Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 10 Ноябрь 2021 10:02

Мешіттің ауласы көркейді

Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің қызметкерлері имандылық ордасының ауласына жасыл шырша отырғызуды көптен бері ойластырып жүрген еді.

Соның сәті осы жақында ғана түсті. Оның жүзеге асуына демеушілер, намазхандар мен дін жанашырлары белсене атсалысты. Сөйтіп мешіттің ауласына он алты түп жасыл шырша отырғызылды.

Бас имамның өзі бас болып арнайы ұйымдастырылған ұйымшылдықтың арқасында қасиетті орынның жан-жағы жасыл желекке бөленіп, жайнап шыға келді. Ол қаланың көркіне ерекше ажар беріп тұр.

Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Оған мешіт ұжымының мүмкіншілігі баршылық.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 10 Ноябрь 2021 09:56

Қостанай: Садақ ату сүннет

Ата-бабамыздан келе жатқан мұрамызды жаңғырту мақсатында ұлттық дәстүрлі садақ ату клубы ашылып, оған куә болған жерлестеріміз ерекше қуанышқа бөленді. Бұған қазақтың аяулы қызы Науырзым ауданының тумасы, садақ атудан республикамызда чемпионы Аяулым Аппазова жетекшілік етеді.

Намысты да жігерлі бауырымыздың ендігі көздеген мақсаты-алдағы уақытта ұлттық спортымыздың осы түрін өңірімізде жаңғырту. Сол мақсатта Қостанай аймағындағы кәсіпкерлер палатасының көмегіне сүйенген. Кәсіпкерлер оның бастамасына қолдау білдірді.

Жоғарда аталған клубтың салтанатты ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қатысып, Аяулым Аппазоваға шынайы алғысын білдіріп, батасын берді.

Сонымен қатар өңірдегі «Олжа-Агро» серіктестігі де ұлттық спорт ойындарына қолдау білдіретін болды. Енді осы клубта Қостанайдың жас жеткіншектері, талапты ерлер мен әйелдерге садақ ату үйретілмек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 09 Ноябрь 2021 14:55

Өзекті мәселе арқау болды

Қарабалық ауданының бас имамы Серік Рахым жастарды деструктивті теріс ағымдардан сақтандыру мақсатында Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Онда ол бүгінгі таңдағы аса маңызды «Теріс ағымдардың зардаптары» тақырыбында студенттерге кеңінен әңгімеледі. Олардың қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Жалпы жоғарыда аталған білім ордасында мұндай тағылымы мол жүздесулер жиі ұйымдастырылады.Баяндалған басқосу осы сөзіміздің жарқын айғағы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 09 Ноябрь 2021 13:52

Сенбілікте ұйымшылдық көрсетті

Өткен аптада Рудный қалалық «Нұр» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды. «Тазалық – иманның жартысы» деген қағиданы берік ұстанған мешіт қызметкерлері мен жамағаттар белсенділік танытты.

Олар мешіт аумағын жинастырып, айналаның айнадай тазалығына айрықша назар аударды. Соның нәтижесінде барлық қоқыстар арнайы техникаға тиеліп, тиісті орындарға шығарылды.

Қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев қараша айының алғашқы жұмасында игілікті іс тындырған жерлестеріне, жамағаттар мен шәкірттерге ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсеткендері үшін шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 08 Ноябрь 2021 10:33

Мешіттерде салауат шәриф оқылды

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай өңіріндегі дін қызметкерлері Ұлы Пайғамбарымыздың туған күні, яғни Мәуліт мерекесінің есте қаларлықтай болуына айрықша назар аударды.

Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдігінің бастамасымен барша аудандық, қалалық, кенттердегі мешіттерде мәуліт мейрамына орай салауат шәриф оқылды.

- Қасиетті жұма күні өңірдегі бүкіл имандылық ордаларында Мұхаммед Пайғамбарымыздың өмірін насихаттауға бағытталған тағылымдық жағы мол ғибраттық шаралар ұйымдастырылды, - деді облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылында Пайғамбарымыздың туған күніне орай Мәуліт мерекесі ұйымдастырылды. Бұл мейрамға облыстық Марал ишан мешітінің найб имамы, ұстаз Абдулқаһар Ерматов, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов қатысты.

Алдын ала хабарланғандықтан іс шарада оқушылар тәлімдік-тәрбиелік мәні зор салауаттарды орындады. Ұлы Пайғамбарымыздың өмірбаянынан қасидалар оқылды.

Кеш соңында жиналған қауымға ас берілді. Онда да жергілікті жамағат пен бауырларымызға ой саларлық әңгімелер айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 04 Ноябрь 2021 18:42

Рудныйдағы Мәуліт мерекесі

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде мерейлі Мәуліт мейрамына байланысты тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Онда Пайғамбарымыздың өмірі баяндалып, салауаттар оқылды.

Бұл мерекеге ерлер жамағатымен қатар қыз-келіншектер секторының ұстазы Аяулым Смағұлова бастаған әйелдер қауымы да белсене атсалысты. Олар «Соқыр яһуди» атты ғибратты көріністі дайындап, мешіт шәкірттері тәлімді қойылымды жұртшылықтың назарына ұсынды.

Сонымен қатар Алла елшісі жайлы мазмұнды уағыздар айтылып, діни әндер орындалды. Сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, тапқырлық танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шарадан балалар үйі мен басқа дін өкілдері үлкен әсер алды.

Жиналғандар Мәуліт мейрамының құрметіне жайылған дастарқаннан дәм татты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 03 Ноябрь 2021 16:27

Амангелді: Мәңгілік мұғжиза

Ислам дінінің көрнекті өкілі Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлының 195 жыл толуына орай Торғай аймағы бойынша «Құран кәрім - мәңгілік мұғжиза» атты қасиетті Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа және мәнерлеп оқудан сайыс өтті.

Бұндағы басты мақсат – өскелең ұрпаққа қасиетті Құранды оқытып, үйренуді насихаттау. Аталмыш жарыста Аманкелді ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұлы жиналған қауымға ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, ишанның ұрпақтары Құран жаттаушылардың қатары көбейе берсе деген тілектерін жеткізді.

Байқауға мәртебелі қонақтар, яғни облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлы, Рудный қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Уалиев пен найб имамы Әкімбек Нұрханұлы әділ қазылық жасады.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі 1-ші және 2-ші орындарды Арқалықтық Көбей Қалмырзаев пен Ербол Мұқанов, 3-ші орынды Амангелді ауданынан қатысқан Данияр Білімұлы иеленді.

Ал, 30-шы параны жатқа оқудан 1-ші орынға Жангелділік Бекболат Наурыз, 2-ші орынға Арқалық қаласының өкілі Қуандық Алдабергенұлы, 3-ші орынға Жангелді ауданынан келген Дінмұхаммед Ғазиз ие болды. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығы Амангелді ауданынан қатысқан Осман Абзалұлына берілді.

Барлық қатысушыларға «Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы» кітабы мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Бұл байқаудың өтуін Әмірхамзин Жандарбек имам мен мешіт ұжымы ұйымдастырып, ишанның ұрпақтары демеушілік етті. Олар бабаларының құрметіне мешіт асханасында қонақтар мен сайысқа қатысушыларға арнайы дастарқан жайды. Онда өңірімізге есімі танымал Мұхтар қажы және Кәкей ақсақал сөз сөйледі. Ас соңында Құран оқылып, бата берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Міне, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздік мерекесіне де санаулы ғана айлар қалды. Биыл осы мейрамның 30 жылдығын атап өтеміз.

Сонымен қатар биыл Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.ғ.с) туған күні мәуліт те осы күндерге сәйкес келді. Осының бәрін алдын-ала жоспарлаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі мұрындық болып, аталған аудан өңірінде тұңғыш рет ұлттық ат спорты көкпардан сайыс ұйымдастырды.

Оған қолдау білдірген Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов, «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрлан Сыздықов және Құсмұрын елді-мекенінің жамағаттары қаржылай көмек бергенің ерекше атап өткеніміз жөн.

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Жарыстың өтетіндігін естіген болар, жергілікті бауырларымыз көп жиналды. Өңір бойынша алпыстан астам шабандоздар қатысып, бақтарын сынады.

Осы жарыстың басы - қасында кезінде КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, марқұм Ораз Сейдахметовтың сүйікті ұлы, есімі елімізге танымал шабандоз Бақдаулет Асан болып, жарыстың жоғары деңгейінде өтуіне ықпалын тигізді. 

Жарыс болған жерде жеңімпаз да жарқырап көрінетіндігі белгілі. Өздерін нағыз спорттық бабында екендігін көрсеткен шабандоздарға қаржылай сыйлық салтанатты түрде тапсырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 03 Ноябрь 2021 16:19

Бас имам ректормен кездесті

Жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлеткеттік өңірлік университетінде болды.

Онда осы аймақтағы іргелі оқу-орнының ректоры Алма Іргебайқызы Досжановамен жүздесті. Кездесу барысында олар алдағы уақытта облыстық мешіт пен университеттегі жастар арасындағы рухани, адамгершілік, тәрбие және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысты барынша жандандыруға келісті.

Көпшілікке мәлім, облыстық мешіттің жанындағы Әлішер Ертайұлы жетекшілік ететін «Жастар ісі секторының» атқарған істері жылдан жылға қарқын алып, жастар арасында қолдау тауып келеді.

Жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында болашақ маман иелерін яғни студенттерді теріс ағымнан сақтандыру, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміздің жаңғырту, дініміз бен тілімізге құрметпен қарау жайы әңгіменің өзегіне айналды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником