Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Жітіқара жұртшылығы үшін «Ержан Тәтішев» мешіті тек имандылық ордасы ғана емес, үлкен рухани-мәдени орталық. Ауданға сән беріп тұрған, иісі мұсылман халықтарының барлығы да тағзым етіп, Алла Тағалаға құлшылық-ғибадат жасайтын киелі ғимарат.

Осынау парасат ордасы аудан орталығындағы ең бір қолайлы жерге, бас көшенің бойында орналасқан. Сондықтан аталған мешіт бірден еріксіз көпшіліктің назарын аударады.

Мұсылман бауырларымыз мұнда жұма, Ораза және діни мереке кездерінде келіп, тағзым етеді. Аруақтарға Құран оқытады. Жастар болса, шаңырақ көтерген соң некелерін қидырып жатады.

Жаз мезгілі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы кезең. Сондықтан Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде осындай аса маңызды істер жүзеге асырылды.

Мысалы, мешітке жанашыр азаматтардың тікелей көмегінің арқасында киелі орынның іші мен сырты ақталып, сырланды. Оны шынайы көңілдерімен атқарған жандарға айтар алғысымыз шексіз.

Алдағы уақытта да аталмыш мешіттің барша қызметкерлері мен азаматтар имандылықты жандандыру мақсатында көптеген игі мақсаттағы жұмыстарды іске асыра беретіндігіне кәміл сенімдіміз.

Вторник, 16 Июль 2019 09:45

Қостанай: Біз Арыспен біргеміз

Апат айтып келмейтіндігі белгілі. Қалың қазақ тұратын Арыс қаласындағы оқиға барша қандастарымызға үлкен ой салды.

Осындай жағдайда бүкіл ел болып көмек көрсетіліп жатқаны баршаға мәлім. Осыған дейін облыс әкімінің тапсырмасы аясында Қостанай обысы атынан 20 тонна ұн, 7 тонна макарон мен 3 тонна кондитерлік өнімдері бар авто керуені жолданған.

Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы «Арыс қаласындағы жағдай бәріміздің де қабырғамызды қайыстырып, терең ойда қалдырғаны аян. Қазіргі таңда бүкіл елімізде оларға азық-түліктей, қаржылай көмек ұйымдастырылып жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл орайда дін қызметкерлері де жоғары саналылық көрсететіндігі даусыз».

Міне осы орайда да намазхан бауырларымыздың және Қостанай облысы бойынша барлық дін қызметкерлері бір күндік еңбекақысын қосқанда 644 000 теңге көмек жолданды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 15 Июль 2019 10:50

Қостанай: Жазғы діни сауат ашу курсы

Әр жыл сайын облыстық мешіттің сауат ашу курстарында жасөпірімдерге арналған жазғы сабақтар өткізіліп тұрады. Міне быйыл да жазғы демалысы болса да, мешітіміздің тұрақты яғни жылда қатысып жүрге жас шәкірттері және басқа да ықылас білдірген балалар мешітімізде маусым айының 10-30 аралығында 20 күндік сабаққа қатысты.

Дәстүрімізде және Ислам дінінде бала тәрбиесінің орны ерекше екендігі баршаға мәлім. Исламмен ұштасып жатқан дәстүріміз де баланың өзін жаратқанды тануына, ақ пен қараны айыруына, үлкендерге деген сый-құрметінің жоғары болуына айрықша мән береді.

Осы орайда қатысушыларға жапы қасиетті Құранның әліппесі, Пайғамбарлардың өмірбаяны, 100-сұрақ секілді ақпараттық дәрістер өткізілді.

Биылғы жылы барлығы 26 бала тәлім-тәрбме сабақтарына қатысқаны үшін арнайы сертификатқа ие болды.

Жалпы облысымыз бойынша көптеген сегіз мешітте жазғы діни сауат ашу курстары өткізілді. Ондағы басты мақсат өскелең ұрпаққа дәстүрлі дініміздің тура жолын көрсету.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қасиетті бес парыздың бірі – қажылық жасайтын уақыт та таяпқалды. Осыған орай, облыстық мешітте болашақ қажыларды ұлы сапарға дайындық семинары болып өтті.

Бұл шара барысында дін қызметкерлері күнделікті жүйелі түрде дайындық дәрістерін өткізді. Атап айтар болсақ, Икрам Бақытжан, Сыздықов Дархан, Төребаев Тимур, Бейсекеев Абзал, Балахмет Әлішер және Ғабдімәліков Есет сабақ жүргізді.

Дін мамандары қажылық рәсімін өткеру кезіндегі жайттарды, яғни парыздар, сүннет, уәжіп амалдардың бүге-шүгесіне дейін түсіндірді.

Міне бұл Ұлы сапарға Қостанай биылғы жылы сегіз адам барады. Олар еліміздің «Нұр Қазақстан», «Қызмет саяхат» және «Атлас туризм» компаниялары арқылы аттанатын болады.

Қажыларға тілейтініміз сапарлары оң болып, қажылықтары қабыл болған күйде елімізіге аман-есен жетуді нәсіп болсын.

Вторник, 09 Июль 2019 10:01

Қажылық ғибадатының үкімі

Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қа­жылық ғи­ба­да­ты ша­ма­сы жет­кен әр­бір адам­ға өмі­рін­де бір рет па­рыз.

Қа­жы­лық­тың па­рыз­ды­ғы­ның дә­лел­де­рі

(Құ­ран, сүн­нет, иж­мағ)

  1. Құ­ран

«Ол жер­ге ба­ру­ға ша­ма­сы жет­кен бар­лық адам­ға Аллаһ үшін Қағ­ба­ны зия­рат етіп, қа­жы­лық жа­сау па­рыз».«Қа­жы­лық­ты жә­не ум­ра­ны Аллаһ үшін тә­мам­даң­дар».

  1. Сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ген:

«Ис­лам ді­ні бес не­гіз­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ екен­ді­гі­не жә­не Мұ­хам­мед­тің (с.а.у.) Аллаһ та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген шы­найы ел­ші екен­ді­гі­не куә­лік кел­ті­ру, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру» 

«Кү­мән­сіз, Аллаһ Та­ға­ла сен­дер­ге қа­жы­лық­ты па­рыз қыл­ды, қа­жы­лық­ты орын­да­ңыз­дар».

  1. Иж­мағ

Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры ша­ма­сы жет­кен әр­кім­ге қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның ғұ­мы­рын­да бір рет па­рыз екен­ді­гі­не бір пі­кір біл­дір­ген.

Қа­жы ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін қо­сыл­ған шар­ттар бел­гі­лі бір адам­да то­лық­са, оған де­реу қа­жы­лық жа­сау шарт па?

Қа­жы ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін қо­сыл­ған шар­ттар бел­гі­лі бір адам­да то­лық­са, ол кі­сі­ге ер­те­рек қа­жы­лық жа­сау па­рыз. Ша­ма­сы ке­ле тұ­ра қа­жы­лық­ты ке­шік­тір­ген кү­нә­кар бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Қа­жы­лық­ты орын­дауда асы­ғы­ңыз­дар! Өйтке­ні, сен­дер­дің еш­қайсы­ла­рың өлім­нің қай уа­қыт­та ке­ліп же­те­ті­нін біл­мей­сің­дер»,– дейді.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғы­ның шарт­та­ры

Бел­гі­лі бір адам­ға қа­жылық ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар орын­да­луы ке­рек.

  1. Мұ­сыл­ман бо­лу. Мұ­сыл­ман емес­тер­ге қа­жылық па­рыз емес. Сон­дық­тан мұ­сыл­ман емес адам қа­жылық ғи­ба­да­тын орын­дап бол­ған­нан кейін Ис­лам ді­ні­не кір­се, ша­ма­сы жет­кен жағ­дайда қайта­дан ба­руы ке­рек.
  2. Ақыл – есі дұ­рыс жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на же­ту.

Ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге қа­жылық па­рыз емес. Бұл екеуі қа­жылықты ат­қар­са, со­сын ба­ла ба­ли­ғат жа­сы­на жет­се, ақыл есі кем адам жа­зыл­са, қа­жылықты ша­ма­ла­ры жет­кен жағ­дайда қайта орын­даула­ры па­рыз. Жас ба­ла­ның ба­ли­ғат жа­сы­на дейін­гі жа­са­ған қа­жы­лы­ғы – нә­піл қа­жы­лық са­на­ла­ды.

  1. Азат бо­лу.Қа­жылық ұзақ уа­қыт ат­қа­ры­лып, ұзақ са­пар­ды та­лап ете­тін­дік­тен тұт­қын­дар­ға, түр­ме­де­гі­лер­ге, құл­дар­ға қа­жы­лық ғи­ба­да­ты па­рыз емес. Өйтке­ні, тұт­қын­дар­да он­дай мүм­кін­ші­лік жоқ.
  2. Уа­қыт. Ара­фат тауын­да ар­найы бел­гі­лен­ген тұ­ру уақы­ты мен зия­рат тауабы уақы­ты­на өмі­рі жет­пе­ген адам үшін қа­жы­лық па­рыз емес.
  3. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауға ша­ма­сы­ның жетуі

а) Ден­саулы­ғы бо­луы

Ден­саулы­ғы на­шар, алып жү­ре­тін ада­мы жоқ со­қыр, ақ­сақ, сал сияқ­ты ауру­лар­ға ұшы­ра­ған­дар­ға жә­не кө­лік­ке өз­ді­гі­нен мі­не ал­май­тын қарт кі­сі­лер­ге қа­жылық па­рыз емес.

ә) Қа­жет­ті қа­ра­жа­ты болуы

Қа­жы­ға ба­рып-ке­лу қар­жы­сын, жол­да, қа­жы­лық­та жей­тін азы­ғы­на жә­не әйел ба­ла-ша­ға­сы­ның, жал­пы қарауына мін­дет­ті адам­дар­дың қа­жы­лық­тан қай­тып орал­ған­ға дейін­гі қа­ра­жа­тын кө­те­ре ала­тын адам­ға қа­жы­лық па­рыз.

б) Ба­ра­тын жол­дың се­нім­ді болуы

Қа­жы­лық­қа ба­ру­дың па­рыз бо­луы үшін жол се­нім­ді бо­луы ке­рек. Ба­ра­тын жол­да со­ғыс не­ме­се бас­қа да қа­тер­лі жағ­дай­лар туын­да­са, қа­жы­лық­қа ба­ру па­рыз емес.

Әйел­дер­ге байла­ныс­ты ар­найы шар­ттар

  1. Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел­мен бір­ге күйеуі не­ме­се мах­рам туыс­та­ры­нан біреуі бо­луы ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­дис шә­ри­фін­де бұйыр­ған: «Әйел адам өзі­мен бір­ге мах­ра­мы бол­ма­са, үш күн­нен ар­тық са­пар ше­ге ал­майды». Бұл Ха­на­фи мәз­һа­бын­да. Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да әйел адам­ның жа­нын­да се­нім­ді бір­не­ше та­қуа әйел­дер бол­са, мах­рам­сыз қа­жы­лық жа­сай ала­ды.
  2. Ғид­дет­ті бол­мауы 

Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел күйеуі­нен та­лақ не­ме­се күйеуі­нің қай­тыс бо­луына байла­ныс­ты ша­ри­ғат­тың бел­гі­ле­ген ғид­дет мер­зі­мін­де бол­мауы ке­рек. Өйтке­ні, Аллаһ Та­ға­ла мы­на аят­та ғид­дет мер­зі­мін­де­гі әйел­дер­дің үй­ден шы­ғу­ла­ры­на тыйым сал­ған: «Та­лақ қыл­ған әйел­де­рің­ді үй­ден шы­ғар­маң­дар, олар да шық­па­сын».Қа­жы­лық­ты бас­қа уа­қыт­та өтеуге бо­ла­ды. Ал ғид­дет бел­гі­лі уа­қыт­қа ар­нал­ған.

Сал ауруына ду­шар бол­ған, ден­саулы­ғы на­шар қарт, мү­ге­дек адам, жол көр­се­те­тін кө­мек­ші­сі жоқ со­қыр адам­дар, жа­нын­да бір­ге ба­ра­тын мах­ра­мы жоқ әйел­дер, ше­тел­ге шы­ғу­дан мем­ле­кет та­ра­пы­нан тыйыл­ған, ба­ра­тын жо­лын­да қа­тер­ге ұшырауы мүм­кін адам­дар қа­жы­лық­қа өз­де­рі­нің ор­ны­на бас­қа бі­реуді көз­де­рі­нің ті­рі­сін­де жі­бе­руіне не­ме­се өзі дү­ние­ден қайт­қан­нан кейін өкіл ре­тін­де ба­рып-ке­лу­ле­рін та­лап ету­ле­рі­не бо­ла­ды.

Әли Имран, 3/97.

Бақара, 2/196.

Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман,21.

Муслим, Хаж,412.

Әбу Дәәуд, Мәнасик,5. Ибн Мажә, Мәнасик,1.

Исламда әйелдің үйленуі харам болған жақын туыстары.

әш-Шәукәни

Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт.

Талақ, 1.

Вторник, 02 Июль 2019 16:10

Қағбаның салынуы

Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қағ­ба – жер бе­тін­де тұр­ғы­зыл­ған тұң­ғыш құл­шы­лық ор­ны. Адам ата­ның жер бе­ті­не түс­кен­нен кейін­гі ең ал­ғаш­қы ісі пе­ріш­те­лер­дің кө­ме­гі­мен осы Қағ­ба­ны тұр­ғы­зу бол­ған. Сан дәуір­лер арт­та қа­лып, уа­қыт ақ­қан өзен­дей жыл­жы­ған сайын бұ­зы­лып, кө­нер­ген жер­ле­рі та­лай рет жөн­де­ліп отыр­ған. Қағ­ба жер бе­тін Нұх то­пан суы бас­қан­ға дейін ғи­ба­дат­ха­на мін­де­тін ат­қа­рып кел­ген еді. Алайда, жер бе­тін бас­қан то­пан су­дан кейін, өкі­ніш­ке қа­рай, бұл қа­сиет­ті құл­шы­лық ор­ны­ның ең бол­ма­са қи­ра­ған ізі де бі­лін­бей, адам­зат­қа беймә­лім күйде қа­ла бер­ді.

Бі­рақ, жер ша­ры­ның кін­ді­гі іс­пет­ті бол­ған жер бе­тін­де­гі ал­ғаш­қы ғи­ба­дат ор­нын Аллаһ Та­ға­ла кейін­гі мұ­сыл­ман құл­да­ры­на беймә­лім қал­дыр­ма­ды. Бұл қа­сиет­ті құл­шы­лық ор­нын мұ­сыл­ман­дар­ға құ­бы­ла етіп, қайта өң­деу ісін Ибраһим пай­ғам­бар мен ба­ла­сы Ис­майылға та­быс­та­ды.

Иб­ра­һим (а.с.) мен ұлы Ис­майыл­дың қа­зір­гі таң­да­ғы қа­сиет­ті Қағ­ба­ны қайта тұр­ғы­зу­ла­ры бы­лай еді.

Ис­майыл (а.с.) зәм­зәм суы­ның ма­ңайын­да өсіп тұр­ған ағаш­тың ас­тын кө­лең­ке­леп, оқ жо­нып отыр­ған-ды. Бір ме­зет со­на­дай­дан өзі­не қа­рай ке­ле жат­қан әке­сі Иб­ра­һим­ді (а.с.) байқа­ған ол де­реу атып тұ­рып, ал­ды­нан қуана жү­гі­ріп шық­ты. Көп­тен кө­ріс­пей, са­ғы­ныс­қан әке мен ба­ла­ның құ­шақ­та­ры айқа­са кет­ті. Ба­ла­сы­ның ша­шы­нан си­пап, маң­дайы­нан иіс­кеп, мау­қын бас­қан әке мен әке мейірі­мі­не шөл­де­ген ба­ла ара­сын­да ар­тын­ша тө­мен­де­гі­дей әң­гі­ме ізін тап­ты.

– Ба­лам, Аллаһ Та­ға­ла ма­ған үл­кен мін­дет жүк­теп отыр.

– Әке, ол қан­дай мін­дет? Аллаһ Та­ға­ла жүк­те­ген мін­дет­ті те­зі­рек ат­қар­ға­ны­ңыз жөн бо­лар.

– Бі­рақ, оған се­нің кө­ме­гің ке­рек, ба­лам.

– Әке, мен қа­шан да өзі­ңіз­ге қол­ға­быс ету­ге әзір­мін. Он­дай абы­ройлы іс­тен ма­ған да үлес ти­ге­ні Аллаһ­тың ма­ған оң қа­ра­ға­ны шы­ғар, – де­ді Ис­майыл іш­те­гі қуаны­шын жа­сы­ра ал­май.

Әке де ба­ла­сы­нан осы жауап­ты күт­кен­дей: – Ен­де­ше, дәл мы­на тұс­тан Аллаһ­тың әмі­рін орын­дап, құл­шы­лық ор­нын са­лайық, – де­ді қа­зір­гі таң­да­ғы күл­лі әлем­де­гі мұ­сыл­ман­дар­дың ғи­ба­дат ор­ны са­на­ла­тын қа­сиет­ті Қағ­ба­ның ор­нын көр­се­тіп.

Осы­лайша, Аллаһ Та­ға­ла­ның өз­де­рі­не бел­гі­леп көр­сет­кен же­рі­нен Қағ­ба­ның қайта са­лы­нуын бас­тап та кет­ті. Ис­майыл тас та­сып, әке­сі Иб­ра­һим (а.с.) қа­сиет­ті үй­дің қа­быр­ға­сын қа­лай бас­та­ды. Жұ­мыс оң­ға ба­сып, құ­ры­лыс биік­те­ген сайын Иб­ра­һим (а.с) үшін тас қа­лау қиын­ға соқ­ты. Екеуі өза­ра ойла­сып, Ис­майыл әке­сі­нің аяғы­ның ас­ты­на тек­пе­шек, са­ты тә­різ­дес ұзын­ша, биік тас әке­ліп қойды.

Иб­ра­һим­нің (а.с.) аяғы­ның ізі түс­кен бұл тас қа­зір­гі кез­де «Ма­қа­му Иб­ра­һим» деп ата­лып, қа­жы­лық­та сол тұс­та ар­найы на­маз оқы­лып, ерек­ше зия­рат еті­лу­де.

Мұ­сыл­ман­дар үшін жер бе­тін­де Қағ­ба­дан да қа­сиет­ті екін­ші бір орын жоқ. Өйтке­ні, бұл киелі ғи­ба­дат үйі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың әмір етіп, Же­бі­рейіл­дің (а.с.) жо­ба­сын көр­се­туі ар­қы­лы са­лын­ған.

Қағ­ба­ның төрт қа­быр­ға­сы қа­ла­нып, ке­зек бү­гін­гі «Ха­жа­рул-Әсуәд» деп ата­ла­тын қа­сиет­ті қа­ра тас тұр­ған бұ­рыш­қа жет­кен­де, Иб­ра­һим (а.с.) ұлы Ис­майылға тауап­тың бас­та­ла­тын ор­нын біл­ді­ре­тін бел­гі ре­тін­де бір тас әке­луін тап­сыр­ды. Ис­майыл әке­сі­нің тап­сыр­ма­сын орын­дау үшін тас із­деп тауға кет­кен­де, Же­бі­рейіл пе­ріш­те Иб­ра­һим­ге (а.с.) жұ­мақ­тан тас алып ке­ліп, Қағ­ба­ның бұ­ры­шы­на сол тас­ты қою ке­рек­ті­гін жет­кі­зе­ді. Риуаят­тар бойын­ша, бұл қа­сиет­ті тас әуел­де қар­дай әп­пақ көр­ген­дер­ді таң қал­ды­рар жұ­мақ­тан әке­лін­ген екен. Бі­рақ кейін­нен уа­қыт өте ке­ле адам­дар­дың кү­нә­кар қол­да­ры тие-тие қа­ра тас­қа айна­лып­ты.

Қа­сиет­ті қа­ра тас­ты Қағ­ба­ның бұ­ры­шы­на ор­на­лас­ты­ру­мен Қағ­ба­ның құ­ры­лы­сы то­лық аяқ­та­лып, Иб­ра­һим (а.с.) мен ұлы Ис­майыл Раб­бы­ла­ры­на қол жайып бы­лайша дұ­ға жа­сап, ті­лек ті­ле­ді:

«Раб­бы­мыз! Біз­ден (бұл іс­те­ген ісі­міз­ді) қа­был ал! Сен (ті­ле­гі­міз­ді) ес­ту­ші жә­не бі­лу­ші­сің. Ей, Раб­бы­мыз, екеу­міз­ді де өзі­ңе ға­на бойұсы­ну­шы қыл, ұр­пақ­та­ры­мыз­дан да өзі­ңе ға­на бойұсы­ну­шы үм­мет жа­сай гөр, әрі біз­ге қа­жы­лық амал­да­ры­мыз­ды көр­се­тіп, тәубе­міз­ді қа­был ал! Әл­бет­те, Сен тәубе­міз­ді қа­был алу­шы жә­не мейі­рім ету­ші­сің. Ей, Раб­бы­мыз ұр­па­ғы­мыз­дың іші­нен олар­ға аят­та­рың­ды оқи­тын, Кі­та­бың­ды жә­не та­ғы­лым­да­рың­ды үйре­те­тін, олар­ды (шір­ктен) та­за­лай­тын ел­ші жі­бе­ре гөр. Кү­мән­сіз, сен шек­сіз құ­ді­рет иесі Ға­зиз­сің, әр іс­ті орын­ды іс­тей­тін, еш нәр­се­ні бос­қа іс­те­мей­тін Ха­ким­сің».

Қағ­ба – мұ­сыл­ман­шы­лық­та­ғы тау­хид се­ні­мі­нің рә­мі­зі мен ны­ша­ны. Қағ­ба – күл­лі мұ­сыл­ман ба­ла­сы­ның қия­мет­ке дейін на­маз­да­рын­да жә­не жал­пы бар­лық қайыр­лы іс­те­рін­де жүз­де­рін бұ­ра­тын жә­не ум­ра-қа­жы­лық­та бас­қо­сар бір­ден бір киелі орын­да­ры. Осы бір киелі де қа­сиет­ті ме­кен­де мұ­сыл­ман­дар­дың мү­бә­рак ауыз­да­ры­нан шық­қан «Ләб­бәйка Аллаһум­ма Ләб­бәйк!» тәл­биясы тау-тас­ты жаң­ғыр­тып, же­ті қа­бат көк­ке тол­қы­ған күйі сам­ғап, кө­те­рі­ліп жа­та­ды. Қасиет­ті Қағ­ба­ның ат­мос­фе­ра­сы мүл­дем ерек­ше. Оны көр­ген көз­ге ыстық жас үйіріліп, оны сез­ген жү­рек бас­қа бір ерек­ше се­зім­ге бу­лы­ғып, ар-ож­дан адам­дық­тың биігі­не қа­рай сер­пі­ліп, бір ме­зет бол­сын мы­на пә­ни дү­ниені ұмы­та­ды.

 Бақара сүресі, 2/139

 Аллаһты даралау.

Вторник, 02 Июль 2019 16:08

Қажылық

Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Хаж (араб ті­лін­де) – құр­мет тұ­тыл­ған қа­сиет­ті жер­ді зия­рат ету ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы  қа­жы­лық айла­ры деп ата­ла­тын ар­найы уа­қыт­та Сауд ара­бияда­ғы Мек­ке қа­ла­сы­ның жа­нын­да­ғы Ара­фат тауын­да ғи­ба­дат ниеті­мен бір ме­зет тұ­ру, со­сын Қағ­ба­ны тауап* ету жә­не қа­жы­лық­тың ар­найы бас­қа амал­да­рын орын­дау ар­қы­лы ат­қа­ры­ла­тын ғи­ба­дат.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның орын­да­ла­тын айла­ры

Шәууал, Зил­қағ­да жә­не Зил­хиж­жа айы­ның ал­ғаш­қы он кү­ні. Қа­жы­лық­та­ғы әр­бір амал үшін бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт бар. Зия­рат тауабы­ның уақы­ты құр­бан айт кү­ні таң аты­сы­мен бас­та­лып, қа­жы­лық­қа ниет ет­кен адам­ның өмі­рі­нің со­ңы­на дейін. Бі­рақ зия­рат тауа­бын құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы үш кү­нін­де орын­дау уә­жіп бол­ған­дық­тан, кім­де-кім осы уа­қыт­тан ке­шік­тір­се, қа­жы­лы­ғы­ның дұ­рыс бо­луы үшін құр­бан ша­лу­ға мін­дет­ті. Ал Ара­фат тауын­да тұ­ру­дың уақы­ты бол­са, ара­фа кү­ні түс ау­ған­нан құр­бан айт кү­ні таң на­ма­зы­ның уақы­ты кір­ген­ге дейін­гі уа­қыт.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

Ша­ма­сы жет­кен әр­бір мұ­сыл­ман ба­ла­сы­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты па­рыз бол­ған­дық­тын орын­даушы­сы, ең бі­рін­ші, Алланың сый-сыяпа­ты­на ке­не­ліп, кү­нә­ла­ры­нан ары­ла­ды. Өйтке­ні, Алла Та­ға­ла өзі­нің әмір­ле­рін орын­да­ған құл­да­рын ақы­рет­те сый-сыя­пат­қа бө­лейті­ні ту­ра­лы уәде ет­кен. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ықы­лас­пен орын­да­ған құл­дар­дың кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­ле­ті­ні жайын­да Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.) бір ха­ди­сін­де:

{مَنْ حَجَّ فَلَمْ يَرْفُثْ وَ لَمْ يَفْسُقْ رَجَعَ مِنْ ذُنُوبِهِ كَيَومٍ وَلَدَتْهُ أُمُّهُ}

«Кім­де-кім әйелі­мен жа­қын­дас­пай (жа­қын­да­су­ға тар­та­тын бар­лық іс әре­кет­тер­ден ау­лақ бо­лып) жә­не кү­нә іс­те­мес­тен қа­жы­лық жа­сай­тын бол­са, ана­сы­нан жа­ңа ту­ған­дай кү­нә­ла­ры­нан ары­лып қайта­ды»[1]де­лін­ген. Иә, жү­ре­гі­не Хақ сәуле­сі ұяла­ған әр­бір мұ­сыл­ман­ның асыл ар­ма­ны Алла Та­ға­ла­ның құ­зы­ры­на мы­на жал­ған дү­ниеде пен­де­ші­лік­пен іс­теп қой­ған кү­нә­ла­ры­нан ары­лып, ана­сы­нан жа­ңа ту­ған сә­би­дей пәк күйде, жар­қын жүз­бен ба­ру. Сон­дық­тан да түн ұйқы­сын төрт бө­ліп, тә­һаж­жүд оқып, ға­пыл құл­дар­дың шырт ұйқы­да жат­қан осы бір ме­зет­те Раб­бы­сы­мен оңа­ша қа­лып, көз жа­сы­мен кү­нә­лі жү­ре­гін жуып, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­леп жал­ба­ры­на­ды. Тәубе етіп, шы­жы­ған ыс­тық­та нә­піл ора­за ұс­тап, ықы­ла­сы­ма аз да бол­са бас­қа­ға көр­се­ту, мақ­та­ныш се­зі­мі ара­лас­па­сын де­ген ниет­пен та­са­да еш­кім­ге көр­сет­пей са­да­қа бе­ре­ді. Жал­пы айт­қан­да, өмі­рін­де­гі әр­бір мүм­кін­ші­лік­ке, әр­бір іс­те­ген жақ­сы­лы­ғы­на, кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­луіне се­беп бо­лар де­ген үл­кен үмітпен қа­райды.

Шыр айна­лып, зар илеп, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­ле­ген осы бір шы­найы құл­ға Алла Та­ға­ла қа­жы­лық­ты па­рыз ет­ті. Өйтке­ні, бұл па­рыз­да ғұ­мыр бойы із­де­ген асыл ар­ма­нын тап­пақ. Ол – кү­нә­сі­нан жа­ңа ту­ған сә­би­дей ары­лу, та­за­ру.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бас­қа бір ха­ди­сін­де Алла құ­зы­рын­да қа­был етіл­ген қа­жы­лық­тың қа­ры­мы – жән­нат еке­нін айт­қан:

{ألْعُمْرَةُ إلَي الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا وَالْحَجَّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إلاَّ الْجَنَّةَ}

Ма­ғы­на­сы: «Бір ум­ра екін­ші ум­ра­ға дейін­гі ара­лық­та жа­са­ла­тын кү­нә­лар­ға кәф­фа­рат, ал, қа­был бол­ған қа­жы­лық­тың сауабы – тек қа­на жән­нат».

  1. Ис­ла­мият туып, құ­лаш жай­ған бұл қа­сиет­ті то­пы­рақ­қа ба­ру Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.) жә­не атақ­ты са­ха­ба­лар­дың қаһармандықтарымен таныстырып, жү­ре­гі­міз­ге жа­ңа­ру, Ис­ла­ми өмі­рі­міз­ге үл­кен сер­пін әке­ле­ді. Мың­да­ған қа­сиет­ті ес­те­лік­тер­дің қазы­на­сы жә­не Алланың сүйік­ті Ел­ші­сі­нің (с.ғ.с.) исі сің­ген то­пы­рақ­тың әр­бір бұ­ры­шын­да тең­де­сі жоқ әлем­нің нұр­лы сы­ры жа­тыр. Пай­ғам­ба­ры­мыз шық­қан ол то­пы­рақ­та өлі жү­рек­тер ті­рі­ліп, мұ­сыл­ман­дар жап-жа­ңа жан ра­қа­ты мен қуаны­шы­на ке­не­ле­ді.
  2. Қажылық кезінде адамдардың ағылып әр құрлықтан келуі психологиялық тұрғыдан адамның дүниетанымын кеңейтіп, оның тағы бір беймәлім қырын аша түседі. Осы наным-сенімді ұстанып, соның үкімін атқарып жүрген жалғыз мен емес екенмін деген ой-пікір қалыптасады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан әр тілде сөйлейтін, әр түсті, мемлекет басшысынан бастап қарапайым халыққа дейін бай-кедей әр ұлт өкілінің бір жерде бас түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше бақытты күй кешіп, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап қажылық парызды атқаруы мұсылман жұртшылығының өзара ынтымағы мен бірлігін күшейтіп, иманын нықтай түседі. Бұл біздің үлкен күш, үлкен жамағат екенімізді ұқтырады. Қажылыққа келген мұсылмандардың саны қанша болса, қажылық барысында біздегі иман да сонша есе арта түскендей әсер қалдырады.

Осы бір сырды аңғарғандар сәл бір шу шыға қалса өздерін жақтайтын он-он бес адамның басын тоқайластырып жіберіп шеру өткізуге даяр тұрады. Мақсат – сол істі жақтайтындардың аз емес екенін көрсету, өзара күш-қуаттарын арттыру, сенімдерін бекіту. Жалған дүние тірлігінің өзін осыншалықты қызғыштай қорғап жатқанда ақиқат үшін бас біріктіріп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың қаншалықты маңызды екендігі өзі-ақ белгілі болғандай.

Егер мұқият көңіл бөлінсе, адамды жан-жақты қолға алған Ислам діні бес уақыт намаздың өзін жамағатпен оқуды бұйырады. Одан қала берді аптасына бір рет мешітке бас сұғып жұма намазын оқуды парыз еткен. Жыл сайын екі рет айт намазында да мұсылмандардың басын қосады. Ал қажылықта болса бұл дәстүр өз шарықтау шегіне жетеді.

  1. Ұлтына, нәсіліне қарамастан мұсылмандардың арасындағы имани байланыстардың артуы, Ислам бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады. Өйткені дүниенің шартарабынан келген мұсылмандар мынаны ұғады: «бәріміздің де Жаратушымыз бір, Ризық беруші Иеміз бір, Құлшылық етушіміз де бір... Дініміз де бір... Пайғамбарымыз да бір... Құбыламыз да бір... Осылай бір-бірімен жалғасқан жүздеген бірлер... Осынша бірлер өзара бірлік пен келісімді, сүйіспеншілік пен бауырмалдықты қажет етеді».

Иә, бұлардың барлығы - ғалам мен планеталарды бір-біріне жалғап тұрған рухани шынжыр іспетті жеке адам ретінде әрі мемлекет ретінде Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақ, татулығына негіз болатын байланыстар. 

Қажылық осылайша Ислам бауырмалдығының іске асуын қамтамасыз етеді. Дүниенің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандардың өзара бауыр екендігі қажылықта дәлелдене түседі (АҚШ-тағы қара нәсілді мұсылмандар тобының жетекшісі Малкольм Иксті бұрынғы теріс ұлтшылдық пікірінен арылтқан да осы қажылық барысында көз жеткізгендері болатын).

  1. Қажылық - мұсылман ұлттар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Неге десеңіз, мұсылман ұлттар қажылық кезінде бай-кедей, білімді-білімсіз, ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырып қояды. Киімдерін шешіп бәрі бірдей аппақ ихрам киеді. Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз тастасаң бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Еріксіз Мақшарда мазардан түрегелер сәтті елестетеді.

Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 13-аятында «Әй, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата, Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тану үшін сендерді ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Шындығында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы», -деп бұйырады. Яғни сендерді ұлттар мен ұлыстарға, қауымдар мен тайпаларға бөлуімнің астары бір-бірлеріңді тануда, бір-біріңнің қоғамдық өмірлеріңмен етене танысуда жатыр, сол себепті қашанда өзара көмектесесіңдер, әйтпесе сендерді әр бөлек қауым ретінде жаратуымдағы мақсат бір-біріңнен суып, бір-біріңе алакөзденіп жауласу емес деген сөз.

  1. Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз ғибадат жасату арқылы нәпсінің тізгінін тартып ауыздығын салады, мұсылман бауырларды бір-бірін сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Қажылық сапары барысында ешбір қайтарымсыз мал жұмсау, Алла үшін не нәрсені болса да шығындау парасаты өседі. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып, Алланың дұшпаны мен досының ақ-қарасы ажыратылады. Шайтанға тас атқан кезде, Қағбаны тауап еткенде, Мәдинаға ат басын бұрғанда, қара тасқа сәлем салғанда осындай терең ой құшағында тербеліп, ішкі жан сарайымыз тазарып сала береді.
  2. Қажылық кезінде мұсылмандардың небір ішкі керемет сезімдері оянып, жүректері үлкен әсерге бөленеді. Алғашқы мұсылмандардың уахидың таңғажайып күйіне елітіп, әсемдіктерінен сөз етіскендігі, әр бірі Құранның түсіндірмесі секілді адамзатқа ұмытылмас әсер қалдырғаны, осы қасиетті топырақта небір жанкештілік қимыл-әрекет, дархан мінез, өнегелі өмір іздері қалғандығы мұсылмандардың көз алдынан тізіліп өтіп, санада қайта жаңғырады. Мұсылман қажылардың рухын биіктетіп, шабытын шарықтатады.
  3. Қажылық – мәңгілікке ойып жазылған иләхи естеліктердің еске түсірілуі. Оған мысал, жалғыз өзі бір үмметті құраған хазіреті Ибраһим мен ұлы Исмайылдың ғибратты ғұмыры, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көктегі періштелердің өзін қызықтырған өнеге-үлгісі, иманын қызғыштай қорғап өмір мен өлімнің арасында ажалмен арпалысқан даңқты сахабалардың ерліктері-бәрі де тізбектеліп қажылық кезінде көз алдымыздан өтіп жатады. Оған қоса, Алла разылығы үшін сәбиін көтерген күйі жолға шыққан ананы да, Алла разылығы үшін деп жанын қиған асыл перзентті де, аяулы ұлын Алла разылығы үшін сапарға аттандырған әкені де, діндар күйеуінің бір сөзін екі етпей бағынған ананы да - бәрін осы аймаққа келіп қажылық жасағанда еске түсіресің[2].

* Қағбаны ғибадат ниетімен айналу.

[1] Бухари, Муслим, Ибну Мажә, Тирмизи, Нәсәәи/ Әбу Һурайрадан.

[2] Құлшылық құпиясы, 165-бет.

"Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды

Пятница, 21 Июнь 2019 09:27

Ең үздік хатым етуші

Өткен жылдың қараша айынан бастап сәуір айының соңына дейін Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде шәкірттер арасында Құранды толық оқу бойынша «Ең үздік хатым етуші» жарысы ұйымдастырылған еді.

Шәкірттерге шарты түсіндірілгендіктен, қасиетті Құранды әр 10 күн сайын толық хатым ету дәстүрге айналған-ды. Мұнда 10 – парадан алты, 5 – параданда алты, 3 – парадан 10 шәкірт қатысты.

Жарыста шәкірттер қашанда шыңдалатындығы белгілі. Сондықтан талапкерлер алға қарай ұмтылыс жасап, тынбай ізденіс танытты. Қасиетті Құранның мәні мен маңызын жете түсінді.

Өткеен Рамазан айына олар жан-жақты дайындықпен келген болатын. Олар білім жағынан өздерінің жан сарайын байытып, еңбекқорлыққа дағдыланды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға – Нұржан Айтбай, екінші орынға – Ғабит Пірмағамбетов, үшінші орынға Темірбақ Шапатуллаев ие болды.

Аты-жөндері аталған жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 19 Июнь 2019 16:39

Әулиекөл: «Үлгілі іс»

Үстіміздегі жылы Қостанай облысының Әулекөл ауданы Бас имамы Балахметов Нұрбол Исламұлы басқаратын «Әмит ишан» мешітінің алқа мүшелері өзгелерге үлгі боларлық істер атқарды.

Олар аудандағы бірқатар саудамен айналысатын дүкендерді аралап, қасиетті Ораза кезінде арақ-шарап сатылмауы жайлы ойларын ортаға салды. Мәселен, дін қызметкерлерінің талап-тілектеріне ерекше көңіл бөлген сауда орындары мен олардың иелерінің аты-жөндеріне тоқтала кеткеніміз жөн болар.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Ғ.Жансейітова, А.Нұржанов, И.Исмагамбетов, Ә.Қалиева, Г.Кәкімжанқызы басқаратын «Таң-Нұр», «Айнур», «Айшагүл», «Ожан», «Арнұр» секілді сауда орындарында Рамазан кезінде сөрелерден арақ-шараптарын сатылымнан алып тастады.

Міне бұл айлардың сұлтаны болып табылатын Рамазанға жасалған үлкен құрмет деп білеміз. Аталмыш жеке кәсіпкерлерге жұмыстары берекелі болсын тілек білдіреміз.

Сонымен қатар Құсмұрын елді мекеніндегі «Хақ» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ораза ұстаған қарияларға азық-түлік пакеттері үлестірілді.

Ал Қадір түні қарсаңында аудандық Әулиекөл ауылындағы тастанды балалар үйіндегі тәрбиеленушілер де өздеріне деген қамқорлыққа дән риза болысты.

Аманқарағай елді мекендерінде күнкөрісі төмен 40 отбасына да азық-түлік ұсынылды. Бұл қайырымдылық шарасына есімі өңірімізге кеңінен танымал «Москалев» ЖШС басшысы З. Жаңбыршиновтің демеушілік жасаған болатын.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.

Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыздағы кейбір жастардың әдепсіз әдептерге, мұсылманға жат қылықтарға бой алдыру, батыстық мәдениетке еліктеп, әзәзіл әуендерге үйір блып, ақырында болашағынан үміт күттірген өскелен ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, рухани құндылықтарға қарсы келуінің басты себебі де, сөз жоқ, нақ осы имандылық тәрбиенің әлсіздігінен немесе жоқтығынан.

Асыл дініміз туылған нәрестеден бастап , ер жеткенге дейін перзентке қандай тәрбие беру керектігін нақтылап берген. Алла Тағала қасиеті Құран Кәрімде былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ

«Уа иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) сақтаңыздар» Тахрим сүресі, 6-аят. Сонымен қатар Алла Тағала басқа аятта былай деп бұйырады:

وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا ۖ لَا نَسْأَلُكَ رِزْقًا ۖ نَّحْنُ نَرْزُقُكَ ۗ وَالْعَاقِبَةُ لِلتَّقْوَىٰ

«Отбасыңды намаз оқуға бұйыр және өзің де намаз оқуда табандылық таныт. Біз сенен ризық сұрамаймыз, керісінше сенің ризық-несібеңді Біз берудеміз. Расында, жақсы нәтеже тақуаларға» Таһа сүресі, 132-аят.

Ибн Омар (р.ғ.) Алла Елшісінің (с.а.с) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты, кісінің құлы (қызметкері) қожайынның малына бақташы әрі соған жауапты. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар!». Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махабат нұрын жаудыру әр ата-ананың міндеті. Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек. Оның тыныш, мамыражай жағдайда өскені жөн. Оған қатты дауыс көтеріп ұрсуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу, төбелес сияқты жағымсыз көріністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп, оның ақыл-есінің кемуіне әкеп соғуы ықтимал. «Әрбір туылған сәби фитрада (әуелгі таза болмыста, яғни еш нәрседен бейхабар пәк болып) туылады. Кейін әке-шешесі оны не яһуди, не христиан, не отқа табынушы етеді. Сондықтан ата-ананың балаға дұрыс үлгі болуы – игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. Сонымен, бала тәрбиесінің басты ұстындарын былайша бөлуге болады:

  1. Жаңа туылған нәрестеге мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау керек.
  2. Өзін-өзі ұстай білу, сабырлылық сезімін қалыптастыру.
  3. Ата-ананың жақсы үлгі болуы.
  4. Жақсы білім беру.

Егер ата-ана ұрпағын нағыз шынайы мұсылман етіп тәрбиелей алса, онда олардың баласы қиямет күні жұмақ қақпасының алдында отырып: «Әке-шешем кірмесе, мен де кірмеймін»,- дейді екен. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз қошемет бар.

Жалпы баланың тәрбиесіне әсер ететін төрт фактор бар:

  1. Отбасы;
  2. Сыртқы орта («көше»);
  3. Мектеп;
  4. Қоғам және жалпы қоғамдық мәдениет.

Демек, бала тәрбиесі ата-ананың, мектептің, қала берді жалпы мұсылман қоғамның ортақ ісі. Жаратушы Хақ Тағала мұсылмандардың ізгі істерде әрдайым тізе қосып, бірге жүзеге асырауларына үндеп былай дейді:

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ ۚ

«Ізгілік пен тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда бір-біріңе болыспаңдар» Мәйда сүресі, 2-аят.

Халық нақылында: «Алтыға дейін патшадай сыйла, алтыдан кейін құлдай жұмса, он алтыда досындай сырлас» делінеді.

Ұлы Жаратушымыз былай дейді: «Балаларын толыққанды емізгісі келетін аналар толық екі жыл емізеді. Ананың азығы мен киімі шама-шарқынша баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін нәрсе ғана жүктеледі. Ана да, әке де баланың себебінен зиян шекпесін. Сондай-ақ, мұрагер де сондай. Егер ата-ана өзара ризашылықпен кеңесіп, емшектен шығаруды қаласа, сонда екеуіне күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (басқа әйелге) емізгілерің келсе, ақысын келсім бойынша төлеген болсаңдар, (бұл да) сендерге күнә емес. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді толық көруші» Бақара сүресі, 233-аят.

Демек, ата-ана баласын толыққанды емізгісі келетін болса, екі жыл бойы емізуі тиіс. Ал ата-анасы тамақ жей алатын жағдайға келген баласын екі жылға толтырмай емшектен шығарып жатса, онда Алла Тағала айтқандай оларға күнә жоқ. Тек әуелі дәрігермен кеңесуді ұмытпаған жөн. Осыны есімізден шығармауымыз керек! Қазақтың мына: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Отан отбасынан басталады», «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер» нақылдары да, бала тәрбиесіне аса қатты мән берілуі керектігінің айғағы болып табылады. Қазіргі жасөспірім балалар теледидарға телміріп, одан қалса ұялы телефонға және компьютерлік атыс-шабыс, төбелес, тонау, т.б. ойындарға әуестігі басылар емес. Осы орайда: «Теледидар көрсе-көрсін, ұялы телефон және компьютер ойнаса-ойнасын, тек жыламаса, бұзықтық істемесе, босқа қаңғырмаса, әйтеуір мазамды алмай тыныш отырса болды»,- деген немқұрайлылықтан барынша сақтанып, бала тәрбиесіне баса назар аудару қажет. Перзентіңізге көңіл бөліп, оған ғибратты әңгімелер мен киссалар айтып берсеңіз, түптің түбінде еңбегіңіздің жеміс берері даусыз. Ал, енді сол немқұрайлылықпен жүре берсек ақыры не болмақ деп бір сәтке ой жүгіртіп көрдіңіздер ме?! Перзентіңіздің күн сайын алдынан түспейтін әлеуметтік желі мен ғаламтор және құрдымға апаратын құмар ойындар мен зиянды бағдарламалар жастардың сана-сезімі мен ақыл-ойын біртіндеп улап, неше түрлі қылмыстық әрекеттерге итермелеуі әбден мүмкін.

Жеткіншектер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы, мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар да жетіп артылады. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, кәзіргідей техникалық-ғылими прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол-талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса... Демек, компьютерде отырған адамның миының үштен бірі істемей тұрады, -дейді. Демек, ғаламтордың соншама зиянын естіп, біле тұра неге алдын алмасқа? Ол үшін не істеуіміз керек деген сұрақ туындары сөзсіз. Әрине оның жауабы бар. Олай болса, ұл-қызымыз иманды да ибалы болсын десек, өзімізге де, балаларымызға да адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен ғибрат алуды және Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзін өмірлік өнеге ете білуді үйренейік. Бұл жөнінде Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп баян етеді:

لَّقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا

«Шүбәсіз, Алла Елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақирет күніне бар үмітін артқан (Алланы және ақирет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та теңдессіз үлгі-өнеге бар» Ахзаб сүресі, 21-аят.

Ендеше, Алла Тағаланың өзі сүйген Мұхаммед пайғамбарды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) балаларымыз жақсы көретін болса, онда Жаратушы Иеміз де оларды сүйетіні шүбәсіз. Ал, Алла сүйген ұрпақтан бақытты ұрпақ қайдан болсын!

Қорыта келе, Елбасымыздың: «Біз – тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпаумыз керек. Ол үшін касиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек»,-деген ұлағатты сөзін айтқым келеді. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттерінің бірінде: «Ешбір ата-ана өз баласына көркем әдептен артық сый-мұра қалдыра алмайды»,-делінген (Тирмизи). Даналарымыз айтпақшы: «Атадан үш ұл туады: «Бірі атадан өте туады. Бірі жете туады. Енді бірі кері кете туады».

Ендеше, Алла Тағала бізге атадан жасық туатын емес, атадан асып туатын ұлағатты ұл мен инабатты қыз тәрбиелеуімізді нәсіп еткей!

Денисов аудандық «Жұма» мешітінің

бас имамы Байшев Болатжан Ғалымұлы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником