Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Әйгерім

Сұрағы:

Сəлеметсізбе! Менің сұрағым: ауыз бекіткеніме міне 23 күн болды. Қарыз күндерімде жоқ, бірақ бүгін аяғымның ауыр екенін білдім. Енді сол 1 апта үшін оразамды қаза еткім келмейді, əрі қарай ұстай берсем болады ма? Егер шыдамай ауырсынып ашсам, осы уақытқа дейін ұстаған күндерім босқа есептелмей кете ме? Жолдасым да қарсы, басым қатып жүрмін, не істесем болады?

Жауап:

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Алла Тағала 23 күн бойы ұстаған оразаңызды қабыл етіп, сауаптан жазғай! Жалпы аяғы ауыр әйелдің өзіне және құрсағындағы баласына зиян болмайтын жағдайда ораза ұстауға болады. Ал ораза ұстаудың зиян беретінін не бермейтінін сіздің күйеуіңіз емес, Құдайдан қорқатын, білікті дәрігер маман шешеді. Егер білікті дәрігер ораза ұстау зиян береді деп шешсе, онда сізге оразаңызды тоқтату қажет болады. Кейін, ораза тұтуға мүмкіндік бермеген кедергі жойылған кезде, ұсталмай қалған күндердің қазасын басқа күндерде өтеп бересіз. Сонымен қатар ауырсынып, шыдамай аузыңызды ашып жіберген жағдайда, осы уақытқа дейін ұстаған күндеріңіз есептеледі де босқа кетпейді.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником