Құрметті бауырлар!
17 шілдеде басталатын Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын!
Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.
Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дарқан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен.
Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын.
«Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы иеміз әрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төгеді. Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тілеймін.
Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудың алдында құрмадан дәм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы.
Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылышырай танытып, тілеулестік білдіру де игі амал.
Қадірлі ағайын!
Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірімізді кешіріп, өзара татулығымызды нығайтып, әуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын.
Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, Елбасы бастаған егемен еліміздің болашағы баянды болғай!
Ораза айт құтты болсын!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Рудныйда Ораза айында сауапты істер молайып тұр. Соның бірі – қалалық «Нұр» мешітінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Тегін такси» атты қайырымдылық акциясы. Екі күнге созылған шара барысында қаланың 50-ден астам автокөлігі тұрғындарды тегін тасыды.
- Қадір түні қарсаңында «Дубок» такси орнының жігіттері аталмыш акцияға өз ықыластарын білдіріп, Алла ризалығы үшін халықты тілі мен дініне қарамай Қостанай қаласына дейін тегін жеткізіп жатыр. Кеше де мешітке келушілерге және жалпы халыққа таксишілер қала бойынша тегін қызмет көрсеткен болатын. Игілігі мен шарапаты мол осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ, - дейді Рудныйлық қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы.
«Қадір түні құтты болсын!» деген жазуы бар жасыл лентаны жабыстырған такси көліктері әрбір 10 минут сайын Қостанайға қарай жол тартып жатты. Акцияға үлес қосып жүрген азаматтар мен тегін таксиге мінген қарапайым тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. «Аттың жақсысын мақта, адамдың жақсысын жақта» деп жатады. Рамазан айында сауапті іске бел буған тұрғындардың ниет-тілектері қабыл болып, Алланың шапағатына бөлене берсін демекпіз.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ
Жаңа зерттеулерге сәйкес, соңғы 60 жыл ішінде американдықтар АҚШ Президенті төрағалығына әйел, яһуди, католик немесе мұсылманның сайлау келешегіне өз көзқарасын елеулі түрде өзгертті.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша, американдықтардың 60 пайызы Құрама Штаттарының Президентіне исламдық діниге «өкшелі адам» болатын кандидатқа байсалды қарап тіпті өз дауыстарын береді, деп ИсламНюьс жазды.
«Егер 60 пайызды мұсылмандарды қабылдау көрінісі деп санауға болса, мені осы өсу жолы шабыттындырады», - деп Коннектикут штатындағы Саут-Виндзорының мұсылмандық мэрі Сауд Анвар зерттеулердің нәтижелерін түсіндірді.
Сонымен қатар, Американың жастары Президент орнына исламның ізбасарына үлкен ынтамен дауыс беруге дайын. 18-29 жастағы респонденттерінің 76 пайызы жағымды жауап берді. Сонымен қатар, 30-49 жастағы адамдардың арасында бұл көрсеткіш 67 пайыз болып шықты.
Сбербанк және Татарстан исламдық қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қолайлы құжатқа қарсаңында Иннополисте Сбербанк басшысы Герман Греф және Татарстан Республикасы Президентінің міндеттерін уақытша атқаратын Рустам Миннихановпен қол қойылды, деп БизнесОнлайн жазды.
Келісім республикадағы исламдық қаржыландыруын дамытуына арналған ұсыныстарды қарау мен қалыптастыру ынтымақтастығын көздейді.
Греф Сбербанктің исламдық банкингі секторінің даму келешегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Осы саласындағы ынтымақтастық аймақтың әлеуметтік-экономиялық дамуына ықпал етеді.
«Біз исламдік банкингін пайдалану саласында алғашқы қадамдарын жасап отырмыз, - деп Рустам Минниханов атап өтті. - Ислам елдері ғана емес, көптеген еуропалық елдер де осы тетіктерін пайдаланады», - деп түсіндірді.
Ораза-Байрам мейрамында Мәскеу қаласының мэриясы ұжымдық дуға ететін манайында жартылай жалаңаш денелері бар жарнамалық баннерлер, белгілер мен суреттерді жаба алады.
Биыл астанада қасиетті Рамазан айының аяқталуының құрметіне мерекелік шаралар өтетін манайында мұсылмандардың діни сезімдерін қорлай алатын, мысалы, жалаңаш немесе жартылай жалаңаш адамның денесі бар суреттерді жоюға жоспарланады, деп Газета.ру хабарлады.
Мәскеу БАҚ және жарнама бөлімінде көшеде кез келген ақпараттың барына шағым болса, сонда оның белгіленген тәртіппен қаралатынын түсіндірді.