Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
18 08.16

«Әулие» шәкірттер!

Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын тәмамдады.

Осы екі айлық курста облыстық мешіттің найб имамы, жас ұстаз Әлішер Ертайұлы шәкірттерге Ислам дініндегі «Құран әліппесі, әдеп пен тәлім-тәрбие, ислам ғибадаты, пайғамбарлар тарихы» жайлы дәріс берді.

Ол балалардың уақытты тиімді пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде тиянақты болуларына айрықша назар аударды. Сонымен қатар балалардың ынтасын арттыру үшін түрлі ойындар өткізіп, арасында түрлі тәттілермен сыйлықтар жасап отырды.

Ол үшін жастар ісі бойынша жауапты Жұмағұлов Омар ұйымдастырған жәрмеңкеден демеушілік танытылды.

Міне енді бүгін салтанатты жыйында шәкірттерге 2 айлық курсты бітіргені туралы сертификат пен сый-сыйапат табысталды. Шара барысында найб имам Сыздықов Дархан ата-аналарға рахметін айтса, Ғайсин Жақсылық ата батасын берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Теріс ағымдардан барынша аулақ болайық!
келесі жаңалық
Қостанай облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником