Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Халықтың ыстық ықыласына ие болған Шоқан қажы Әмірханов басқаратын «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы да «Біз біргеміз» акциясының аясында қайырымдылық шараларын өткізуде өзгелерге өнеге көрсетуде.

Мәселен, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында үстіміздегі жылдың 27 сәуірі мен 6 мамыр аралығында 1 355 720 теңге қаржы жиналды.

Ең алғашқы екі рет ұйымдастырылған акцияға 631 127 теңге қаржыға70 қапшықтан тұратын азық-түлік алынды. Жиналған қаржының қалған бөлігі де мамыр айындағы мерекелерге дейін қайырымдылық шараларына жұмсалды.

Жалпы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 70 отбасыға көмек көрсетілді. Осылайша мешіт қызметкерлері қаншама жандарға қол ұшын созып, олардың қуанышына ортақтасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша бас имамы болып қызмет атқарып келе жатқанына көп уақыт өтпесе де өңір жұртшылығының құрметіне бөленді.

Жан-жақты білімді азамат облыстағы аудандар мен қалалардың мешіттерінде болып, жергілікті халықпен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырған.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жақында ғана Алтынсарин ауданына ат басын бұрды. Мұндағы Алдиярұлы Жанұзақ мешітінің жағдайымен танысты.

Көпшілікке мәлім, үстіміздегі жылы еліміздегі діни басқармаға 30 жыл толды. Соған орай мерейтойдың құрметіне 30 игі шара өткізіліп жатқаны баршаға аян.

Бас имам аталмыш мешіттегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудандағы дін қызметкерлері және жамағатпен жүздесіп, алда тұрған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

-Дін қызметкерлерінің басты міндеті-қазіргі қиын кезде халықтың жанынан табылу, қасиетті Рамазан айында көп балалы, әлеуметтік жағынан жағдайы төмен отбасыларға қолдан келгенше қайырымдылық көмегін жасау, -деді Бақытбек Нұрғабылұлы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінде өзгелерге өнеге болатындай шара ұйымдастырылды. Оның танымдық-тәрбиелік мәні жоғары болды.

Қасиетті Рамазан айының жұма күнінде мешіт ұжымы аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігмен «Біз біргеміз» акциясына өздерінің лайықты үлестерін қосты.

Мысалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 отбасыға азық – түлік таратты.Ол жалпы 60 мың теңгені құрады.

Мынау тіршілікте адамның қуанышын көруден артық бақыт жоқ. Қайырымдылық шарада көрсетілген көмекке дән риза болған отбасылардың айтар алғысы шексіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Среда, 06 Май 2020 15:43

Арқалық: Ауыз ашар

Көпшілікке мәлім, еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты биылғы жылғы Рамазан айы ерекше өтіп жатыр. Бұрынғыдай ауыз ашар беруді жылдағыдай мешіт асханаларында, дәмханаларда ұйымдастыру уақытша тоқтатылған.

Жұртшылықтың есінде болар, бұл орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде «Мешіттеріміздің есіктері жабылғанмен жақсылықтың, сауаптардың есігі ешқашан жабылмайды» - деген болатын.

Міне Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бастамасымен «Ауызашар қоржыны» деген атпен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ауызашар сауабын алғысы келетін ықыласты жандардың демеушілігімен олардың қаражаттарына ауыз ашар пакеттері жасалып, үлестірілді.

Мешіт шәкірттері үйді-үйге таратуға белсене атсалысты. Жүрегі жомарт кісілер мен мешіт қызметкерлеріне Алланың нұры жауа берсін дегіміз келеді. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Біз біргеміз, тілегіміз ортақ» -атты қайрымдылық акциясы өткізілді.

Мешіт ұжымы аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, қолдауды қажет ететін көп балалы 10 отбасына азық-түліктен көмек көрсетті. Әрине, сол кездегі жанұя мүшелерінің қуанышын тілмен айтып жеткізу қиын.

Сауабы мол қайырымдылық акциясына бастамашы болған бас имам Есет Сейтқалиұлының бұл жауапты қызметке тағайындалғанына көп болмаса да іскерлік қырларымен жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленгенін атап өткеніміз жөн.

Ол қысқа мерзім ішінде талай қайырымдылық шараларға өзінің тікелей ықпалын тигізді. Әрдайым адам баласы айналасындағыларға қол ұшын беріп, қиын кездері жандарынан табылуға тиіс деп есептейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы да қайырымдылық шараларды өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл орайда бас имам Асылхан қажы Түсіпбектің ұйымдастырушылық қабілеті де өзгеге өнеге боларлықтай.

Өткен күндері де қайырымдылық мақсатында бірқатар істер атқарылды. Нақты дәлел келтіретін болсақ, ауданда 1 ірі қара мал сойылып, көмекке мұқтаж 24 көпбалалы отбасыларға таратылып берілді.

«Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген қағиданы берік ұстанған дін қызметкерлеріне қаншама қолдау көрген шаңырақ иелері үнемі алғыстарын жаудырып келеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының осынау сындарлы сәтте және қасиетті рамазан айында жақсылық жасауда жарысуды үндеп жатқаны баршаға мәлім.

Міне бұл ұсыныс еліміздегі барлық діни қызметкерлердің атсалысуымен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Облыс орталығындағы Марал ишан мешіті тарапынан 19 мәрте қайрымдылық шарасы өткізіліп, 500 отбасына азық-түлік және 500 маска жеткізілді.

Жалпы Қостанай облысы бойынша барша мешіттер 63 рет қайрымдылық шарасын өткізді. Онда 1 219 отбасына азық-түлік қоржыны таратылып берілді. Сонымен қатар 5000 дана маска үлестірілді. Бұл шараға жалпы 6 миллионан аса қаражат кеткенін атап өту керек.

«Себебі халықтың мұндай ақпараттан хабардар болу керек. Мешіт үйі тек ғана намаз оқып пітір жинайтын орын ғана емес. Халықтың қуанышы мен қайғысында ортақ болып, материалдық және рухани көмек көрсететін діни қызметкерлеріміз, имам-молдалар» екендігін Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы атап өтті.

Әр апта қаламыздағы халал сертификатын алған «Арзу» дәмханасының қолдауымен блок-бекетердегі қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізіліп, қолдау көрсетіліп тұрады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Понедельник, 04 Май 2020 16:43

Жүректерге жылы шуақ ұялатты

Міне, қасиетті де ізгілікке толы Рамазан айының алғашқы он күні де артта қалды. Осы күндері өңіріміздегі мешіттерде көмекке мұқтаж жандардың есінде қалар қайырымдылық шаралары жүзеге асырылды.

Мәселен, жақында «Біз біргеміз» акциясы аясында Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің ұжымы да үлкен алғысқа бөленді.

Олар сол ауданда тұратын 15көп балалы және мұқтаж жандарға "Рамазан айы қоржыны" деген атпен азық-түлік таратты. Сөйтіп, қаншама жерлестерінің шынайы ықыласына кенеліп, үлкен сауапты істерді атқарды.

Ауданда мұндай жүрекке жылы шуақ құятын игі мақсаттағы қайырымдылық шаралары болашақта да жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником