Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді мекеніндегі УК 161/4 түзету мекемесінде Қостанай облысы «Марал ишан» мешітінің наиб имамдары Мурзаканов Азамат пен Сыздыков Дархан абақтыда отырғандармен кездесіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмір жолы туралы деректі филімін көрсетті.
Сонымен бірге бостандықтан шектелгендермен Құран мен сүнет негізінде «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Сабырлық», «Әбу Ханифа мазхабының дәлелдемесі» тақырыбында жеке кездесулер өткізді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» атты тақырыпта қаладағы медициналық колледждің 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде имандылық, ар-ұят, тәртіп пен тазалық жайында мазмұнды насихат айтылды. Әңгіме барысында имам Бектұрсын Торғайбайұлы Ислам діні мен медицинаның қаншалықты тығыз байланысты екендігін, адамның жеке басының гигиенасы жайында да қызықты мәліметтер келтірді.
Теолог маман Әсет Бауыржанұлы студенттерге «Алданған жастар» атты бейне ролик көрсетіп, теріс ағымдар жайлы тұшымды түсінік берді.
Осындай басқосу қаладағы педагогикалық институттың жатақханасында өткізіліп, асыл дініміздің құндылықтары мен халқымыздың тәрбиелік маңызы бар әдеп-ғұрпы жайлы да сөз қозғалды. Тыңдарман жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өздерінің ой-пікірлерін айтты.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Лисаков қаласындағы мешітіміздің жанашыры демеушісі «ЖеңісБек» ЖШС нан зауыты ерекше қайырымдылық сауап істі қолға алып отыр. Олар әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері халыққа елу данадан тегін нан таратуды қолға алған.
Ұжым басшысы Сандыбаева Гүлім айтуынша бұл шара «Нан» және «Леал» дүкендерінде таңертеңнен басталады. Алғашқыда көпшілігі таң қалыспен қарап жүрді. Ал қазір адамдар ертемен келіп алатын болған. Сонымен бірге бұл ұжым өз қызметкерлерлеріне нанды елу пайыз жеңілдікпен береді.
Жалпы Гүлім Сәндібекқызы қаладағы барлық іс – шараларға белсене ат салысып қатысып отырады. Мұндай сауапты істі халық тарапы жылы қабылдап, рахмет айтуда. Жақсылықта жарысатын осындай азаматтарымыз көп болсын деп тілейміз.
Лисаков «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы
Рахым Серік Темірбекұлы
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген дана халқым. Сондықтан қазіргі таңда тәлім алып жатқан, мектеп оқушылары мен студенттерді жас кезінде тәрбие беріп дұрыс бағыт бағдар жасаса, сонда ғана болашақта жақсы адам болады.
Осы мақсаттта облыстық Марал ишан мешітінің найб имамы Икрам Бақытжан Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай автомобиль көлігі колледжінде» және қалалық 7 орыс орта мектебінде кездесу өткізді. Мұндағы кездесудің тақырыптары да әр түрлі. Колледжде «Религия Казахстана» болса мектепте «Война и мир» тақырыбы төңірегінде сөз қозғалды.
Кездесуде Икрам Бақытжан діннің қоғамдағы маңыздылығы жайында және Ислам бейбіт діні екендігі, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау туралы да кеңінен тоқталып өтті. Жиын соңы сұрақ-жауаппен тамамдалды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының жаңа мүшелері Астана қаласында аттестациядан өтті.
Мақсат РАНТ-ның құрамында білімді де тәжірибелі мамандардың болуы. Біздің облысымыздан Ерматов Абдихахар ұстаздың айтуынша аттестация барысында қоғамдағы өткір діни сауалдар қойылған.
Аттестация жұмысына ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғалымбек Мәжиев төрағалық еткен және Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, Діни басқарманың бөлім меңгерушілері қазылық жасаған. Комиссия шешіміне сәйкес, әр облыстын қатысқан 5 адамның үшеуі сынақтан сүрінбей өткен.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасын қабылдаған. Онда діни білім беру жүйесін қалыптастыру және дамытудың мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық бағыттары айқындалған.
Осы негізінде Қостанай облыстық «Марал ишан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған үш күндік оқу-ағарту семинары өз жұмысын бастады.
Семинарда негізінен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, діни қызметкерлердің этикасы, мұсылманның тұлғалық бейнесі, имамның тұлғалық келбеті және 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы пән ретінде оқытылады.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Діннің адам баласын имандылыққа, кісілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеуде алар орны бөлек. Міне, сондықтан да болар облыс орталығынан шалғай жатқан Жітіқарада бұл мәселеге айрықша назар аударылуда.
Жақында осы аудандағы Милютин ауылында орналасқан орта мектептің жоғары сынып оқушыларының арасында «Религия, нравственность, патриотизм» деген тақырыпта жүздесу болып өтті.
Бұл басқосуға аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Наталья Пластовец пен аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин қатысты.
Кедесуге жиналған қырыққа жуық адам алдағы өмірлерінде пайдасын тигізер мол тағылым алды.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов және облыстық дін істері басқарманың маманы Сапарғали Әбдиев Қостанай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жеке құраммен кездесті.
Бұл кездесуде наиб имам Азамат Мурзаканов қазіргі таңдағы діннің қоғамдағы маңыздылығы жайында және Ислам бейбіт діні екендігін түсіндіріп, әртүрлі теріс, радикалды ағымдармен шатастыруға болмайтынын және кез-келген адам дін төңірегінде сауатты болуы керектігі жайында сөз қозғады.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Өткен аптада Қостанайдағы Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханасында жиналған қауымға ой саларлық дөңгелек үстел болып өтті. Бұл жиында «Терроризммен күрес — ортақ міндет» деп аталатын тақырып әңгіме арқауына айналды.
Қазіргі таңда осы өзекті мәселе әлемде жұртшылықтың бәрін де алаңдатып отырғаны белгілі. Сондықтан да кездесуде ол жан-жақты талқыланды. Оның зияны жөнінде айтылған пікірлер басқосқан үлкенді-кішілі қауымға үлкен ой салды.
Бұл дөңгелек үстелге Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов, облыстық дін істері жөніндегі басқарманың маманы Сапарғали Әбдиев, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министирлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан полиция полковнигі Александр Сметановский қатысып пікір айтты.
Кездесуден Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен қаламыздағы педагогикалық институттың студенттері және Қостанай академиясының тыңдаушылары көп жайды көңілге түйді.
Жиынның соңында Ұлттық Қауіпсіздік саласының ардагері, белгілі қаламгер Ғалихан Мәулетов өзінің жастарға ең ізгі тілегін білдірді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі