Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

15 02.23

Топырақты өлімді торқалы тойға айналдырмайық

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» - демекші, қаралы үйдегі жаназа, құдайы ас-садақаның дастарқанына қа¬тыс¬ты мәселенің айтылып келе жатқанына қаншама уақыт өтті. Әйтсе де бұл өзекті жайға әлі де толыққанды бойұсынбай келеміз.

Мен бүгін осы ой-толғанысым арқылы жаназа рәсіміндегі ысырапшылдық жөніндегі пікірімді өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім.

Бі¬реудің қимас жақыны өмірден өтіп, қайғы жамылып отырса да аста-төк дастарқан жайып, марқұм үшін сауап жинауды емес, адамдар алдындағы мақтанышты ойлаумен әлекпіз. Соның салдарынан ысырапшылыққа жол береміз.

Қазір бәрі де бәсекеге айналғаны жасырын емес. Біреу бі¬реуден қалып бара жатса, қарызданып, тіпті несие алатындарға таң қалмайтын болдық. Ал, осындай қаржыға берілген құдайы астың сауабы бар ма?...

Қайғыға батып, қара жамылған отбасы, олар өздерін жұбата ма, әлде өзгенің ас ішіп, аяқ босатуына алаңдай ма? Қазан-қазан ет асылып, қатар-қатар дастарқан жайылады. Сонда көпшілік ол шаңыраққа көңіл айтуға емес, көз сүріндірер дастарқаннан тамақ ішу үшін ғана бара ма? Жанашыр туысы, ет жақын бауырынан айырылып, жаны қиналып отырғанда бәсекеге талпынудың қажеті қанша?

Асыл дінімізде ысырапқа жол берілмейді. Құранда: «..анығында Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (Ағраф сүресі, 31 аят)-делінсе, Ардақты пайғамбарымыз: «Ішіңдер, жеңдер, киініңдер және садақа беріңдер. Алайда ысырапшылық пен тәкаппарлықтан сақтаныңдар». (Ахмад. Мухтар «ӘлАхадис»111)-деп ескертеді.

Көтеріліп отырған маңызды мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деп аталатын кітапты даярлап, онда құдайы ас беру тәртібі нақтыланған болатын.

Берері мол еңбектегі пәтуалар ысырапқа жол бер¬меу¬ге негізделіп, қарапайым халықтың босқа шашылмауына бағытталған. Осы пәтуаға орай, 2018 жылдың наурыз айында Қостанай қаласында орталық мешітте облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының басшылығымен келелі жиын өтіп, арнайы шешім де қабылданған еді.

Оған кейбіреулер түсіністікпен қараса, енді өңірдегі кейбір аудандардағы қандастарымыз әлі де болса немқұрайдылық танытуда. Мұның ішінде Қостанай шаһары да бар екендігі белгілі. Өмірден көріп, біліп жүргеніміздей, жаназа-құдайы астың ас мә¬зірі кәдімгі тойда жайылатын тағамдардан кем түспейді.

Жаназа дастарқаны барлық пен байлықты көрсетер, бәсеке-мақтаныштың орны емес қой. Негізінде марқұмның артынан сауапты, өнегелі іс жасалғаны дұрыс. Біз болсақ, тек атақ-абыройды ғана ойлап кеттік. Соның салдарынан қарызданып-қауғаланып, кейін сол алғандарын қайтара алмай, қиналып жүрген отбасылар да жоқ емес. Міне, осы жалған намысқа салынуға тоқтау қоятын кез жетті.

Адам бар жерде қаза бар. Ол өмір заңдылығы. Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады деген де бар. Әр шаңырақтың тұрмыс жағдайы да әр-түрлі. Сондықтан, көрпемізге қарай көсілген абзал. Мұны әсіресе, жастардың саналарына сіңіре білсек, құба-құп.

Қадірлі ағайын! Ысырапқа жол беру – өркениетке де, мәдениетке де, асыл дініміздің шариғи талаптары мен ұлттық салт-дәстүрімізге де қайшы келетінін ұмытпайық.

Алланың берген ырыздық-несібесін сауапты игі істерге жұмсап, астамшылыққа ұрынбау маңызды міндет. Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Өз орнымен жұмсалған шығын ысырапқа жатпайды, ал ысырап еш уақытта жақсы нәтиже бермейді»-дегені баршамызға сабақ болғаны жөн. Осыны баршамыз дұрыс түсінейік, ағайын!

Конф.шешімі-03 23.03.2018

Бектұрсын Торғайбайұлы, «Марал ишан» мешітінің Бас имамы

Сұрақ қою

Security code


алдыңғы блог жазба
Діни сауаттылық
келесі блог жазба
Ораза ұстамау кімдерге рұқсат етілген?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником