Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
21 02.22

Жаркөл жаңалықтары

Аудандық «Жиентай қажы» мешітінде осы жылдың өзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағыттар бойынша жұмыстар қолға алынып, оның танымдық жағына айрықша назар аударылуда.

Жақында Бас имам Ерлан Серікболатұлы жергілікті Ауылшаруашылық колледжінде «Ислам – ынтымақ, бірлік діні» жайында және Федоровка КГКП Колледжінің жатаханасында студентермен кездесуде «Кішпейілділік- тауқуалықтың белгісі» жайында уағыз айтты.

Білім ордасының оқытушылары мен студенттері әңгімеге өзек болған тақырыптың мәні мен мазмұнына терең ұғынды. Осындай басқосуға ықпалын тигізген мешіт ұжымына өздерінің шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар Бас имам Ерлан Тілегенов Первомай ауылына ат басын бұрып, елді-мекендегі мектеп оқушыларымен жүздесті. Білім ордасында «Ата-ананың ризашылығын алу» тақырыбында әңгіме өткізді.

Кездесуде еліміздің болашақ тірегі болып табылатын ұл мен қыздар оның ұлағатқа толы сөздерін ұйып тыңдап, көп жайды көңілдеріне түйді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Қостанай: Алтын ине
келесі жаңалық
Республикалық жарысқа қатысады

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником