Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

07:37
09:16
13:36
15:58
17:46
19:25
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қостанай
    Намаз кестесі СМС арқылы
    Ақмола облысы
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе облысы
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы облысы
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау облысы
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жамбыл облысы
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Қарағанды облысы
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Қостанай облысы
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Қызылорда облысы
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Маңғыстау облысы
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Петропавл
  • Павлодар облысы
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
Қазақстанның діни интерактивті картасы
сә1
бе2
жұ3
се4
же5
дү6
се7
сә8
бе9
жұ10
се11
же12
дү13
се14
сә15
бе16
жұ17
се18
же19
дү20
се21
сә22
бе23
жұ24
се25
же26
дү27
се28
сә29
бе30
  • Григорияндық
  • Хиджри
Бүгін 21 қараша 2017 ж. – 3 Раби-уль-авваль 1439 ж. - ربـيع الأول‎ ) Күнтізбе

Ғибратнама>Фиқһ

Яссауи кесенесінде орналасқан мешітте намаз оқуға болмай ма?

Ассаламуғалейкум! Менің сұрайын дегенім, өткен жолы Шымкент қаласында орналасқан бір мешітте жұма уағызы айтылды. Сол уағызда «мазарда орналасқан мешітте намаз оқуға болмайды» деді. Мысал ретінде, Арыстан баб кесенесіндегі, Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі орналасқан мешітті т.б. осы сияқты мешіттерді атап өтті. Осыған нақты жауап берсеңіздер!

Саттархан Бимбетов.

Уағалейкум әссәләм! Құрметті Саттархан, Ханафи ғалымы Ибн Ғабидин бұл жайында өзінің кітабында былай деген:

«Мазар ішінде арнайы даярланған намазханада намаз оқудың ағаттығы жоқ. Тек оның ішінде қабір болмауы тиіс және іші нәжістен таза болуы керек. Сондай-ақ, құбыласы қабірге қарап тұрмауы ләзім»[1].

«Бахрур ра’иқ» атты ханафи фиқһ кітабында мынадай сөз айтылып өткен:

«Мешіттің михрабы молаға, дәретханаға және монша жаққа қарап тұрған болса, ол - мәкрүһ. Бұл намаз оқушы мен мола арасында бөгет болмаған жағдайға қатысты. Ал, ғимараттың қабырғасы сияқты бөгет болса, құбыланың аталмыш тұсқа қарап тұруы мәкрүһ емес»[2]

Ханафи ғұламасы Ибн Һумам бір сөзінде:

«Мазарда намаз оқу – мәкрүһ. Бірақ, намаз оқуға арналған орын болса, сол орында намаз оқу мәкрүһ емес, егер, нәжістен таза болса»[3].

Жоғарыдағы ғұламалардың пәтуаларына қарағанда Қожа Ахмед Яссауи және Арыстан баб сынды кесенелерде орналасқан арнайы мешіттерде намаз оқудың күнәсі жоқ.

Осы тұрғыда мынадай сұрақ туындауы мүмкін: Пайғамбарымыз өзінің хадисінде «Яхуди және Христиандарға Алланың лағынеті болсын. Олар Пайғамбарлардың қабірлерін «мәсжид-мешіт» етіп алды»[4] дегендігі бәріне аян. Тағы бір хадисінде: «Шынында сендерден бұрын өмір сүргендер пайғамбарлар мен әулиелердің қабірлерін «мәсжид» етіп алды (хадистің арабша нұсқасында «мәсәжид» деп келген). Сендер қабірлерді «мәсжид» етпеңдер. Сөзсіз мен одан сендерді тыямын!»[5], - дейді. Ендігі жерде жоғарыдағы келтірілген пәтуалар осы хадистерге теріс емес пе?

Оған жауап ретінде, аталмыш хадистердегі «мәсжид», «мәсәжид» деген сөздер намаз оқитын мешіт мағынасында емес, «бір нəрсеге сәжде ету» деген мағынада қолданылған. Яғни, ондағы "мәсжид" сөзі «масдар мими» түрінде келген (масдар - етістіктен жасалған есімдік). Сонда хадистің мағынасы: «Сендер қабірлерді табынатын және сәжде етіп, ұлықтайтын орын етпеңдер».

Осы айтқанымыз дәлелді болуы үшін, жоғарыда келтірілген хадистің «Нәсәидағы» нұсқасына хадисші әрі тәпсірші ғұлама Мухаммед ибн Абдулһәди әс-Синдидің (м.1726 ж.) берген түсіндірмесін келтірелік. Ғалым былай дейді:

«Бұл хадисте Пайғамбарымыз оның қабірін Яхуди және христиандар секілді асыра құрметтеуден үмбетін сақтандыруда. Яғни, қабірді ұлықтап, сәжде етуден немесе намазда жүздерін қарататын құбыла етіп алудан сақтандырып отыр. Ал, теберік ретінде әулие кісінің қабірінің жанында мешіт ұстаудың рұқсат екендігін айтқандар бар...»[6].

Егер, кімде-кім қабірге табынып, сондағы жатқан мәйітті ұлықтап, сәжде етсе, бұл Аллаға серік қосу, яғни, "ширк" болмақ. Бұған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ, Яссауи кесенесінде орналасқан мешітте мұсылман Аллаға ғана құлшылық етері даусыз. Кесененің басқа бөлмесінде орналасқан Яссауи бабамыздың қабіріне табынбасы анық.

Қорытынды:
1. Ханафи мәзхабында қабірстанда намаз оқу немесе алдында тұрған қабірге қарап намаз оқу – харамға жақын мәкрүһ. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Қабірлерге отырмаңдар, қабірге қарап намаз оқымаңдар», - деген бұйрығы бар[7]. Бірақ, намаз оқушы мен қабірдің арасында дуал немесе ғимараттың қабырғасы секілді бөгет болса еш ағаттығы жоқ.
2. Ханафи мәзхабы бойынша, Қожа Ахмед Яссауи, Арыстан баб кесенелері сияқты мазарлардағы арнайы намазханаларда намаз оқудың күнәсі жоқ.
3. Егер намазхана ішінде қабір орналасқан болса, Ханафи мәзхабы бойынша, ол жерде намаз оқылмайды[8].

[1] Раддуль Мухтар, 2/559 бет.
[2] Ибн Нужәйм, Бахрур раиқ – «Китабуль Уақф».
[3] Хашияту ат-Тахтауи.
[4] Нәсәи - №703 хадис.
[5] Муслим - №532 хадис.
[6] Хашияту әс-Синди ъаля сүнәнин Нәсәи. №701 хадис.
[7] Муслим -№972 хадис.
[8] Мәлики мәзхабында намаз оқушының ниеті бір Аллаға табыну болса, ешқандай бөгетсіз қабірге қарап оқыса да намазы дұрыс және мәкрүһ емес. Имам Мәлик: «Қабірлерде намаз оқудың күнәсі жоқ. Кейбір сахабалардың мазарда намаз оқығандығы жайында естігенім бар» - деп айтқандығы деректерде келген (арабша нұсқасында: «маған жетті» - делінген).Мәлик ибн Әнәс, әл-Мудәууәнатуль Кубра. 1-том: «Ассалату филь Мауадиъиль ләти тәжузу фиһас сала».

Абдусамат Қасым

алдыңғы мақала
Туған күнде тортқа балауыз шам (свеча) жағуға дін қалай қарайды?
кейінгі мақала
Бұрынғы намаздардың қазасын өтеу міндет пе?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником
Рейтинг@Mail.ru