Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Новости Костанайской областной мечети Марал Ишан

Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылындағы мешіттің молдасы Омар Закарин «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Жергілікті жамағат және кәсіпкерлердің қолдауымен азық-түлікке толы 36 қоржын көмекке мұқтаж шаңырақтарға таратылды.

Сондай-ақ, аталмыш аудандағы Аманқарағай ауылының молдасы Серікбай Испуловтың ұйытқы болуымен азық-түлік салынған 7 қоржын көмекке зәру отбасыларына берілді.

Ораза айында «Алтын алма, алғыс ал» деген қағиданы ұстанған азаматтарға жұртшылықтың алғысы шексіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Ақын, ағартушы Әлмұхаммед Оспанұлының есімі ұлт көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ақталғаннан кейін ғана ел арасына тарай бастаған тұлғалардың бірі. Торғай уезі, Тосын болысында 1886 жылы өмірге келген Әлекең саналы ғұмырын имандылық ілімін насихаттауға, ұстаздыққа арнаған, иманды да ізгі жан. Ол өмірінің көп бөлігін қуғын-сүргінде өткізген.

ӘЛМҰХАММЕД 13 жасын да Торғай қаласындағы 4-кластық орыс қолөнер мектебіне түсіп, «ағаш ұстасы» деген мамандық алып шығады. Содан кейін 17 жасында осы Торғай қаласындағы 6 жылдық орыс мектебінің 4-класына қабылданып, оны 1905 жылы бітіреді. 1911 жылы Троицк қаласындағы Зейнолла ишан салдырған «Расулия» медресесіне түседі. Оқи жүріп, «Айқап» журналына, «Қазақ» газетіне өлеңдерін бастырып, мақала жазып тұрады.

1917 жылы туған жері – «Бестау», «Суықбұлақ», «Шилі» маңындағы, «Үшқарасу» басындағы медреселерді «Бостандық» мектебі деп атап, ауыл балаларына орысша-қазақша білім бере бастайды.

1920 жылы Орынбордағы ағарту бөлімі мектепті қазақ тіліндегі бастауыш мектеп етіп, осында үш айлық курс ұйымдастырады, Торғай уезі бойынша осы «Бостандық» мектебінен 75 адам мұғалімдік куәлік алып шығады. Әлекең сол курста А. Байтұрсыновтың емлесін алғашқылардың бірі болып қолданып, сабақ береді.

1925 жылдың соңына таман Торғай қаласында үлкен діни мәжіліс болып, Нәуен хазірет жасының ұлғайып, денсаулығының нашарлауына байланысты өзін мұхтасибтік жұмыстан босату туралы өтініш жасайды. Торғай уезіне қарасты 13 болыстан келген дін қайраткерлері мен 54 мешіттің имамдары Нәуен хазіреттің өтінішін қанағаттандырады. Оның орнына бір ғана Әлекеңнің кандидатурасы ұсынылады.

1926 жылдың басында, Уфа қаласындағы мүфтиятқа барып, өзін Торғай уезінің мұхтасифтігіне бекіткен жарлығын алып қайтады.

Сөйтіп Әлекең 1925 жылдың аяғынан 1929 жылдың соңына дейін Торғай үйезінің мұхтасибі болып адал қызмет атқарады. Діни жұмыстарды жақсы жолға қояды. Уездегі 54 мешіт пен 4 медресенің дінімізді өркендетуге лайықты үлес қосуын қамтамасыз етеді. Болыстарды үнемі аралап, мешіт-медреселердегі жүргізіліп жатқан жақсы жұмыстардың барысын қадағалап, бақылап отырады».

Әлмұхаммед Оспанұлының өлең-жырлары да елді әрдайым адамгершілікке, оқу-білімге, ынтымақ-бірлікке үндейді.

1911 жылы басылып шыққан «Қазағыма» деген өлеңінде былай деп жазады:

Қараңғы надан елдің күні құрсын,
Бұралқы қадірі жоқ иттен жаман.
Кел, қазақ, надандықтан қоштасалық,
Қайрылмас қанша айтқанмен кеткен заман,
Жастарды жасөспірім, жаңа талап,
Сақталық бұл адасқан беттен аман.

Әлекеңнің отызыншы жылдары үшінші рет айдалып бара жатқанда жазған «Жазушыдан ақырғы сөз» деген өлеңінде оның болашаққа деген сенімі бейнеленген:

Жазушы Әлмұхаммед Оспанұлы,
Тағдырға бой ұсынбақшы хақтың құлы.
Мұхтасиф үш ауданға болдым рас,
Жасқанып жасыра алман, сірә дә оны.
Ғылымның азды-көпті арқасында,
Халқымнан қадір-құрмет көрдім шыны.
Ырзамын әуелі Алла һәм халқыма,
Иншалла ұмытпасам керек мұны.
Жалпыға жалпақ келген бұл бір нәубат,
Демей-ақ жақсы-жаман, ұсақ-ірі.
Көреміз нәтижесін көппен бірге,
Тысқары топырақтан болсақ тірі.

Торғай өңірінің тумасы, өткен ғасырдың бас кезінде (1911) Зейнулла хазреттің медресесін тәмамдап, Саналы ғұмырын дін жолына ілім жолына бағыштаған, сол жолда бақытын тауып ел құрметіне бөленген, адалдықты, парасаттылықты ту еткені үшін кеңестік дәуірдің қанқұйлы зобалаңына ұшырап, жазықсыз жапа шегіп, тауқымет тартқан бірегей тұлға, ақиық азамат.

Құдай тағаланың сүйген құлы, халқының біртуар перзенті, көкірегі алтын көмбе шежіреші, ағартушы ақын. Ол кісінің білім деңгейі, діндар-тақуалығы өте зор болды. Сол кездегі Діни басқарманың муфтиі Бабаханов Зияуиддин, уфалық Шәкір қари, алматылық Садуақас хазрет, Әбдірахман ишандармен деңгейлес шығып, олардың өзара сыйластығы ел аузында жатталған.

Сол үшінде Торғай-Қостанай өңіріндегі атақты діндарлар: Мұстафа қажы, Файзулла қари, Ысқақ, Жүніс, Аймағамбет сияқты тақуа моллалар Әлекеңді ардақ тұтып, оның даналығына, кемеңгер тереңдігіне тәнті болған.

Әлмағамбет Оспанұлының халыққа сіңірген еңбегін бүгінде тәуелсіз еліміз өз деңгейінде бағалауда. ҚМДБ-ның шешімімен 2007 жылдың 6-шы қыркүйекте Арқалық қалалық мешітіне есімі берілді...

Бүгінде бұл мешіт: Қостанай облысы, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті деп аталады.

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің
Бас имамы Бақтыбай Нүрхан Асанүлы

Опубликовано в Блог имамов

Азан – барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Осы ізгі амалды әуезді дауыспен, нақышына келтіріп оқудың өзі шеберлікті талап етеді. Қасиетті он екі айдың сұлтаны Рамазан айының құрметіне Денисов аудандық «Жұма» мешітінің жастар ісі секторы «Әдемі әуезді азаншы» атты аймақтық азаншылардың жарысын ұйымдастырды.

Аудандық мешіттің Бас имамы Азамат Мурзаканов: «Азан үні исламның бір кереметі саналады. Негізгі мақсат – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру», – деді. Сондай-ақ, барлық талапкерлерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Сайыста азаншылардың тек әуезді дауысы ғана емес, біліктілігі де сынға түсті. Оған Лисаков, Жітіқара, Қамысты және Денис аудандарынан 15-тен астам азаншы қатысып, шеберліктерін көрсетті. Жарысқа Азамат Серікбайұлы мен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» атындағы мешіттің имамы А.Кабиев әділқазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүректерді тебіренте азан айтқан жастардың арасында І орынды Лисаков қаласының жамағаты Ибрахим Мырзағалиев жеңіп алды. ІІ орынды Денис ауданының жамағаты Мәжит Арман, ІІІ орынды Жітіқара ауданының жамағаты Ербол Сарбеков иеленді. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен тұрмыстық техникалар табыс етілді. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Сонымен қатар, жамағаттар арасында гір көтеру мен дартс атудан сайыс өткізілді. Мұнда гір көтеру бойынша І орынды Қамысты ауданынан Н.Ибраев, ІІ орынды Денисов ауданынан А.Нұрмұхамбетов, ІІІ орынды Жітіқара ауданынан Губайдулин иеленді.

Ал, дартс ату ойынында І және ІІ орындарды Денисов ауданының қос азаматтары Ж.Сұлубеков пен А.Мурзаканов жеңіп алса, ІІІ орын Қамысты ауданының жамағаты Қуатбекке бұйырды.

Әділқазылардың шешімі бойынша топ жарған жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тапсырылды. Жарыс соңында «Жұма» мешітінің Бас имамы Азамат Мурзаканов алдағы уақытта да мұндай тағылымды іс-шаралар жалғасын таба беретіндігін тілге тиек етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Қасиетті Рамазан айы өңірімізде тиісті деңгейде өткізіліп жатыр. Облыстық мешіттегі «Зекет және қайырымдылық» қорының тындырған жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай.

Мысалы, Оразаның екінші он күндігінде облыста 158 іс-шара өткізіліп, 20 010 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы мақсатқа 44 194 402 теңге жұмсалды.

Онда «Рамазан қоржыны», «Ауызашар», «Рамазан тәттісі», «Рамазан себеті», «Қолдан -қолға», «Тегін нан тарату» сияқты аталымдар бойынша акциялар ұйымдастырылып, жұртшылықтың шынайы алғысына ие болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 10 Апрель 2023 14:21

Науырзым: Ұлттық күресіміз ұлықталды

Қасиетті Ораза айында Науырзым аудандық спорт бөлімінің қызметкерлері палуандар арасында «Науырзым қыраны 2023» атты қазақ күресінен жарыс ұйымдастырды.

Алдымен Ән ұранымыз орындалып, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әміров пен жергілікті «Түркебай ата» мешітінің Бас имамы Есет Сейітқалиұлы сөз сөйледі. Олар жарысқа қатысушыларды Рамазан айымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Бұл сайыстың жоғары деңгейде өтуіне мешіт ұжымы демеушілік жасады. Ұлттық спортымызды ұлықтауда көзге түскен жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Понедельник, 10 Апрель 2023 14:17

Арқалық: Қылмыстың түбі -ауыр жаза

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы және Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Кәрімжанқызы «Қылмыстың арты – жаза» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оған қалалық мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Бұл маңызды басқосу барысында қылмыстың соңы ауыр жаза екендігі және одан мүлдем аулақ болу жөнінде айтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 07 Апрель 2023 15:53

Сарыкөлде Сәбира қажы

Өңірімізде он саусағынан өнер тамған ісмер жандардың ғұмыр кешіп жатқандары мақтан тұтуға әбден тұрарлық. Сөздің орайы келгенде, Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің есепшісі Сәбира қажы туралы айтып өткенді жөн көрдік.

Ол қасиетті Рамазан айында жергілікті «Қабдеш ата» намазханасы асханасындағы орындықтардың жапқыштарын өз қолымен тігіп, көпшілікке үлгі көрсетті.

Оның Ораза кезіндегі ізгі ниеті қабыл болып, шаңырағы шаттыққа тола берсін!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
Пятница, 07 Апрель 2023 15:49

Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі

Костанай облыстык әйел -қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтанудың пайдалары» деп аталатын семинар өтті. Оны гастроэнтеролог, диетолог маманы Карима Абдулғани жүргізді.

Семинарда ағзаға зиянын тигізетін тағамдар және оларды қандай пайдалы тамақ түрлерімен алмастыруға болатындығы жайлы айтылды.

Сонымен қатар қыз-келіншектердің артық салмақтан арылу жолдары тілге тиек етілді. Жиналған әйел жамағаты өздерін мазалап жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости

Марал ишан Құрманұлы Орта жүздің бір баласы Керей руының Тарышы тайпасы, Ақсары атасының Нұрымбет әулетінен тарайды. Бұл елдің ата қонысы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл елді-мекені.

Ишанның әкесі Құрман Кенжебайұлы бес уақыт намазын қалдырмаған, әрі батыр, әрі діндар адам болды. Абылайдың батырларының бірі әрі бірегейі. Жоңғар қонтайшысы Қалден-Цереннің қазақ әйелінен туған екі қызының бірін Абылай, Фатима атты екіншісін Құрман алыпты. Одан Құлжа, Арал, Марал атты ұлдар дүниеге келген. Білетіндердің айтуына қарағанда, Фатима шешей осы күнгі Қызылорда облысының Жосалы маңындағы «Қамыр қорымы» деген жерде жерленген деседі.

Марал ишан 1780 жылы Қостанай облысының солтүстігіндегі Обаған өзенінің кейіннен «Марал шілігі» атанған қоныста дүниеге келіпті. Оның ұрпақтары осы күнге дейін Троебратное селосының жанындағы Нұрымбет деген ауылда, Әулиекөл, Құсмұрын, Жүзбай, Бестау елді мекендерінде өмір сүріп жатыр. Осы күнде жүз жылдан аса тарихы бар Қостанайдағы Ақ мешіт, Бестаудағы ұрпақтары тұрғызған мешіт бабаның есімімен аталады.

Кейбір деректерде әкесінен 9 жасында жетім қалып, 13 жасқа келгенде анасымен Ақ мешіт жағына барған. Ақ мешіт маңайындағы Құланбай ишанның Меңдібике атты қызына үйленген Марал, қазіргі Өзбекстан елінің Жам тауының үңгіріндегі Жалаңаяқ ишанның медресесіне жүз шәкірттің бірі болып білім алады. Осы медресені жеті жыл оқып, білімін тереңдету үшін тағы да үш жылға қалады. Он жыл оқыған Марал ишан аман-есен, біліммен қаруланып еліне оралады. Арқа жазығында ол өзінің тәбиптік кәсібімен халыққа орасан зор қызмет етеді, ауру-сырқауларды емдейді.

Марал бабамыз тек діншіл ғана емес, ол – қоғам қайраткері, азаттық үшін күрескер, ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көсемі. XIX ғасырдың 30-жылдары Марал ишан қазақ халқын «Ғазауат» соғысына жұмылдырды. Алдымен Құсмұрын атырабында басталған бұл қозғалыс Қазақстанның солтүстігінің біраз жерін қамтыды. Марал бабамыз патша үкіметі шенеуніктеріне қайта-қайта адам жіберіп, хат жазып, қазақ жерінде орыс бекіністерінің салынуына қарсылық білдірген. Еш жауап ала алмаған ол әскер жинап, қарулы қарсылық білдіруге дейін барды.

1819 жылдың жазында Керей-Уақ, Атығай-Қарауыл елдерінің басты адамдарының басын қосып, Қақ сорының жағасында құрылтай өткізеді.

Марал бабамыз қолбасшыларға әр уақыт дұға етіп, ақ батасын беріп отырады. Көтеріліске қатысушыларға діни басшылық жасау үшін Марал хан сарайының Кеңес құрамына кіреді.

Кенесары көтеріліс бастап, бодандыққа қарсы шайқасып жатқан кезде Марал ишан Батыс-Сібір мұсылмандарының діни басшысы болады. Бұдан былай даулы мәселелер шариғат үкімі бойынша шешіліп отырды. Қазақ қосынына рухани демеу көрсетіп, кей жағдайда өз бойындағы керемет қасиеттерімен де көмектеседі. Кенесары әскерінің бірсыпыра жеңістерге жетуіне, халық алдында беделінің артуына әулиенің көп үлесі тиеді. (Нұртайұлы С. Ислам және Марал Баба. - 1996. - 92 б.; 31-б.).

Қазақ-орыс арасындағы саяси мәселелерді Марал бабамыз келіссөз арқылы шешуді көздегені мәлім. Осы мақсатпен ол Омбыға Керей болысының ақсақалы Байсал арқылы екі бірдей хат жібереді. Біреуі Орынбор әскери губернаторы Эссенге, екіншісі, Сібір жеке корпусының командирі Капцевичке жолданды. (Энциклопедия «Айқап», Бас редактор Р. Нұрғалиев. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995 ж.). Ол хаттың басталуындағы сөздер Маралдың нағыз дін қайраткеріне тән болмысын айқындай түседі: «Әуелі, Жаратқан Құдай шын, екінші оның пайғамбары Мұхаммед, төрт шәриар, төрт имам, әуелі Адам, екінші Мұхаммед пайғамбар болғалы сол заманнан бермен қарай, мұсылман мұсылман болып, кәпір кәпір болып келгелі біздің арамызда бүліншілік-дұшпандық болған емес, бір Құдайға сыйынып келе жатыр¬мыз. Осылай, тақсыр, жандарал, мұнан бірне¬ше жылдар бұрын Россия мемлекеті¬нің шегінде татулық, тыныштық болушы еді, сол кездегі Россия патшаларының тұсында орыстар рұқсатсыз қазақ жеріне кіруден қорқушы еді. ...Орыстар қазаққа тиісті жерді тартып алып, иеленіп кетті. ... Пайғамбардың жәрдемі бойынша мен Сізден, жақсы жандарал, өтініп сұраймын, маған патша ағзамға баруға рұқсат һәм жол берсеңіз екен» («Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. -368 б).

Марал ишанның бұл тілегін Сібір билеушілері Ресейдің Азиялық департаментіне мәлім еткен. Сонымен 1822 жылы Марал Құрманұлын Санкт-Петербургке шақыру мәселесі шешілген. Бірақ сол жарлық туралы рұқсат хат Маралдың қолына тимеген. Себебі бұл кездері Марал ишан Хиуа хандығының Сыр бойындағы қазақ ауылдарын, Орынбордан, Троицкіден ке¬летін керуендерді талауға бағытталған басқыншылық, тонаушылық әрекеттерін тоқтатқан халық қозғалысының жетекшісі болып қызмет жасап жүрген. Бабаның патша қабылдануына бармаған себебінің де бір хикметі бар, ол: Орынбор генерал губернаторы жүзбасы сұлтан Жантөре Жиһангеровке Маралды тауып алуды тапсырса, ол өз тарапынан сұлтан Жұма Құдаймендиевке Маралды ұстауды бұйырған. Ал орыс әскерінің полковнигі Грамматин Сұлтан Шотайға Маралды ұстауды тапсырған. Осындай жағдайлар орын алғандықтан да Алланың қалауымен қабылдау бұйырмаған сияқты.

Марал ишанның Ислам діні негізіндегі шығыстың ғылыми мұра-ларымен оқып-қарулануы, оның исламдық ағар¬тушылық мақсатын халыққа қыз¬мет етуге арнаған жұмыстарынан бай¬қауға болады. Оның бір қызметі халық арасындағы мүмкіндігі шектеулі жандандарды сауық¬тыруы арқылы жүзеге асырыла бастайды. Қиындық көріп жүрген мүгедектерге көмектесу, ем жасау, олардың тәніне де, жан дүниелеріне де имандылық нұрын себу асыл дініміздің қағидасы.

Марал бабаның ағартушылығы¬ның тағы бір парасы ол – қазақ жұртшылығын отырықшылыққа, диханшылық кәсібіне баулудағы жұмыстарынан да байқалады. Демек, көшпелі тұр¬мыстың жан-жақты дамуын жетілдіру үшін, өркениеттік даму жолын жұртшылыққа үйрете білді. Жалпы мұндай істер халықтың экономикалық және рухани жақтарынан толық жетілуіне ықпал ететіні рас. Халық тарихындағы ос¬ындай ағартушылық бағытты ұстанған қайраткер тұлғаларымыз, соның ішінде имандылық ілімді насихат етушілер халық¬тың тұрмысының да, дүниетанымының да жетілуіне, өсіп-өркендеуіне пайдалы болғандығын айта кеткеніміз дұрыс. Сондықтан Марал бабаның атқарған істері ислам ағартушылығы дәстүрінің қазақ топырағындағы озық көріністері болып табылады.

Тарихшы ұстаз Сәден Нұртайұлының деректеріне назар аударсақ: «Сыр бойына келген соң жергілікті халықты дін жолына насихаттап, сауатын ашып, мәдениетін көтеруге Марал ишан көп еңбек етеді. Сырдарияның бір саласы - «Қараөзектен тарайтын «Сасық өзектің» бойында жағалай бірнеше жерден мешіт салдырады. Сол атырапта Марал салдырған 7 мешіт-медресе бар. Бұлай атау себебіміз, мешітте жұрт намазын оқып, Аллаға құлшылық жасаса, екінші жағынан, жергілікті елдің балалары оқып, діни тәлім алған, сөйтіп, медресенің де қызметін атқарған. Ол мешіттер: «Қара бөгет», «Байбол», «Ишан ауылы» (Маралдың немересі Тобағабыл ауылында), «Қырғы мешіт», «Қолаң төбеде», «Қыш мешіт», немересі «Оспан ишан» мешіті және өзі отырған «Қамыр» төбесіндегі күмбездеп салдырған мешіт. Сол себепті бұл аймақты жұрт «Қырық мешіт» атап кеткен.

Қазақ даласының солтүстігі мен оңтүс¬тігі атыраптарындағы мешіт-медреселердің кең таралуына тікелей ықпал еткен Марал бабаның ауқымды да айтулы істерінен асыл дініміздің жоғары деңгейде дамығандығын байқауға болады.

Бір сөзбен айтқанда, Марал ишан – түркі дүниесі ғұламаларының исламдық ағартушылық дәстүрін Қармақшы және Қостанай өңірлерінде өзіндік бағытымен жалғастырған діни қайраткер. Марал ишанның имандылық, адамгершілік жолындағы дәстүрлі істері, өңірлерде кеңінен таралды. Ізін жалғастырушы ахун-ұстаздар дін ілімін өздері ашқан мешіт-медреселерде оқытты, араб, парсы, түркі-шағатай тілдеріндегі Шығыстың классикалық әдебиет мұраларын насихаттады. Олар сол дәуірдегі - Ресей империясының отаршылдық саясатына өздері жүргізген діни тәлім-тәрбие, оқу істері арқылы кедергі жасаған күрескер ағартушылар десек те артық айтқандық болмас. Мәселен, Қалжан ахун Бөлекбайұлы, Ораз-Мұхаммед ахун Бекетайұлы, Алдашбай ахун Ерназарұлы, Әлібай ахун Қосқұлақұлы және т.б. қазақ даласының барлық атыраптарындағы ахун-ұстаздар халқымыздың дінге деген дүниетанымына сара жол салған ізгі жандар.

Марал баба Құрманұлы сын¬ды қайраткерлер қазақ халқының материалдық және рухани мәдениет салаларындағы өсіп-өркендеуі, кемелденуі, мәңгілік сақталуы үшін шығарма¬шылық және қоғамдық-әлеуметтік қыз¬меттері арқылы үлес қосты.

2023 жылы Марал ишан атын иеленіп отырған Қостанай қалалық мешітіне 130 жыл толмақ. Қаламыздың дәл ортасынан ойып тұрып орын алған тарихи мешітіміз кеңес дәуірінде діни ғимарат ретінде емес, басқа мақсаттарға пайдаланылып келді. Алланың қалауымен мұсылмандарға дін ордасы ретінде қайтадан есік ашқан еді. Аталмыш тарихи мешітіміздің тәуелсіздік алған жылдары мен кейінгі жылдары күрделі жөндеуден өтіп, халыққа пайдалануға берілуіне мұрындық болған барша азаматтарға Алланың нұры жаусын!

Осындай ұлағатты істерімізбен ұлттық рухани құндылықтарымызды ұлықтап, иманды, адамгершілігі мол, отаншыл-өршіл рухы жоғары ұр¬пақты қалыптастыру - қасиетті борышымыз. Бұл өз кезегінде тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіндегі біздің берік ұстанымымыз.

Бектұрсын Уәлиев,
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы.

Опубликовано в Блог имамов
Четверг, 06 Апрель 2023 09:52

40 отбасына қамқорлық

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы, намазхандары және жанашыр кісілердің қолдауымен 40 отбасына «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Сөйтіп, көмекке мұқтаж көп балалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік табыс етіліп, олардың батасын алуға мүмкіндік туды. Қамқорлыққа бөленген жерлестеріміздің жүздеріндегі қуанышты көрудің өзі бақыт емес пе.

Бұл жолы оларға 723 мың 505 теңге, жалпы Ораза басталғалы 3 млн. 131105 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Новости
«70717273747576777879»
Страница 75 из 214

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником