Қазіргі таңдағы орталық әуел баста Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасына «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі болып тіркелді. Шымкет қаласында 1997-ші жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. 2000 жылдан 2012 желтоқсан айына дейін ОҚО «Дар аль-Арқам» атындағы Құран Кәрім оқып үйрену орталығы болып жүздеген қарилар шығарды. Кәзіргі таңда сол шәкірттер Республиканың барлық қалаларында имам, наиб имам, медресе, мектептерде ұстаз және басқада салаларда қызмет атқарып жүр.
«Дар аль-Арқам» Құран Кәрім оқып үйрену орталығы 2010 жыл жаз мезгілінен бастап жаңа ғимаратқа ауысты. Әр жылы жаз айында жазғы сауат ашу курсы, ал жыл бойы мектеп, колледж, университет оқушыларын тәрбиелейді, және қабылеті бар балдарды Қарилыққа дайындайды.
Орталығымыз 2013 жылғы көктемнен бастап ҚМДБ-ның қарамағына «Ықылас Қарилар Дайындау Орталығы» болып тіркелді.
Орталық барлық техникалық базамен яғни: 3 сынып, 4 жатақхана, 100 кісілік асхана, компютер бөлмесі, кітапхана және актовый залмен қамтамасыз етілген.
Қарилар орталығына түскісі келетін үміткерлерге қойылар талаптар:
1. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мінездеме түрінде)
2. Директор атына жазылған өтініш
3. Жеке куәлігі (көшірмесі)
4. Жалпы білім туралы атестат (түп нұсқасы) немесе Диплом (түп нұсқасы)
5. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс)
6. № 086 у. Мед. Анықтама (прививочная карта)
7. Псих деспансерден анықтама (түп нұсқасы)
8. Наркологиялық диспансерден анықтама (түп нұсқасы)
9. Сотталмағандығы туралы анықтама ЦПС (түп нұсқасы)
10. Әскеру шақыру учаскесінен тіркеу туралы куәлік
11. Фото 3х4 (6 дана)
12. Тұрғылықты жерден анықтама
13. Скорошиватель
14. Конверт
15. Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда қазақ даласында Исламның қайта бүр жарып, дамуға бағыт түзегенін сүйіншілеген алғашқы медреселердің бірі. Ол Іле Алатауының әсем баурайында, Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты табиғатының сұлулығына талайлар сұқтана қараған әйгілі Үшқоңыр жерінде, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен және тікелей бастамасымен салынған «Қарасай батыр» атындағы төрт мұнарасы алыстан менмұндалаған сәулетті мешіттің 3 га. 29 сотық жерді алып жатқан кең аумағында орналасқан.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі №164 орналасқан ҚМДБ-на қарасты 2008 жылдан бастап «ШАМАЛҒАН» медресесі діни бірлестігі болып ашылып, 2012 жылдың 27 желтоқсанында «Үшқоңыр медресесі» жеке мекемесі болып өзгертіліп қайта тіркелген қазіргі таңда ер балалар және қыздар бөлімі болып жұмыс істеуде. Ер балалар бөлімі жоғарыда көрсетілген мекен-жайында, ал қыздар бөлімі 2013 жылдың маусымынан бастап Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Жұрынов көшесі №68 бойынша өз жұмыс бастап кетті.
2009-2013 жылдары аралығында тамыз айының аяғына таман Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен қабылдау емтиханы өткізіліп, шамамен 30-35 шәкірт медресе қабырғасына қабылданады.
ҚМДБ-сы мен Монғолия Діни Істерінің арасындағы келісім шартқа байланысты Монголия республикасынан 8 қандас бауырларымыз білім алып, білімдерін шыңдау үшін елдеріне оралды.
Қазіргі таңда I курста 34 ер, 20 қыз студент, II курста 21 студент және III курста 21 студент, барлығы 96 студент білімдерін жалғастыруда.
Медреседе Түркия елінен 1 ұстаз, Мысыр елінен 2 ұстаз және Қазақстандағы жоғары санатты, білімді исламтану мамандығы бойынша 6 ұстаз, ізгілендіру пәні мен қоғамдық пәндерден 9 ұстаз, жалпы саны 18 ұстаз сабақ жүргізуде. Сонымен қатар тәжірбиелі әрі білікті 4 тәрбиеші қызмет көрсетеді.
ҚМДБ-сы мен «Қазақстан 2030» қазақ-түрік жастарды қолдау қоғамдық қоры және «Құл Қожа Ахмет Иасауи білім және парасат қоры» арасында келісім жасасуы арқылы бірге келісе отырып, медресенің оқу процесі, тәлім-тәрбиелік жұмыстары және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз етуді қолға алған.
Шәкірттерімізге барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай оқу бөлімі, кітапхана, компьютер бөлмесі, жатақхана, асхана, және жазғы спорт алаңы бар. Жатақханада 90 студентке барлық әбзелдер қамтылған. Дәретхана, ғұсыл құйынатын душ және киім жуатын арнайы орындар бар. Жастардың киім-кешегін қоятын арнайы бөлмеде шкафтар бар. Ауырып қалған жағдайда жататын бөлек бөлме және оларға қарайтын тәжірибелі фельдшер бар. Сонымен қоса үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Медресенің барлық оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстар жайлы мәлімет компютерлік-ақпарат жүйесіне енгізілген.
Оқу жүйесі бойынша барлық мәлімет, үлестірмелі материалдардың түпнұсқалары және шәкірттердің білімі мен оқу үлгерімін бақылау қорытындылары медресенің тәрбие ісі бөлімінің меңгерушісі мен әрбір топтың сынып жетекшілерінің жеке компьютерлерінде тіркелген.
Медресесінің оқу жұмыс жоспарының жобасы жалпыға орта білім беру стандартының негізінде жасалынған. Медресе шәкірттері оқу орнын «Исламтану» мамандығы шифры 0112000 бойынша бітіріп шығады. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Оқу түрі күндізгі. Сабақ кестелері оқу жоспарына сәйкес өз дәрежесінде жасалынған, оқу процесі бір кезеңмен жүреді.
«Үшқоңыр медресесі» жеке мекемесін бітіргендердің саны:
2013 жылы 17 шәкірт. Оның ішінде 7-і қызыл, 10-ы көк диплом берілді.
2014 жылы бітірушітүлектердің саны 21. Оның ішінде 4-і қызылға, 17-і көкке ұсынылып отыр.
2015-2016 оқу жылдарына Алматы облысы , Қарасай ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 10-20 аралығында емтихан болады.
Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.
Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.
Оқу түрі - күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Мемлекеттік лицензиясы: № KZ56LAA00004625
Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана,заманауи үлгідегі футбол алаңы, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.
Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян ;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама ;
Мекен жайымыз: Алматы облысы , Қарасай ауданы,Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы 164.
Облыстық Қарасай батыр мешітінің жаны.
Байланыс тел: 8 (72771)5 60 12 ; +7 701 603 11 28 ; + 7 775 237 81 17, +7 747 509 8193
«Әбу Ханифа» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды
«Әбу Ханифа медресесі» орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын діни оқу орны.
Ол ҚР Әділет министрлігінің №114536-1910-М-е нөмірімен тіркеліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен №0142685 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын алған. Медресенің оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
Оқу түрі күндізгі. Медресе қабырғасында еліміздің түрлі аймақтарынан келген 60 шәкірт білім алуда. Оның ішінде 29-ы І - курста, 18-і ІІ - курста және 13-і ІІІ - курста білім алуда. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарға қатысып, өзіндік жұмыстармен айналысады.
Оқу жылының соңында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.Аталмыш оқу орнында діни біліммен қатар қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген пәндерден де білім беріледі. Медресенің оқу ғимараты мен жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқу ордасына қажетті барлық жиһаз, соңғы техникалық құралдармен, компьютерлік сыныптарымен қамтамасыз етілген, кітап қоры бай кітапханасы да бар.
Болашақта медреседе маман дайындау деңгейіне, білім бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына, білім беру үрдісіндегі кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етудегі талаптар күшейе бермек. Өйткені, алдағы уақытта үлгерімі жоғары түлектерге өз білімдерін Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінде тегін жалғастыруына мүмкіндік берілген.
2015-2016 оқу жылдарына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 10-20 аралығында емтихан болады.
Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.
Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.
Оқу түрі күндізгі, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мемлекеттік лицензиясы: №14005315.
Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.
Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян ;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама ;
Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көш-і, 12.
Байланыс тел: 8 (727) 397 63 03; +7 702 305 04 35; + 7 701 644 48 49