Түркебай мешіті
«Түркебай» мешіті Науырзым ауданының Қараменді кентінде. Оны 1994 жылы сол кезде аудан әкімі болған М.К. Жетпісбаев салдырған. Мешіттің ұзындығы 25, ені 15, биіктігі 17 метр.Қос мұнаралы. Мұнарасының ұзындығы 25, күмбезінің биіктігі 20 метр Мешіт екі қабатты, 300 намазханға арналған. Түркебай мешіті ашылғаннан бері аудан халқының имандылығы мен ынтымағын арттыру жолында игі қызмет етіп келеді.