Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 09 Октябрь 2023 21:28

«Ажар» мешітінің 10 жылдығына арналды

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітінің 10 жылдығына орай жамағаттар арасында футболдан жарыс өткізілді.

Бұл сайысқа өңіріміздегі Қостанай, Рудный қалаларынан, Әйет пен Тобылдан 4 команда қатысып, бақтарын сынады.

Ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мәселен, 1 орынды Тобыл кентінің, 2 орынды Әйет селосының, 3 және 4 орындарды Рудный мен Қостанай шаһарларының командалары иеленді.

Жүлдегерлерге арнайы мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Октябрь 2023 21:24

Тағылымы мол рухани кеш

Мәуліт мерекесіне орай Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде әйел-қыздар секторы «Сағындық сені, ия Расулулла!» атты рухани кеш ұйымдастырды.

Бұл мазмұны терең іс-шараға облысқа қарасты аудан-қалалардан қыз-келіншектер, әйел жамағаты қатысты.

Мейрамның беташары қасиетті Құран оқумен басталды. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жансая ұстаз «Мәуліт қандай мереке» тақырыбын жан-жақты түсіндірді.

Содан кейін «КВИЗ» интеллектуалды ойыны өткізілді. Жеңімпаздарға демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді.

Дастарханның берекелі де мол жайылуына «Muslima» кафесі мен «Mali.dessert» ұжымдары ұйытқы болды.

Аталмыш басқосу алғаш рет кең көлемде ұйымдастырылып отырғанына қарамастан жастарға ерекше ықпал етті.

Қалалық «Марал ишан» мешітінің ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы және «Жайлаубай ата» мешітінің ұстазы Сәуле Мәжитқызы жоғарыда кештің жоғары деңгейде өткізілуіне белсене атсалысып, қатысқан демеушілік жасаған қыз-келіншектерге алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Октябрь 2023 19:40

Ұзынкөл: Мешіттегі «Ізгі қоғам» бұрышы

Жақында еліміздегі айтулы Республика күніне орай Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітіңде отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Ізгі қоғам» бұрышы ашылды.

Онда жастарға тәлімдік жағы мол «Ата – ананы құрметтеу», «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» атты уағыз-насихаттар айтылды. Сондай-ақ, 5-10 жастағы балалардың ой-өрістерін дамытуға септігін тигізетін жексенбілік дәрістер өткізіліп, дойбы мен шахмат ойындары ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 06 Октябрь 2023 21:05

Құмарлық ойындардың зияны жөнінде

Қазіргі таңда елімізде белең алған құмарлық ойынынан жастарды сақтандыру және оның алдын алу мақсатында түрлі деңгейдегі басқосулар өткізіліп жатқаны белгілі.

Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет те облыстық мешітте өскелең ұрпаққа тағылым боларлық жиынның ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Дін қайраткері кездесуде жастардың құмарлық ойындар мен букмекерлік кеңселерден аулақ жүру керектігі, оның тигізер зияны мен зардабы жөнінде насихат айтты.

Сондай-ақ осы жүздесуде тренер – оқытушы Залим Кувамбаев қозғалып отырған мәселеге байланысты өмірден нақты мысалдар келтірді. Ел болашағы жеткіншектерді ондай пайдасы жоқ әдеттерден бойларын аулақ ұстап, денсаулық кепілі спортқа ден қоюға шақырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 06 Октябрь 2023 21:02

Торғайда: Мешіттегі рухани кеш

Таяуда ұлы Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күніне орай Жангелдин аудандық "Оспанқожа әулие" мешітінде жиналған халықтың алдында Мәуліт шариф оқылды.

Онда аталмыш мешіттің Бас имамы Аян Хасенов пен Шақшақ Жәнібек намазханасының имамы Айдос Абдысалықов Пайғамбарымыздың асыл қасиеттері, дінге деген шынайылығын сөз етті.

Сондай-ақ олар қайталанбас тұлғаның мың жылдық азық болар қырларын насихаттады. Рухани кештен соң жамағатқа ақ дастарқан жайылып, сый - сияпат көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 05 Октябрь 2023 15:36

Бабалар рухына құран бағышталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Қамқор шарапат" мекемесінің тапсырмасы бойынша еліміздегі әулиелер мен діни қайраткерлердін кесенелерінде зиярат ережесін ретке келтіруге баса назар аударылып жатқаны белгілі.

Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Әжімахантегі бұл орайда өзгелерге тағылым боларлық игі істер атқаруда. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде жуырда Қалдарұлы Аспантай абыз - әулие мен Есмырза ауылындағы зиратқа тақтайша орнатылды.

Имандылық ордасының жамағаттарына «Зират пен зияраттың ережесі» түсіндіріліп, бабалар рухына құран бағышталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 05 Октябрь 2023 15:32

Мешітте салауат оқылды

Қостанай қаласындағы “Жайлаубай ата” мешітінде сүйікті Пайғамбарымыздың туған күніне орай Мәуліт мерекесі өткізілді. Жиналған жамағат ғибратты кештен ұмытылмас тағылым алды.

Онда ұстаз Әлібек Құран қари басқосудың маңызына ерекше тоқталып, шәкірттерімен бірге кештің мазмұнды болуына айрықша үлестерін қосты. Салауат оқылды.

Мешітке жиналған қауым жан дүниелерін рухани жағынан байытып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы көп мағлұмат алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жұртшылықтың есінде болар, белгілі дін қайраткері, өңіріміздегі өкіл имам Бахытбек қажы Тәжімбеттің тікелей бастамасымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанынан Файзулла қари оқу орталығы ашылған болатын.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймаққа сапарында білім ордасымен жан-жақты танысып, өзінің ең ізгі тілегін білдірген еді. Жуырда осы орталықтың директоры болып жерлестерімізге есімі жақсы таныс Нұрлан Сейдағалиев тағайындалды.

Қазіргі таңда мұнда болашағынан үлкен үміт күттіретін жас қарилар тың ізденіс танытып, шеберліктері мен біліктіліктерін шыңдауда. Оларға дінімізді өркендету жолында тек табыс тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 03 Октябрь 2023 14:33

Мешіттегі үш күндік семинар

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде әйел-қыздар ұстаздарына арналған үш күндік семинар өтуде. Онда аты-жөндері өңірімізге кеңінен танымал білікті де білімді мамандар дәріс өткізіп жатыр.

Осынау тағылымы мол басқосуда Аңсаған Абдрахман, Бақберсін Ізбасаров, Әлібек Қылышбектер Фиқһ, Ақида, Құран және Тәджуидтен дәріс өткізуде.

Семинарға аудандар мен қалалардан қатысушылар алған білімдерін күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алып, шәкірттерінің бойына сіңіре беретін болады.

,p>Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Өткен Халықаралық қарттар күніне орай Лисаков қалалық «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Қарты бар ел-қазыналы» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл жиында жергілікті мешітке үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан ардақты аталарымыз бен апаларымызға мерекеге байланысты ең ізгі тілектер айтылды.

Оларға демеушілердің көмегімен Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өздеріне көрсетілген құрметке дән риза болған аға ұрпақ өкілдері ақ баталарын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«47484950515253545556»
Page 52 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником