Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Қала әкімінің қамқорлығы

Жыл басынан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен интернет арқылы діни онлайн дәрістер жүргізіле бастады.

Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов жұма намазда барша жамағатты онлайн дәрісінің өтетінің хабарлады. Осынау дәрістерге мешіт жамағаты қол жеткізіп отырғаны бәрімізге де қуанышты.

Бұл дәрістерді көңілге тоқып, есте сақтауға көмегін тигізетін заманауи үлгідегі арнайы жабдықтарды мешітке тарту етіп отырған қала әкімі Бақытжан Темірұлы Ғаязов мырза.

Сондықтан мешіт жамағатының қала әкіміне алғысы шексіз. Аптасына үш рет өтетін онлайн сабағына жиылған қауым ерекше әсерге бөленіп, айтылған уағыз тақырыбына байланысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдайтын болады.

Қала әкімінің қамқорлығы

Қала әкімінің қамқорлығы

О.Жабайтегі

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Облыстық мешіттің бастамасымен

Жақында облыстық Марал ишан мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жастар арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні Мәуліт мерекесіне арналып, спорттың волейбол және теннис түрлерінен Қостанай мемлекеттік университетінде жарыстар өтті.

Бұл сайысқа Қостанай мемлекеттік,Қостанай әлеуметтік –техникалық, Қостанай инженерлік-экономикалық, Челябі мемлекеттік университтерінің , мешіт және мешіт жамағаттары командалары қатысты.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, волейболдан жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарға Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, облыстық Марал ишан мешіті және Қостанай мемлекеттік университетінің командалары ие болды.

Сондай-ақ теннистен Қостанай мемлекеттік, Қостанай инженерлік-экономикалық және Қостанай әлеуметтік-техникалық университетерінен Антон Дудинок, Алмас Қабдықов, Таңат Жаксыгелдиновтер бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

Облыстық мешіттің бастамасымен

О.Жабайтегі.

Понедельник, 10 Февраль 2014 00:00

Өзекті мәселелер қаралды

«Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов мешіт қызметкерлерімен жиын өткізді. Ол 2014-жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жиналыс барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға берілген тапсырмалары айтылды. Әсіресе теріс ағымдарға тосқауыл қою; насихат жұмыстарын жандандыру, халықты ауызбіршілікке үндеу; Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу жайлы да сөз болды.

Сонымен қатар діни сауат ашу курсының жұмыстарың барынша жоғары деңгейде көтеру жайлы тоқталды.

Өзекті мәселелер қаралды

Өзекті мәселелер қаралды

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің
наиб имамы Хасенов С.С.

Четверг, 06 Февраль 2014 00:00

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Жуырда мерейлі мәуліт мерекесі қала орталығындағы қазақ жасөспірімдер театрында ойдағыдай өтті.

«Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы» атты тақырыпта арнайы бағдарлама жасалып, рухани тәлім-тәрбиелік мазмұны ерекше басқосу ұйымдастырылды. Театр ғимаратына шаһардың үлкен-кішісі жиналды.

Қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов көпшілікті меркемен құттықтады. Мешіттің бас имамы Б.Торғайбайұлы мәуліттің мән-мағынасын түсіндірді. Бағдарлама жобасы жасалды. Жастар тәрбиесіне зор ықпал ететін насихаттар мен сахналық қойылымдар әзірлеуге көп көңіл бөлді. Мереке барысында пайғамбарымыздың мінез-құлқы жайлы бейне фильмдер, фото слайдтар көрсетілді.

Аталмыш мерекені педагогикалық институттың филиология факультетінің студенттері жүргізіп, сахналық қойылымдарды театрдың жас өнерпаздары орындады.

Ерекше басқосуда рухани нәр алып, риза болған көрермен қауым: «Бұл әсіресе жастарға көп нәрсені ұқтырған мереке болды. Әдет-ғұрыпты қастерлеу, теріс ағымдардан аулақ болу, өмірдің құнын біліп, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу жөніндегі әңгімелердің берері мол болды» - деп тарқасты.

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

Арқалықтағы мәуліт мерекесі

 

О.Жақсанов

Понедельник, 03 Февраль 2014 00:00

Түркияда білімін тереңдетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осы жауапты қызметке кіріскелі бері еліміздегі барша имамдардың білімін тереңдетуге ерекше назар аударып келеді.

Соның бір жарқын айғағы ретінде аталған басқарманың тікелей жолдамасымен Қазақстаннан 24 имам Түркияның Бурса қаласында 2 айлық курсында өздерінің білімдерін тереңдетті.

Олардың қатарында Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Нұрқанов та болып, арнайы сертификат алды. Осы аталған мерзім ішінде елімізден барған дін қайраткерлері қаншама әсерге бөленді.

- Түркия елі бізді ерекше бауырлық сезіммен қарсы алды. Түбі бір түркі тілдес халықтар болған соң бізге де құрметтері де ерекше екені айқын сезіліп тұрды. Ол мемлекетте мешіттер өте көп. Қасиетті жұма күні жұртшылық киелі орынға таңертеңнен бастап суша ағылады,- деп сыр шертеді Сейіт Нұрқанов өз әңгімесінде.

Түркияда білімін тереңдетті

О.Жабайтегі

Понедельник, 03 Февраль 2014 00:00

Қарттары бар елдің қазынасы бар

Дегенді жете түсінген Рудный қалалық «Нұр» мешітінде кейінгі жастарға және еліміздегі барша имамдарға үлгі- өнеге боларлық жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үстіміздегі жылды «Дін және дәстүр жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыны басшылыққа алған аталмыш мешіттің қызметкерлері аптаның әр жұмасында ақ сақалды қарттарымызға арналған курстың жұмысын барынша жандандыра түсуде.

Онда тек қана діни дәріс қана өтіп қана қоймайды, ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар әңгіме арқауына айналады. Қарттарымыз қозғалған мәселеге байланысты өздерінің көкейдегі көрікті ойларын ортаға салады.

- Бас мүфтидің бастамасы барлық мешіттер тарапынан қолдау табуда. Имамдар жергілікті жерлерде дін мен дәстүр мәселесін кеңінен қозғап, оларды адамдардың санасына сіңіріп, кейінгі ұрпақтарға тағылым болуларына көп көңіл бөлуде, дейді облыстық Марал ишан мешітінің найб имамы Ғалымжан Маханбетов.

Қарттары бар елдің қазынасы бар

Қарттары бар елдің қазынасы бар

О.Жабайтегі

Среда, 29 Январь 2014 00:00

Қарттар үйіндегі кездесу

Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі болып табылатын- ата-анаға ерекше мән берген. Пайғамбарамыз Мұхаммед (с.а.с)-ның дүниеге келген Мәуліт-аш-шариф айының құрметіне әдеттегідей Рудный қалалық «Қарттар мен мүгедектерге арналған №2 интернат үйінде жуырда қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Саят Серікұлы тағылымды кездесу өткізді.

Жүздесу барысында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірінен уағыз-насихаттар, салауаттар айтылып, «Ислам және өркениет», «Иман» басылымдары, аудио-видео дисктер т.б діни атрибутикасы мен қоса киім-кешектер де қайырымдылық есебінде қарттарға табысталды.

Осынау айтулы Мәуліт айының аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып-біліп, оның өсиеттеріне ерекше назар аударайық! Айтқан салауаттарымыз жұртшылық жүрегіне жетіп, оларды рухани жағынан байыта берейік.

Қарттар үйіндегі кездесу

Қарттар үйіндегі кездесу

Қарттар үйіндегі кездесу

ҚМДБ-ның Қостанай облыстық өкілдігінің
Баспасөз қызметі

 

Жуырда ғана Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің жанынан жастар ұйымы құрылды. Оның мақсаты-өмірдегі жастармен үнемі тығыз байланыста болып, оларды қазіргі таңдағы өзекті мәселе салауатты өмір салтына үндеу, дәстүрлі дінді кеңінен насихаттау.

Сондай-ақ тәуелсіз еліміздің келешегі болып табылатын жас ұрпақтың теріс ағымдарға түсіп кетпеуін тұрақты назарда ұстау, тіршіліктегі жаман әдеттер суицид, нашақорлықтан сақтандыру.

Таяуда ғана облыстағы Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Азамат Мурзаканов және облыстық Марал ишан мешітінің жанындағы жастар ұйымының жетекшісі Ғұмар Жұмағұловтар Қостанай политехникалық колледжінде кездесу өткізді.Онда бұлар сөз сөйлеп, дін жастар мәселесі және нашақорлықтың алдын алу секілді маңызды жайларды қозғады.

Сондай-ақ жоғарыда аты-жөндері аталған дін қайраткерлері Қостанай ннженерлік–экономикалық университетінің проректоры Николай Багановпен кездесіп, келелі мәселелер жайлы әңгімелесті. Алдағы уақытта облыстық мешіт пен осы жоғары оқу орны арасында тығыз байланыс орнап, жастарды толғандырып жүрген мәселелер жайлы үнемі басқосулар ұйымдастырылатын болды.

Жастар мәселесі тұрақты назарда

Четверг, 23 Январь 2014 00:00

Мәуліт меркесінің тағылымы

Алла тағала "Ахзаб" сүресiнің 21-аятында: "Расында сендер үшiн Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Мұхаммед пайғамбарда әлбетте тамаша өнегелер бар", - дейді. Иә, әлемге бақыт сыйлап, жарық сәуле көрсете білген пайғамбарымыздан әлем мұсылмандары үлгі алып қана қоймай, өмірін өнеге тұтары хақ.

Мұсылманның да өмірдегі басты мақсаты-пайғамбарымыздың сүннетіне сай өмір сүру. Екі дүниенің сардары болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесі де келді. Елімізде мәуліт айын түрлі іс-шаралар шеңберінде атап өту үрдіске айналды. Міне, ардақты пайғамбарға деген сүйіспеншілік пен құрмет мәуліт айында онан әрі өз жалғасын табуда.

Жуырда Рудный қаласының «Нұр» мешітінің намазхандары, әлем мұсылмандарының жылда-бір кісідей қарсы алатын Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күнін, яғни алғашқы Мәуліт айының бірінші жұма намазында бар ықылас ниеттерімен Ұлы жаратушымызға құлшылығын жасады.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Саят Серікұлы мұсылмандардың өміріндегі басты идеал болуы тиіс пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен өсиеті, тығылымды ғибратты ғұмыры жайлы уағыз айттып, және жұма намазының алдында барша жамағатпен бірге өз заманында Мәдина қаласының мүфтиі болған Жағфар әл-Барзанжидің жазып қалдырған "Мәулид ән-наби" кітабынан арабша нұсқада мәуліт оқылып, пайғамбарға салауат айтылды.

Қысқасы, аталған мешіттегі бұл басқосудан жиналған қауым қаншама рухани ләззат алды. Мәуліт мерекесі жайлы таным-түсініктері кеңейді.

Мәуліт меркесінің тағылымы

Мәуліт меркесінің тағылымы

Нағашыбай Серікбаев
Рудный қаласының«Нұр» мешітінің намазханы.
Қостанай облысы

Четверг, 23 Январь 2014 00:00

Жаңа тағайындау

Жақсылық қажы Ғайсин – филиал төрағасы

Жақында облыстық Марал ишан мешітінде тағылымды бас қосу болып өтті. Оған өңірдегі аудандер мен қалада тұратын қажылар жиналды.

Осы арада оқырман назарына сала кетер бір жай, жалпы облыста екі жүз елуден астам қажылар бар. Оның басым көпшілігі ауылдық жерлерде ғұмыр кешіп, кейінгі жастарға мағыналы өмірлерімен өнеге көрсетуде.

Киелі орындағы бұл басқосуда Қазақстан қажылары қауымдастығының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы болып өңірдегі аса беделді, кезінде талай лауазымды әрі басшылық қызметтерді абыроймен атқарған Жақсылық қажы Ғайсин тағайындалды.

Жиында облыстағы сыйлы азаматтардың бірі Ғабдолла қажы Ахметжанов осы уақытқа дейін облыстық филиалға төрағалық етіп келген білгір де білікті Әкімбек қажы Қабденнің жемісті қызметіне ризашылдығын білдіріп, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі.

- Жерлестерім маған үлкен сенім артып отыр. Оны жете түсінемін. Қазақстан қажылары қауымдастығы да имани- рухани тәрбие, ғилыми-ағартушылық мазмұныңдағы үгіт-насихат, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ауыз-бірлігі мен ынтымағын барынша нығайту және басқа да бағыттарда жұмыстар жүргізетіндігі көпшілікке белгілі.

Жаңа тағайындау

Өзім де барлық күш-қайратым мен білімімді осы мақсаттарды жүзеге асыруға арнаймын – дейді Жақсылық қажы Ғайсин.

О. Жабайтегі.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником