оқыған-тоқығандарынан нақты мысалдар келтіріп, оны шәкірттердің жадында ұзақ сақталатындай етіп баяндады.
Шара барысында оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Имам сауалдарға дін мен дәстүрді байланыстыра отырып, тұшымды жауап берді.
Басқосуға тәрбиемен тікелей айналысатын ұстаздар мен мектеп директоры Қайыржан Нұрмағанбетов те қатысты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өңіріміздегібарлық мешіттерде қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, күн көрісі төмен отбасыларға, басқа да қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.
Бұл орайда Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы да жергілікті халықтың ризашылығына бөленіп, алғыстарын алды. Мәселен, олар «Рамазан ынтымақ айы» деп аталатын қайырымдылық шарасын өткізді.
Онда көп балалы аналарға күнделікті өмірде қажетті азық-түлік салынған қоржындар табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Халқымыз ешқашан жетім-жесірін жылатпаған, оларды қамқорлыққа алған. Қазіргі таңда да өңіріміздегі мешіт қызметкерлері мен жүрегі жомарт жандар қолдауға мұқтаж кісілердің алғысына бөленуде.
Осындай ізгілікті істерімен көпке танылған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы да Рамазан айында жерлестерінің жанынан табылып, көмек қолын созды.
Нақтылап айтатын болсақ, жуырда мешіт тарапынан 90 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік және 5 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ зағиптар үйіндегі адамдар да назардан тыс қалған жоқ.
Қайырымдылық шарасы аясында аталмыш мешіт ұжымы Оразаның ерекшелігіне тоқталып, уағыз - насихат айтты. Жастар жағы одан көп тағылым алды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасылар өздеріне қамқорлық танытқан азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айында қайырымдылық мақсатында қаншама игілікті істер атқарды.
Мәселен, өткен «Қайырымды Жұма» аясында 12 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұл орайда Бас имам Дархан Сыздықовтың іскерлігі мен мол адамгершілік қасиетін ерекше атап өткен жөн.
Өйткені, ол Ораза барысында жамағаттардың алғысына бөленіп, көпшіліктің сауабын алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіндегі Қадір түніне мұсылмандар қауымы көп жиналды. Бас имам Дархан Манарбекұлы Қадір түнінің маңызы мен мәні жайында уағыз айтты.
Ал, найб имам Азамат Серікбайұлы мешітке келген жастарға викториналық ойын өткізді. Тарауих намазында қари Құранды хатым етті. Тарауихтан кейін Бас имам мешіт жамағаты атынан Есенжол қариға ризашылығын білдіре Құран кітабын сыйлап иығына шапан жапты.
Қадірменді Сайым ақсақалақ ақ батасын берді. Ораза ұстағандар үшін сәресіге дастархан жайылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы биылғы қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізді. Жергілікті «Достар» дәмханасында 23 күн бойы ауызашар ұйымдастырылып, жұртшылыққа дастарқан жайылды.
Оған 200-ге жуық жамағат қатысты. Әр ауызашарға 250 мың теңге көлемінде қаражат арналса, жалпы, осы мақсатқа 5 млн 750 000 теңге ақша жұмсалды.
30 күнде Құфтан намазының алдында үздіксіз уағыз айтылды. Оны 180-200-ден аса жамағат ұйып тыңдады. Сонымен қатар 7 рет хатым оқылды. Қадір түніде мән-мағынасымен ағайындардың есінде қалды.
Рамазан кезінде қолдауға мұқтаж 110 отбасыларына қайырымдылық көмек жасалды. Бұған 1 млн 400 000 теңге жұмсалды. Ораза айттың алғашқы күніндегі намазға 450 жамағат келді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы Ораза айт мейрамына орай 80 балаға «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Жергілікті мешіттің бас имамы Нұрхан Асанұлы шаһардағы арнайы мектеп-интернатындағы оқушыларды мұсылмандардың айтулы мейрамымен құттықтап, тәрбиеленушілерге сыйлықтарды табыс етті.
Жүздерінен қуаныштың нышаны сезілген балалар бас имам мен мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Онда көмекке мұқтаж 25 адамға 400 келі азық-түлік үлестірілді. Сөйтіп, имандылық ордасының қызметкерлері қасиетті Ораза кезінде жерлестерінің алғысына бөленді.
Осылайша, Жітіқара өңірінде биылғы Рамазан айы да жұртшылықтың есінде қаларлықтай ұйымдастырылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Ораза айттың алғашқы күні өңірімізге танымал Таңжарықовтар әулеті облысқа беделді азаматтар, зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақсақалдар мен мешіт жамағаттарының басын қосып, дастархан жайды.
Онда дүниеден өткен аруақтарға бағышталып құран оқылды. Бата берілді. Жиында дастархан иелері Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітіне жеңіл көліктің сыйға тарту етті.
Бас имам Еркебұлан Қошан демеушілік жасаған әулетке барша жамағат атынан ризашылығын білдірді. «Алғыс хат» пен естелік сыйлықты табыс етті.
Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекеде жомарттық танытқан бауырларымызға Алланың нұры жауып, атқарып жатқан игілікті істерінде толағай табыстарға жете берсін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Мінекей қасиетті Рамазан айы да аяқталып ораза айты да келіп жетті. Осы орайда Қостанай облысы бойынша 7:30 барлық мешіттерде ораза айт намазы оқылып халық молынан келді.
Жамағат алдында облыстық мешіттің найб имамы Ерматов Әбдіқаһар «Ораза айт» туралы наситтан басталды. Онан соң Бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет айт намазын өткізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына аясында айт күні «Балаларға базарлық», «Айттық» кәде сыйлықтары таратылды. Айт шәйлары ұйымдастырылып, мешіт аулаларында спорттық шаралар өткізілді.
Мұндай айт намазы облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы, кенттердегі мешіттерде өткізілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі