Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Вторник, 14 Январь 2025 12:03

Алғыс хатпен марапатталды

Жақында Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған тұңғыш мүфти Ратбек қажы Нысанбайұлы, еліміздегі көрнекті дін қайраткерлері және басқа да белгілі тұлғалар шақырылды..

Бұл маңызды басқосуға біздің өңірімізден Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы қатысты. Оның дін саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі бағаланып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстағы барша әріптестері оның осы марапатымен құттықтай отырып, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында ырыс-береке, жауапты қызметінде табыс тілейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 14 Январь 2025 10:03

Тобыл: Жамағат аралық футбол

Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай аталмыш ауданға қарасты ауыл мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан жарыс өткізілді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарға Озерный, Московский, Алтын дала ауылдық мешіттерінің жамағаттары ие болды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Вторник, 14 Январь 2025 09:11

Тобыл: Ауыл имамдары бас қосты

Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің Бас имамы Дархан қажы Манарбекұлы үстіміздегі жылы атқарылар нақты міндеттерді қамтитын мәжіліс өткізді.

Жиынға ауданға қарасты Озерный, Қостомар, Жамбыл, Алтын дала, Московский, Алтынсарин ауылдарының имамдары қатысты.

Мәжілістен кейін ауыл имамдарының білімін шыңдау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуә бөліміне байланысты семинар ұйымдастырылды.

Қостанай облысының баспасөз қызметі

Вторник, 14 Январь 2025 08:55

Жағымды жаңалықтар

Құрметке бөленді

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің наиб имамы Әсет Жарылғасын үлкен құрметке бөленді.

Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Қамқор-шарапат мекемесінің басшысы Мейрамбек Қабылбекұлының атынан Алғыс хат табыс етілді.

Ислам дінін өркендетуде ерен еңбек етіп жатқан азаматқа алдағы уақытта да биіктен көріне бер деген ізгі тілегімізді білдіреміз.

Жеті отбасына азық-түлік табыс етілді

Шоқан қажы Әмірханов басқаратын Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы көмекке мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде жуырда «Қайырымды жұма» аясында жеті отбасыға 70000 теңгенің азық-түлігі табыс етілді. Шаңырақ иелерінің дін қызметкерлеріне деген алғысы шексіз.

Қаржылай көмек көрсетілді

Облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы әрдайым «Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы берік ұстанады.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жақында екі баласы сырқаттанған отбасына 50000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ем алуға аттанған жандардың сапары сәтті болып, шаңырақтары үлкен қуанышқа кенелсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 04 Январь 2025 19:40

Озерный ауылында мешіт ашылды

Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылында жергілікті халық көптен күткен "Алима" намазханасының ашылу салтанаты болып өтті.

Бұл елді-мекендегі имандылық ордасының пайдалануға берілуіне белсене атсалысқан барлық демеушілер мен тұрғындар қатысты.

Мешіттің лентасын Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев пен «Карл Маркс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Иван Матвеевич қиды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша демеушілерге Алғыс хаттар тапсырылып, иықтарына шапан жабылды.

Ашылу салтанатынан кейін алғашқы жұма намазында Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы "Жақсы сөз- жарым ырыс" тақырыбында уағыз айтты. Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан қажы Манарбекұлы жұма намазын оқыды.

Аталмыш қуанышта бас қосқан жұртшылыққа ауылдағы дәмханада дастарқан жайылып, ас берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 30 Декабрь 2024 13:33

Үздік аудан имамы атанды

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2024» номинациясымен марапаттау рәсімі болып өтті.

Салтанатты жиынға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады. Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің имамы Есенкелді Сақтағанұлы Әжімаханның көп жылғы дінімізді өркендетуге қосқан ерен еңбегі бағаланып, «Үздік аудан имамы» атанды.

Өңірдегі барша әріптестері оны осынау мәртебелі марапатымен құттықтап, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында ырыс-береке, жауапты қызметінде табыс тілейді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 24 Декабрь 2024 09:27

Жыл қорытындысына арналған жиын

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиевтің төрағалығымен өңірдегі қала және аудан имамдарының жылдық есебі тыңдалды.

Онда олар діни басқарманың бекіткен Шариғат және пәтуа, ихсан және насихат, дін мен дәстүр, ізгі қоғам, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді.

Бас имам әріптестерінің жыл бойы атқарған қызметтеріне тоқтала келіп, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген сегіз дін қайраткерлеріне Алғыс хаттарды табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, елімізге танымал қаламгер Серікбол Хасанов арнайы іс-сапармен Қостанайға келді.

Ол алдымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өткізілген өңірдегі аудан және қала имамдарының жылдық есеп беру жиынына қатысты.

Білікті журналист өзінің бай тәжірбиесіне сүйене отырып, әлуметтік желілерде шығып жатқан ақпараттардың жалғандығы мен шындығын ажырата білу қажеттігіне тоқталды. Олардан сақтану жолдары жайлы мысалдар келтірді.

Сондай-ақ дін қызметкерлері қашанда өздеріне күмән тудыратын жайлардан аулақ болып, күнделікті өмірде нақты әрі көпшілікті адастырмайтын деректер мен дәйектерге ғана сүйену қажеттігін еске салды.

Серікбол Тілепбергенұлы өзі басқарып отырған қос басылымдағы мақалалардың сапасы, өзектілігі, көтеретін тақырыптары, журналстердің тың ізденістері жөнінде қысқаша айтып берді. Алдағы уақытта өңіріміздегі өз саласын жетік білетін имамдар және іргелі мешіттердің тыныс - тіршілігі баяндалатын дүниелерді жариялауға дайын екендігін білдірді.

Басқосуда имамдар оған көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Жиын соңында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев белгілі қаламгерге мазмұнды да берері мол танымдық әрі құнды кеңестері үшін шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 23 Декабрь 2024 11:48

Жүлдегер палуандар марапатталды

Жақында Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын ұжымның ұйымдастыруымен осы мешіттің ашылғанына 10 жыл және кәсіпкер, меценат Төлеген Жайлаубаевты еске алу кешіне арналған қазақ күресінен облыстық жарыс өткізілді.

Осынау салтанатқа қатысқан облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз сөйлеп, барлық палуандарға сәттілік тіледі.

«Күш атасын танымас» демекші, жігіттер өздерінің жан-жақты дайындықпен келгендігін көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені жеңіп алған түйе палуанға «Умраға» жолдама берілді.

Сондай-ақ 60, 80, және 91 келі салмақтағы палуандарға жалпы 1 млн 50 мың теңгенің қомақты сыйлығы табыс етілді. Осы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне есімдері көпке белгілі Абылай Тайгелдин мен Аманкелді қажы Еренғайыпұлы демеушілік етті.

Жеңімпаз палуандарға лайықты құрмет көрсетілген соң, жиналғандарға мешіттің асханасында дастарқан жайылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 23 Декабрь 2024 09:08

Әскери бөлімшедегі кездесу

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің наиб имамы Қазбек Кошеров № 99260 әскери бөлімшесінде болып, курсанттармен “Өз өміріне қол жұмсау” тақырыбында кездесу өткізді.

Онда қазіргі таңдағы өзекті мәселе жайлы жастарға кеңінен түсінік берді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың қаншалықты шариғатқа қарсы амал екенін айтты. Жиналғандардың қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«891011121314151617»
Page 13 of 376

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником