Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы негізінде республикамыздың барлық мешіттері қарамағында қайрымдылық мекемелері ашылуда.
Ондағы мақсат жастарға ата-баба салт дәстүрін сақтай отырып діни тәлім тәрбие беру.
Міне енді Қостанай да қасиетті жұма күні облыстық мешіттің жанындағы «Марал ишан» қайырымдылық мекемесі ресми түрде ашылды.
Осы қайрымдылық мекемесінде жастар жергілікті оқу орындарында дәріс ала жүріп, мешіттегі діни курстарда да ислам дінінің құндылығы мен адамгершілікке үндейтін қырларын меңгереді.
Мекеме директоры облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаевта аталмыш білім орталығы өскелең ұрпақтың өмірінде айрықша орын алатындығына тоқталып өтті.
Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешіттің алқа мүшелері мен шараға қатысушыларды есте қаларлық оқиғамен шын жүректен құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Бұл дәріс беретін орынның ерекшелігіне келсек, мұнда 25 шәкіртке арналған тегін жатын орын беріліп, тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Ал кітапханада барлық оқу құралдары бар. Негізінен дәрісті облыстық мешітте қызмет атқаратын имамдар жүргізеді. Болашақта оқитын жастардың саны 70-ке жеткізілетінін айтып өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен талай игілікті істер мен қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып жатыр.
Міне, осы басылымдардан оқыған және естіген қауымның жүрегін жылытар жайдың бірі- «Жолаушыларға қызмет көрсететін мешіт» жобасы. Ол өңірлердегі мешіттер тарапынан да дер кезінде қолдау тауып, мұсылман бауырларымыз алғысын жаудыруда.
Қостанай облысында алғашқы рет кеншілер қаласы Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінде қолға алынды. Қазір көпшілікке мәлім, солтүстік өңірде күн суық, қар қалың. Аталған қаладағы киелі орын ары-бері жүріп жатқан жұртшылыққа қолайлы жерде орналасқан. Оның сыртқы көрінісі де алыстан мен мұндалайды. Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы да жан дүниесі рухани жағынан бай, дін саласында тәжірибесі мол, білікті де жақсылыққа құштар маман.
Жолаушы ағайындардың осынау мешітте дәрет алып, ас-су ішулеріне, бір сәт аялдап, тыныс алуларына мүмкіндік бар. Сыртқы салқыннан ішке кіріп, бойлары жылынған кісілер дән риза.
Бас мүфтидің жоғарыда аталған ізгі мақсаттағы тапсырмасы облыстың барлық аудандары мен қалаларында қолдау тауып, жүзеге асырылады. Сөйтіп, жолда жүрген иманды ағайындарға қамқорлық туғыза беретіндігіне сеніміміз мол.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» бөлімінің Қостанай облысындағы жетекшісі Әлішер Ертайұлы Лисаков қаласында арнайы іс-сапармен болды.
Ол шаһардағы «Әбіхайм Саламатұлы» мешітінде «Акцент» телеарнасының ақпараттық бағдарламасында «Халал Даму» бөлімінің жұмысы, Қостанай облысында қаңдай мекемелер сертификат алғандығы жайлы мазмұнды сұхбат берді.
Сондай-ақжергілікті телеарнаның «Тіл және уақыт» бағдарламасында «Мұсылман адамның Халалға жақын, харамнан алыс болуы» тақырыбындағы әңгімесі де көрермендерге үлкен ой салды.
Әлішер Ертайұлы Лисаков қаласында орналасқан «Довлан» базарындағы халал ет сататын дүкенге де арнайы ат басын бұрды. Кездесу нәтижесінде сауда орнының Халал стандартына сай келуіне байланысты тиісті сертификат алуға ниетін білдірді.
Лисаков қаласының Бас имамы Сабыржан Есмурзин халал стандарттарына сай жұмыс істейтін мұндай дүкендер халыққа жақсы болатынын атап өтті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай облыстық мешітінде алқа мүшелерінің басқосуы өтті. Осы жиынды Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жүргізіп, өткен 2020 жылғы өңірдегі барлық мешіттерде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Ол өз сөзінде әлемді жайлаған қауіпті дертке қарамастан бірқатар істер тындырылып, қайырымдылық және басқа мақсаттарда жүзеге асырылған мәселелер туралы баяндады.
Бұл күндері өңірде 30 мешіт және 32 намазхана жұмыс істейді. Имамдардың алаңсыз қызмет атқаруына барлық жағдайлар туғызылған. Кадрлар дайындау барысы да көңіл толтырарлықтай.
Мешіт қызметкерлері «Зекет» қорының облыстағы өкілімен тығыз байланыста жұмыс істеп, қаншама көмекке мұқтаж кісілердің алғыстарына бөленді. ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты да аудандар мен қалаларда жергілікті бауырларымызға өнеге боларлықтай жүзеге асырылған жұмыстар да аз емес.
Жиын барысында Бахытбек Нұрғабылұлы алдағы міндеттер де ауқымды екендігін айтты. Биыл өңірде түрлі деңгейдегі байқау, көрме, спорттық және басқа да шаралар мен жобалар ұйымдастырылатындығын қатысушылардың есіне салды.
Осы отырыста алқаның жаңа мүшелері де бекітілді. Олардың міндеті мен мақсаттары да айқындалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облысы Федоров ауданындағы «Жиентай қажы»мешітінде 2019 жылдың 23 желтоқсанынан бастап осы жылдың ақпанына дейінгі алқа мүшелерінің атқарған жұмыстарына шолу жасалды.
Бір тоқтала кетер жай, алқа мүшелері өздерінің алдарына қойған мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін бірқатар есте қаларлықтай істер тындырған.
Бұл жайлы жиында айтылып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар сөз болды. Алайда басты мақсат – мешіттің жұмысын барынша жандандырып, жұртшылықты имандылыққа баулу, қайырымдылық іс-шараларын мәнді де әсерлі ұйымдастыру болып қала бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосып, семинар өткізді. Бұл жиында басты басымдық 2021 жылы атқарылар жұмыстар талқыланып, бағыт бағдар түсіндірілді.
Атап айтқанда үстіміздегі жылы
Жиын соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам, қалалық «Жайлаубай ата» Ұзынкөл ауданы «Балықты» мешітінің Бас имамлары Шоқан қажы Ғазизұлы мен Есенгелді қажы Сақтағанұлы мерекелік медальдармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазіргі дерт орын алып отырған кезде емдеу мекемелеріне қолдау көрсету аса маңызды екендігін жете түсінген Қостанай облыстық мешітінің тікелей ұйымдастыруымен бірқатар игі шаралар жүзеге асырылуда.
Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде аталмыш мешіт ұжымы облыстық ауруханаға 495 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Облысымыздың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет аурухана бас дәрігерінің орынбасары Арман Баймағамбетовке 12 пульсоксиметр, 250 парацетамол дәрісін табыс етті.
Белгілі дін қайраткері Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде «Жалпы облыстық бойынша барлық мешіттер ауруханалармен тығыз жұмыс жасаудамыз. Осыған дейін ИВЛ аппараттары берілген болатын, енді міне пульсоксиметр қажеттілігі туындаған жеткізіп бердік» деп өтті.
Қостанай облыстық мешітінің
баспасөз қызметі
Облыс орталығымен іргелес жатқан Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы бас имам Асылхан қажы Түсіпбектің басшылығымен талай жүрекке қуаныш ұялататын қайырымды іс-шараларға ұйытқы болып келеді.
Күні кеше ғана көп балалы және қамқорлыққа мұқтаж отбасылардың кішкентай балаларының есінде сақталар ізгі шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, әлгі ұлдар мен қыздар шаһардағы супермаркеттерде орналасқан ойын алаңдарында болып, шаттыққа бөленді.
Сондай-ақ олар өздеріне ерекше таңсық жылқыларға мініп, табиғатты тамашалады. Осы шара барысындабалдырғандар үшін қыста мұздан жасалған сырғанақ орындарына да барып, ұмытылмас әсер алды.
Әрине, балаларын айрықша ойын-думанға кенелткен мешіт ұжымына ата-аналар қауымы шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын жеткізді. Иә, қайсы бала болмасын бақытты болуға лайықты. Олардың жүзінен күміс күлкі нышанын көрудің өзі бір ғанибет емес пе?
Қостанай облыстық мешітінің
баспасөз қызметі